Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл – ұлт қазынасы (сайыс сабақ)

10 маусым 2013, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: “Тіл – ұлт қазынасы”

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың тіл жайында білімдерін тереңдету
2. Сөздің қорын, ой - өрісін дамыту
3. Тілді қадірлей білуге, патриоттық сезімге баулу
Сабақтың түрі: сайыс
Сабақтың көрнекілігі: слайд, интерактивтік тақта
Сабақтың әдісі: іздендіру, сұрақ - жауап

Сабақтың эпиграфы:
“Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!”


Сабақтың барысы:
1 - бөлім “Бәйге”
2 - бөлім “Көкпар”
3 - бөлім “Зеректік”
4 - бөлім “Шапшаңдық”
5 - бөлім “Тапқырлық”
6 - бөлім “Шешендік”

1 - бөлім “Бәйге”
Сонымен, бірінші сайыста әр түрлі сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан қойылады. Әр кезеңнен соң әділқазылар алқасы ұпай санымен таныстырып отырады. Сонымен бірге бір - бірлеріңе кедергі жасамауларыңызды сұраймын.
1. ҚР - ның мемлекеттік тілі қай тіл?
2. Орыс тілінде қосымшаның бір түрі жұрнақ деген бар ма?
3. Қазақ тіліндегі әріптердің реті бойынша орналасу жиынтығын не дейміз?
4.”Кел, балалар, оқылық” өлеңінің авторы кім?
5. Қазақ тіліне ғана тән әріптер саны нешеу?

6. Тауық түс көреді ме, мәтелмен жауап бер.
7. Қазақ халық болып қай ғасырда қалыптасты?
8. Тіл туралы Заңға қай жылы соңғы өзгеріс енгізіліп қабылданды?
9. Әзіл аралас сұрақ, шалға қарағанда баланың несі көп?
10. Оттан ыстық не?

11. Адамның төбе шашы тік тұрады ма, қай кезде?
12. Ердің атын не шығарады?
13. Ұрлықтың түбі бар ма, бар болса не?
14. Өтірікші кімді алдайды?
15. Ал, екінші бақытым - тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

16. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?
17. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
18. Жұрнақсыз да жұрнақ бар ма, бар болса қайсысы?
19. Ел рәміздерінің қайсысында қанатты пырақ суреттелген?
20. Ақын А. Құнанбайұлы “Тіл өнері немен тең “деді?

21. Қазақтың бас ақыны
22. Тілімізге енген жаңа сөздерді термин тілінде не дейміз?
23. Жылататын да, жұбататын да не?
24.”Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді” деген нақыл сөздің авторы кім?
25. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі қандай тіл?

2 - бөлім “Көкпар”
Бұл кезеңнің шарты мынадай – алдарыңызда сандар жазылған парақшалар ілулі тұр. Сол сандардың біреуін таңдап аласыздар. Сан жазылған парақшаның артында сұрақтар жазылған, сол сұрақтарға жауап бересіздер. Егер дұрыс жауап берсеңіздер, сол сан сіздерге ұпай болып қосылады. Ең аз ұпай жинаған оқушы бірінші болып таңдайды.

10 ”Мен жастарға сенемін”,”Батыр Баян”шығармаларының авторы кім?
20 Сөздің дұрыс жазылуын қай сөздік қарастырады?
30 Ауызекі сөйлеу тілінен жоғары тұрған, орныққан нормалары бар, баршаға түсінікті көркем тіл?
40 Абай Құнанбайұлының “Ғылым таппай мақтанба” өлеңіндегі 5 асыл істі ата?
50 Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?
60 Сен қай Республикада тұрасың?

3 - бөлім “Зеректік”
Бұл кезеңнің шартымен таныс болыңыздар. Қазір мақал - мәтел, тұрақты тіркестер оқылады, олардың бір сөзі түсіріліп оқылады. Сол сөзді тауып, оны 3 тілге аударасыңдар. 3 тілде де дұрыс жауап айтсаңыздар 30 ұпай, 2 тілде дұрыс жауап айтса 20 ұпай, тек 1 тілде дұрыс жауап айтылса 10 ұпай қосылады.

1. Ер қанаты -.....
2. Білім.... құдық қазғандай.
3. Доссыз өмір – тұзсыз.....
4. Білімі көпті дау алмайды, досы көпті.... алмайды.
5. Қой аузынан.... алмас.

6. Төбе.... тік тұрды.
7. Ит өлген.....
8. Қас пен.... арасында.
9. Отанды сүю.... басталады.
10. Көп сөз – көмір, аз сөз -.....

11. Тіліңмен жүгірме,.... жүгір.
12. Өнер алды – қызыл.....
13. Сегіз қырлы.... сырлы.
14. Түйедей бойың болғанша,.... ойың болсын.
15. Тіл тас жарады, тас жармаса.... жарады.

4 - бөлім “Шапшаңдық”
Бұл бөлімде сайысқа қатысушыларға бір сөз беріледі, сол сөзден жеке сөздер құрастыру керек. Барлық сөз таптарын қатыстыруға болады.
Берілетін сөз – “Құрметтеулерінің”

5 - бөлім “Тапқырлық”
Шашыраңқы сөздерден сөйлем құру.

XXI, ғасыры, техника, ғасыр.
“Ақпарат”, латын, алынған, термині, тілінен.
Ақпарат, газет, радио, телевизия, журнал, интернет, құралдарына, жатады.
“Қазақтелеком”, байланыс, көрсететін, қызметін, кәсіпорын.
Фототелеграфтық, “факс”, байланыс, деп, аталады.

Тапқырлық деп аталатын бөлімде мұғалім оқушыларға бір тақырып береді. Сол берілген тақырыптың жақсы және жаман жақтарын қатар ойлап жазып айтады. Ұпай саны – 15.
Мұнда оқушының көзқарасы, логикалық ойы есепке алынады.
Тақырып: “Ұялы телефон”.

6 - бөлім “Шешендік”
“Астана қаласы” тақырыбы беріледі, тақырып бойынша сөйлеген оқушы өзінің тіл байлығын, ойын еркін жеткізіп, сөз шеберлігін көрсетеді.

Қорытынды
Сабақты қорытындылап, ұпай саны бойынша нәтижесі шығарылады. Бір оқушы озып шығып, жеңімпаз, “озық ойлы оқушы” болады. Оқушылардың білімі бағаланады.

Назарларыңызға көп рақмет!
44 304
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тіл - ұлт қазынасы
Тіл - ұлт қазынасы
Қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын, ой өрісін дамыту.
Үздік информатик
Үздік информатик
№92 ЖОМ информатика пәні мұғалімі: Р.А.Исмаилов
Дарындылар додасы
Дарындылар додасы
Математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру. Оқушылардың есеп шығаруға ынтасын арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Мен қазақша сөйлеймін
Мен қазақша сөйлеймін
Өскемен қаласы, "№26 орта мектебі" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рахимова Арайлым Сабикановна
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×