Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шылаудан өткенді қайталау

19 тамыз 2013, Дүйсенбі
Сыныбы: 7
Сабақ тақырыбы: Шылаудан өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
1. Шылаудан өткенді еске түсіре отырып, білімдерін пысықтау.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
3. Достыққа, бірлікке, ұлттық салт - дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар (қоржын, асық, т. б. суреттері)
Сабақ түрі: Қайталау сабағы.
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.

Сабақ жүрісі: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау. Жаңа сабақтың ерекшелігін айту, мақсатымен таныстыру.
II. Негізгі бөлім. «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген А. Байтұрсынұлының даналығы бойынша оқушылар пікірін сұрау. Жаңа сабақты ашу.
1.«Зымыран сұрақ».
Шылау деп қандай сөз табын айтамыз?
Шылаулардың басқа сөз табынан айырмашылығы қандай?
Сөйлемде атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді?
Жалғаулық шылау, оның түрлері.
Демеулік шылау туралы не білесіз?
Септеулік шылаулар.

2. «Жұмбақ сөз». Әдебиеттен алынған өлең жолдары қай ақынның өлеңі және қалай аталады?
Арғынмын, атым Әсет арындаған
Арындап ән сала ма дарымаған?
Аспанның аясында ән шалқытқан,
Бұлбұлмын, даусы көкте дамылдаған. (І. Жансүгіров. «Әнші»)
Ол, рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр - ай, қалай бұлдаған сатқандарын
Оқа, түйме, сылдырмақ, теңге алыпты! (С. Торайғыров. «Бір адамға»)

Жуан, тақыр бақайлы, жұмыр тұяқ
Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ.
Жел соғарлы, сіңірлі аяғы тік,
Жауырыны атсіз жалпақ тақтайдай - ақ. (А. Құнанбаев. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»)

3. «Ой жинақта талдаумен». Берілген сөйлемдерге фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдау жасату, тақырыпқа қатысты қосымша сұрап отыру.
1 - асық. Қазақстанда бүгінде жүзден астам ұлттар ынтымақта өмір сүреді.
2 - асық. Құлыншақ. (қай жануар төлі?)
3 - асық. Ұрпағы өз тілінде сөйлеген ұлттың рухы биік.

4. «Дәлелді жауап». Асты сызылған сөздердің дәлме - дәл жауабы.
Ренжідіңіз бе, балуан?
Әбіш айтқан сөзден шошынарын да, қуанарын да білмегендей.
Дүниенің қызығы құс салу екен ғой!- деп бір қойды.
Әбішім, жаңа заман елшісіндей болдың - ау!
Ақан әрі ойланып, бері ойланып сенімді шешімге бел байлады.
Ол ертең көрермендер алдында өнер көрсетпек екен.

5. «Лездеме». Берілген тірек сөздерді қатыстырып сөйлем ойлау, мәтін құру. Шыққаннан кейін, жүр екен - ау, үйге дейін, жүзге жуық, мен үшін, өзгелерден кейін.
6. «Сауалнама сайыс».

7. «Сынық сұрақ, дұрыс жауап». Берілген мысалдардың ішінен шылауды іздеңіз, таба алмасаңыз, неге екендігін түсіндіріңіз.
1. Анаңа ауыр сөз айтпа, атыңа ауыр жүк артпа.
2. Кімсің келген, Әселмісің?
3. Ол ескерткенді жек көреді.
4. Әжем үйге келген қонақтарға ақ ұсынды.
5. Мен, Асылхан, Данияр үшеуіміз - доспыз.

III. Сабақты қорытындылау.
Шылау тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау, қорытындылау. «Біле бер қанша білсең, тағы тіле Жетерсің мақсатыңа біле - біле».
IV. Үйге тапсырма беру.
V. Бағалау.
4 611
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Шылаудың ерекшелігі
Шылаудың ерекшелігі
Шылаудың ерекшелігі. Шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар.
Септеулік шылау
Септеулік шылау
Шылау туралы алған білімдерін толықтыру, септеулік шылаудың өзіндік ерекшелігін таныту.
Шылауларды қайталау. Күнделікті сабақ жоспары
Шылауларды қайталау. Күнделікті сабақ жоспары
Шылау бойынша алған білімдерін практикалық тұрғыда тексеру, кеңейту; Теориялық материалды жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландыру, өз бетінше жұмыс істеуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету
Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш
Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш
Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Новорыбин орта мектебі - бақшасы Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Хажат Алма
Шылауларды қайталау
Шылауларды қайталау
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күзекбаев Жеңісбек Дүзелбайұлы
Шылау
Шылау
Қызылорда қаласы. № 267 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күнтуарова Ақмарал Амангелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×