Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын есім

04 сәуір 2013, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: сын есім туралы түсінік беру, мағыналық белгілерін ажырата білуге үйрету
ә) тәрбиелік: балаларды адалдыққа, әдепті, ұқыпты болуға, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу
б) дамытушылық: оқушылардың ақыл – ойын байқағыштық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөздік қоры мен ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты игеру
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап әдісі
Көрнекілігі: суреттер, үнтаспа, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: музыка, әдебиет

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа назарларын аудару
Қызығушылығын арттыру
Ал, балалар, біз өткен сабақта нені өттік?

Сөз таптары. Зат есім.
Қане, есімізге түсіріп көрейік, сөз таптары дегеніміз не?
Сөздердің білдіретін мағынасына, түрлену тұлғасына, қойылатын сұрағына, сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топталуын сөз таптары дейміз.
Сөз таптары нешеге бөлінеді?
Қане топтастырып көрейік.
- Қане балалар, енді назарымызды мына зат есімдерге аударып көрейік
Енді осы зат есімдердің алдына сын есімдерді тіркеп сөз тіркесін жасап көрейік.
Қандай сөз тіркесі шықты?
Ақ көбелек.
Бұл жерде ақ сөзі көбелектің несін білдіріп тұр?
түрін, түсін.
Олай болатын болса, сын есімнің бір мағыналық белгісі:
1. Заттың түрін, түсін білдіреді
2. Үлкен үй. Көлемдік, аймақтық, салмақтық белгісін білдіреді.
3. Алғыр бала. Сапалық белгісін, сипатын білдіреді.
4. Тәтті алма. Дәмін, иісін, басқа сипаттарын білдіреді.
5. Таулы жер. Затқа қимыл іс - әрекетке, мезгіл мекенге қатысты сынын білдіреді.
Осы сын есімдердің бәріне қандай сұрақ қоямыз?
Қандай? Қай?
Олай болатын болса қане, сын есімге анықтама беріп көрейікші. (анықтама беріледі)
Енді кітабымызда берілген жаттығуларға назар аударайық.
127 - жаттығу. Шартын оқушыға оқытамын. 5 топқа бөлініп беріледі.
128 - жаттығу. Орындату Сын есімдерді зат есімдермен тіркестермен орындайды.
129 - жаттығу орындалады. 5 - топқа бөлініп беріледі
Өлеңді әрі қарай жалғастырады. (әдебиетпен байланыстырылады)
Үн таспадан ән тыңдатамын. Тыңдаған әндерінің ішінен сын есімді тауып, мағыналық белгілерін ажыратады. Тыңдаған әндерің кімнің, қандай өлеңі.? Сендер бұл әнмен таныссыңдар.

Сурет бойынша мәтін құрайды.
131 - жаттығу Сын есімдерді тіркескен сөзімен теріп жазады.

Қ. Мырзалиев туралы түсінік беріледі. Әжелері туралы сұралады.
Қорытынды.
Бағдаршам
Кеше - зат есім
Бүгін – сын есім
Ертең – сын есімнің жасалуы
Бағалау. Үйге тапсырма. 130 - жаттығу Шарты түсіндіріледі.
3 547
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер
Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Семгалиевна Баршагул
Сөз таптары
Сөз таптары
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі. Бастауыш сынып мұғалімі Базарова Ақмарал Қайыржанқызы
Сөз таптары
Сөз таптары
Алимжанова Баян Қартабайқызы Қарағанды облыстық мамандандырылған дарында балаларға арналған музыка мектеп - интернаты
Сан есім
Сан есім
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×