Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдебиет көшбасшысы

01 сәуір 2013, Дүйсенбі
Сабақтың мақсаты: білімділік: бесінші сыныпта әдебиетінен өтілген материалдарды меңгергенін тексере отырып, білімділік дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелік: ана тілін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу;
Дамутышылық: оқулық және қосымша материалдар деректерін тиімді пайдаланып, ғылыми танымдық әрекеттерін жетілдіру.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын.
Сабақтың жабдықталуы: «Әдебиет көшбасшысы», шарлар, тоғыз жұмбақ, слайд

Сабақтың барысы.
1. Сыныптан әдебиетке бейім алты оқушы іріктеліп алынады.
2. Ол оқушылар таныстырылады.
Оқушыларға сабақ шарты таныстырылады.

1 - тур «Бәйге»
Бұл турда 12 сұрақ беріледі. Мен сұрақты оқимын, білетіндерің қол көтеріп белгі бересіңдер.
1. Әдебиет қай тілден енген сөз, қандай мағына береді? ( Араб тілі, асыл сөз )
2. Үш биді атаңыз? ( Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би )
3. « Бес арыс» деп кімдерді атаймыз? ( Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов)
4. Өлең түрінде жазылған шығарма қалай аталады? (поэзия )
5. « Үш бәйтеректі» атаңыз? ( Ілияс, Бейімбет, Сәкен )
6. « Ғылым таппай мақтанба» Кімнің өлеңі ( Абай Құнанбайұлы)
7. «Қыс» өлеңі кімдікі, қандай мәнде жазылған? (Абай Құнанбайұлы кейіптеу әдісін қолданып жазылған)
8. Қара сөзбен жазылған шығарма қалай аталады? ( Проза )
9. «Қызғыш құс» өлеңінің екі шумағын жатқа айт.

Қызғыш құс ( Махамбет Өтемісұлы)
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Қанатың қатты, мойның бос,
Исатайдан айрылып,
Жалғыздықпен болдым дос
Көл қорыған сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
Ел қорыған мен едім,
Мен де айрылдым елімнен.

10. Абайдың қанша қара сөзі бар? (45)
11. Адам атаның шын есімі кім? ( Сапиолла )
12. Қазақ жерінде ең алғаш рет мектеп ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)

2 - тур «Тіл – өнер»
Бұл турда мақал - мәтелдер беріледі. Мақалдың ішінен бір сөз жасырынады, сол сөзді оқып, шет тілінде және орыс тілінде аудармасын тауып айту керек.
1. Бірлікті ел бұзылмас. Ел – страна (орысша), ағылшынша – кантри (contry)
2. Татулық – табылмас бақыт. Бақыт – счастье (орысша), ағылшынша – һәпи (happi)
3. Білімдіден шыққан сөз. Сөз – слова (орысша), ағылшынша – уод (word)
4. Тіліңмен жүгірме біліммен жүгір. Білім – знание (орысша), ағылшынша - кнолидж (knoledge.)
5. Хан қарақшы, халық сарапшы. Халық – народ (орысша), ағылышынша – пипл (реореl).
6. Тас жармаса бас жарады. Тас – камень (орысша), ағылшынша – стоун (stone).
7. Ашу дұшпан ақыл дос. Ақыл – ума (орысша), ағылшыншы – клевенс (cleverness)
8. Қыз өссе елдің көркі. Қыз – девочка (орысша), ағылшынша – гёол (girl)
9. Адал еңбек аздырмас, арамдық бойды жаздырмас. Еңбек – труд (орысша), ағылшынша – уорк (work).
3 – тур. 9 жұмбақ

1. Сол жақтағы 30
Тұрмыс - салт жырларына қандай жырлар жатады? (Бесік жыры, Тұсау кесер, Жар - жар, т. б)

2. Ортадағы 30
Қой сүйеді баласын «қоңырым»деп,
Ештеңені білмеген момыным деп…………….

Өлеңді ары қарай жалғастыр
(Сиыр сүйеді баласын торпағым деп,
Қараңғыға баспаған қорқағым деп).

2. Оң жақтағы 30
Ертегілер қаншаға бөлінеді? (үшке бөлінеді: шыншыл ертегі, қиял – ғажайыптар ертегісі, хайуанаттар жайлы ертегі)

2. Сол жақтағы 40
«Ер Төстік ертегісі» қандай ертегіге жатады? (қиял - ғажайып)

2. Ортадағы 40
Көзің жасты, көкірегің қайғылы неткен жансың?.. Олай болса, жылама, мен әке шешеңді іздеп, тауып берейін.(« Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Кендебай бейнесі)

2. Оң жақтағы 40
«Қобыланды батыр жырындағы» Қобыландының сүйген жары мен мінген тұлпарының аты қалай аталады? (Сүйген жары – Құртқа, тұлпары – Тайбурыл)

2. Сол жақтағы 50
Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт.

Ғылым таппай мақтанба. (Абай) Тілеуің өмірің алдыңда
Ғылым таппай мақтанба, Оған қайғы жесеңіз.
Орын таппай баптанба, Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Құмарланып шаттанба, Еріншек, бекер мал шашпақ -
Ойнап босқа күлуге. Бес дұшпаның білсеңіз.
Бес нәрсеге қашық бол, Талап, еңбек, терең ой,
Бес нәрсеге асық бол. Қанағат, рақым ойлап қой -
Адам болам десеңіз. Бес асыл іс, көнсеңіз.

Оң жақтағы 50
«Толағай» әдеби ертегісінің авторы кім? (Ә. Тәжібаев)

2. Ортадағы 50
Ақтабан аты астында,
Дулығасы басында,
Зығырданы қайнайды.
Астында мінген Ақтабан
Ақ бөкендей ойнайды. ( Махамбет. « Соғыс» )

Ұпайы төмен 4 оқушы ойыннан шығады, қалған 2 оқушы ойынды жалғастырады.

4 - тур. «Тапқырлық»
Туған жер, өзен – көл,
Қымбатсың сен, сүйем сені – берілген сөз тіркестерін қатыстырып екі шумақ өлең құрастыру. (ұпай беріледі)

5 - тур. «Жорға»
Екі нұсқада қалған екі оқушыға сұрақтар беріледі. (ең алдымен ұпайы жоғары оқушы таңдайды)

І нұсқа
1. «Көксерек» повесінің авторы кім? (М. Әуезов)
2. Қорқақ неден қорқады? (көлеңкесінен)
3. Қар жанады ма? (Қалауын тапса қар жанар)
4. Абайдың табиғат лирикасына байланысты жазған өлеңдерін ата? (күз, қыс, жаздыгүні т. б.)
5. Отқа түсіп күймеуге болады ма? ( Отан үшін отқа түс, күймейсің )
6. Қандай кілт аспанда болады? ( Кісідегінің кілті)
7. Шыңғыс ауылы күзекке келгенде, сары бала сондай қуанды. Ала жаздай зарыға жалғыз ойнағандағы ойынан кетпейтіндей бір досы бар. Ол - төре баласы Шоқан.
( Сапарғали Бегалин « Бала Шоқан»)
8. « Қыс» өлеңінің І шумағын жатқа айт?
« Қыс» Абай
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті - басы - ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
9.« Өзен» өлеңінің авторы? (Ы. Алтынсарин )
10. 22 қыркүйек қандай күн ретінде аталып өтіледі? (Мемлекеттік тіл дәрежесін алған күні)

ІІ нұсқа
1. « Ақсақ киік» шығармасының авторы? (С. Сейфуллин)
2. Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде қалай аталады? (табу)
3. Тонның ішкі бауындай тұрақты тіркесінің мағынасы? ( тату)
4. « Ақын қонақтар» шығармасы кімдікі? ( М. Әуезов )
5. Оқу - білім азығы мақалын жалғастыр? ( Білім – ырыс қазығы )
6. «Шәкірт ойы» өлеңінің авторы? (С. Торайғыров)
7. Үш арсыз? ( күлкі, ұйқы, тамақ )
8. «Сыр сандық» өлеңінің авторы кім? (С. Сейфулин)
9. Абайдың «Күз» өлеңінің бір шумағын жатқа айт?
Күз (Абай)
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
10. 30 тамыз қандай күн ретінде аталып өтіледі? (ҚР – ның Конституциясы күні)

Ұпайы көп оқушы «Әдебиет көшбасшысы» атанады.
6 983
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдебиет көшбасшысы зияткерлік сайысы
Әдебиет көшбасшысы зияткерлік сайысы
Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыру, әдебиет пәніне қызығу - шылығын арттыру Ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу.
Тіл сайысы
Тіл сайысы
Қазақ тілі пәнінен өтілген материалдарды меңгеруін, білім деңгейін тексеру. Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыру
11 сынып әдебиет пәнінен емтихан билеттері
11 сынып әдебиет пәнінен емтихан билеттері
БҚО, Тасқала ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Султангереева Гулайым Орынгалиевна
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күзекбаев Жеңісбек Дүзелбайұлы
Әдебиет көшбасшысы
Әдебиет көшбасшысы
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж» қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Искакова Асем Айдарбекқызы
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×