Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ел болашағы - білімді ұрпағында әдеби кеш

23 сәуір 2013, Сейсенбі
«Ел болашағы - білімді ұрпағында» әдеби кеш
Тәрбиелік мақсаты; Оқушыларды еліміздің өткені, қазіргісі, болашағы жайлы ойландырып, саналы, өнерлі адам болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты. Ана тілінде еркін таза, әдеби тілде көркем сөйлеу, жылдам ойын қорытып жауап беруге ойлау өрістерін дамыту.
Идеясы. Жақсы көру, сүю, өнерлі болу
Көрнекіліктері: интерактивті тақта. Слайдтар.
І тур
1. «Таныстыру.» Әр сайыскер өзін таныстырып, алдына қойған мақсатын айтып өтеді.
2. «Бәйге.» Қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек.
3.»Көкпар.» Бір заттың атауы берілген карточканы суырады. Сол заттың пайдасы мен зияны туралы айту.
4. « Егер де мен...» (жағдаят беріледі, соған жауап беру керек)( Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады)
ІІ - тур
5.. «Кім көп ән біледі?»
Шарты: Бір әннің екі жолын әнмен айтамын, екі жолын сайыскер жалғастыру керек. Айта алмаса келесі оқушы немесе көрермендер жалғастыруға болады.
6. «Кім тапқыр?»Карточка бойынша пән атауын таңдау. Соған байланысты термин сөздер табу.
(Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.)
ІІІ - тур
7. «Кім жылдам?»
Берілген ұзақ сөздердегі әріптерді пайдаланып жаңа сөздер құрау.

8. «Шешендік сайыс. « Шешендік сөздердің жауабын табу
Мұғалім сөзі;
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын
«Ел болашағы - білімді ұрпағында» атты сайысымызды
бастаймыз.
Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазасызданбайды.
Әр уақытта да батыл
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңа, жарыстың бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ,
Азаматын өзара күрестірген.

Мұғалім
Сәлемдесу - игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда,
Жолданады сайыскерлер сәлемі
Қатысушылар рет - ретімен өздерін таныстырып өтеді

2. Бәйге сұрақтары.
- Әдебиет пәнін не үшін оқимыз?
- Биылғы жылы әдебиеттен оқыған шығармаларыңды ата,
- Қазақ тілі пәнін не үшін оқимыз?
- Әйгілі қазақ қыздарын ата.
- Бес арысты білесің бе?
- Ұлтымыздың ұлыларын ата.
- Бес асыл іс.
- Қазақтың ұлттық аспаптарын ата.
- Тіл туралы мақал - мәтелдер, қанатты сөздер, нақыл сөздер.
- Бес дұшпан
- Тіл атасы кім?

3. «К ө к п а р»
Бір заттың зияны мен пайдасы туралы айту.
- тіл. – компьютер - автомобиль
- гүл - теледидар - көп оқу

4. «Егер де мен..». (жағдаяттан шығу)
1. Досымның көңілін қалдырсам....
2. Жаман баға алып қалсам....
3. Анамның жақсы көретін затын сындырсам...
4. Сабаққа даярлықсыз келсем...
5. Әкенің сағын сындырсам...
6. Мұғалімге ауыр сөз айтсам
(ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.)

5. «Кім көп ән біледі?»
1) Көзімнің қарасы
Көңілімнің санасы.(жалғасы)
Бітпейді іштегі,
Ғашықтың жарасы.
2) Жаз гүліндей назың қайда,
Неге жаным мұңайдың...(жалғасы)

Мен сүйетін әнің қайда,
Жадырашы шырайлым.

3) Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған..(жалғасы)

Даланың әр гүлін.
Жинадым мен саған.

4) Тұлғаңды арманыңа ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын

Есімде әліппені жаттатқызып
Ең алғаш қолға қалам ұстатқан кім?

6. Кім тапқыр?
Таратпалардағы пән атауын таңдаймыз. Термин сөздерді айтамыз.
Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Физика, География
(Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.)

ІІІ тур
7. «Кім жылдам?»
Берілген ұзақ сөздердегі әріптерді пайдаланып жаңа сөздер құрау.
Адамгершілік
Жасөспірімдер
8. Шешендік сайыс.
Берілген шешендік сөздердің нақты жауабын табу.
Бөлтірік шешеннің сөздері.
Бөлтірік қартайған шағында ақыл сұрай келген жас жігіт:
- Ақ ата, бақ кімге қонады? Бала ыстық па? Байлық ыстық па?- дейді.
Сонда Бөлтірік: не деп жауап береді?

Жауабы:
- Қарағым, байлық – қолға ұстаған мұзың емес пе, бақ – ол да бір ұшқан құсың емес пе, бала – артта қалған ізің емес пе?!
Бәрінен де жолдас - жораңмен, ағайын - туысыңмен, ел - жұртыңмен сіз - біз деп өмір сүргенге не жетсін.
Осыларға жүрегің жылы болса, қайғың - күл, қуанышың - от!- дейді.
Он жұмбақтың шешуі.
Төле би тоқсан жасқа келгенінде Қаз дауысты Қазыбек сәлем бере барыпты. Елдің жақсылары, шешендер, ойшылдары жиналып, әңгіме дүкен құрып отырғанда
- Қаз дауысты Қазыбегім келді. Бәрің түгел жиналдыңдар. Сендерге айтар он түрлі жұмбағым бар, соны шешіңдер,- дейді Төле би.
- Айтыңыз, айтыңыз?
- Айтсам он түрлі жұмбағым мынау: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он.
- Бұл не деген жұмбақ! Осындай да жұмбақ бола ма?
- Төке, бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз?- дейді Қаз дауысты Қазыбек.
- Рұқсат, Рұқсат.

Жауабы.
- Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман.
- Екі дегеніміз - егесіп өткен ер жаман.
- Үш дегеніміз – үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.
- Төрт дегеніміз – төсектен безінген жас жаман.
- Бес дегеніміз – белсеніп шапқан жау жаман
- Алты дегеніміз - асқынып кеткен дерт жаман
- Жеті дегеніміз - жас келіншек жесір қалса, сол жаман.
- Сегіз дегеніміз - серпілмеген қайғы жаман.
Тоғыз дегеніміз - торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе, сол жаман.
Он дегеніміз – оңалмас кәрілікке дауа болмас деген,- дейді Қаз дауысты Қазыбек
Рақмет, дәл тауып шештің. Ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым,- деп Төле би Қазыбекке разы болыпты.

Осыменен сайысымыз аяқталды.
Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да
Оған да үкі тұмар тағылса да,- дегендей сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік!
С а у б о л ы ң ы з д а р!
6 191
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жырлайды жан жүрегім жақсылықты
Жырлайды жан жүрегім жақсылықты
ОҚО, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, М.Ломоносов атындағы мектеп - гимназиясы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жорабекова Сабира
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №17 жалпы орта білім беретін мектептің тарих - география пәні мұғалімі Кылышпекова Карлыгаш Толеубековна
Бақытты сәт (интеллектуалдық ойын)
Бақытты сәт (интеллектуалдық ойын)
Балқаш қаласы, М. Горький атындағы №1 орта мектеп Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Сейткалиева Нұрзия Несипбекқызы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Алғыр химик
Алғыр химик
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы №6 жалпы білім беретін орта мектептің химия пәні мұғалімі Сагидуллаева Зухра Балтабаевна
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалім Айназарова Гүлзира Данағұлқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×