Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мағжан - жаны сыршыл ақын

18 сәуір 2013, Бейсенбі
Мағжан Жұмабаев лирикасы туралы (презентациясымен)
Сабақтың тақырыбы: “Мағжан - жаны нәзік, сыршыл ақын”
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: М. Жұмабаевтың өмір жолы мен жазушылық қызметінен мағлұмат беру.
ә) дамытушылық: Шәкірттерді өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой - өрісін, рухани жан дүниесін байытып, сөйлеу машықтарын жетілдіру.
б) тәрбиелік: Елжандылыққа, адамгершілікке, тілімізді құрметтеуге, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: шығармашылық, зерттеу.
Сабақтың түрі: ғылыми - конференция.
Пән аралық байланыс: тарих, география, орыс әдебиеті, театр, өнер.
Сабақтың көрнекілігі: портрет, ақын жайлы ұлылардың сөздері, кітаптар, газет - журналдар, слайдтар.

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
- Біздің ғылыми - конференция сабағына Мағжан ақынның көзін көрген замандастары, қаламдас достары келіп отыр. Конференцияға келген қонақтармен (11 - сынып оқушыларымен) таныстырады.
Олар:
М. Жұмабаев бейнесіндегі оқушы.
Жүргізуші.
Әдебиетші, ғалым – М. Әуезов бейнесіндегі оқушы.
М. Горький – орыстың классик жазушысы.
С. Қожанов – қоғам қайраткері.
М. Жұмабаевтың зайыбы – Зылиха Жұмабаева.
Башқұртстанның халық ақыны – Сәйфи Құдаш.

Ж. Шанин атындағы театрдан келген халық әртісі.
Алдын ала оқушыларға М. Жұмабаевтың өмір жолы мен шығармашылық қызметі, оның замандастары мен қаламдас достары жайлы деректерді жинау секілді тапсырмалар беріледі.
М. Жұмабаев кім, ол қандай ақын?
М. Жұмабаевтың өмірі мен балалық, жастық шағы.

Шығармашылығының басталуы.
Ақындық жолы.
Қоғамдық қызметі.
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
Надан адам өлім жоғын білмейді.
Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би,
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылдың 25 маусымында бұрынғы Ақмола губерниясы Ақмола уезіндегі Полуден болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Мағжан атындағы ауылда) белгілі, текті, ауқатты отбасында дүниеге келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен сауат ашып, хат таниды, ал 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түседі. Бұл медреседе араб, парсы, түрік тілдерін еркін игеріп, медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді.
Бұдан кейін Уфадағы «Ғалия» медресесінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды.
* “Алаш”партиясын құруға қатысады. * “Бостандық туы” газетінде редактор қызметін атқарады.
* 1922 жылы Ташкентке келеді
* “Шолпан”, “Сана” журналдарында, “Ақ жол” газетінде қызмет етеді, бірнеше шығармалары жарық көреді.
1923 - 27 жылдары Мағжан Мәскеудегі жоғары әдебиет – көркемөнер институтында оқиды. Осы жылдары ол орыс, батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп оқиды
1929 жылы «Алқа» деген жасырын ұйым құрды деген айыптаумен 10 жылға сотталды.
1936 жылы орыс жазушысы М. Горький және Е. Пешкованың араласуымен аз ғана уақытқа бостандық алады, бірақ 1937 жылы қайта қамауға алынып, 1938 жылы ақын ғұмыры мәңгілікке үзіледі.
Көптеген өлеңдер, аудармалар, әңгімелері, поэмалары
“Мен жастарға сенемін”, “Мен кім?”, “Анама”, “Қазақ тілі”,
“Түркістан” т. б. Өлеңдері
“Ертегі”, “Қорқыт”, “Батыр Баян”, “Қойлыбайдың қобызы”
Мағжанды сүйемін, оның еуропалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін.
Қазақ жайлауы жарасқан арқа қызын көріп сезгендей боламын. Мағжан – культурасы зор ақын.
Абай – ақылдың ақыны, ал Мағжан – ақынның ақыны, сондықтан біз Мағжаннан үйренуіміз керек.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов, ұлы жазушы Мағжан сынды халқының біртуар азаматына қиналғанда сүйеніш бола білген адал жары – Зылиха Жұмабаева болатын.
Мағжан жайлы ағылшын ақыны Агата Кристи ханымды тыңдайық. (Аудармашы арқылы).
- Мен шығыс поэзиясын жоғары бағалаймын. Өйткені шығыс поэзиясы халқы сияқты мол тынысты, кең құлашты, сөздері саф аятындай.
Абай өлеңдерін оқи отырып, өзіме көп нәрсені қабыл алдым, ал Мағжан поэзиясынан оның халқы, туған жері туралы көп нәрселер білдім.

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырындай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін.
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін.
Мен сенемін жастарға,
Алаш атын аспанға.
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
Мағжан Жұмабаев “Мен жастарға сенемін”

Жүргізуші: Ақын келешек жастарға көп үміт артқанын байқап отырғанымыздай, Мағжан поэзиясын сүйіп, оның мұрасын бағалай білу – біздің басты парызымыз.
Бүгінгі конференция сабағынан үйренгеніміз көп, дегенмен үйренеріміз әлі алда.

Ақыным, сен өлмейсің бұл жалғанда,
Ақыным, сен өлмейсің, біз тұрғанда.
Көркейіп туған жерің құлпырғанда,
Туған елің бостандығын құрғанда!
Ақынды өлді деуге болама екен,
Артында оны сүйген елі бар да,
Артында өзі сенген жастар өскен,
Артында өлмейтұғын сөз қалғанда.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 611
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мағжан Жұмабаев «Мен кім?», «Қазақ елі»
Мағжан Жұмабаев «Мен кім?», «Қазақ елі»
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №163 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ысмайылова Алтынсара Әбушахманқызы
Мағжан Жұмабаев "Сүйемін" өлеңі
Мағжан Жұмабаев "Сүйемін" өлеңі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"ММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аққұлова Күнжамал
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ажмеденова Гаухар Тасқалиқызы
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев
Ақтөбе қаласы, №31 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Атырау облысы, Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагулова Гүлжан Жәрдемқызы
Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі
Ақтөбе қаласы, № 5 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еспембетова Айнаш Жолшыраковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×