Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Т. Айбергенов Аруана - бауыр дүние

24 сәуір 2012, Сейсенбі
Т. Айбергенов «Аруана бауыр – дүние»
Сабақтың мақсаты:
1.Өмірден ерте кеткен талантты ақын Т. Айбергеновтың «Аруана бауыр – дүние» өлеңін оқыта отырып, өлеңнің айтар ойын ашу, талдау.
2.Оқушылардың сөз байлығын, сөздік қорын байыту, әдеби шығарма идеясын таныту, өз ойын ауызша да, жазбаша да жеткізе білуге баулу.
3. Оқушылардың туған жерге, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, салыстыру.
Көрнекілігі: Ақын суреті, буклет, кітап көрмесі, ана, туған жер туралы нақыл сөз жазылған плакаттар,

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
1. Амандасу.
2. Кезекшімен сұхбат.
3. Оқушыларды үш топқа бөлу, «Болашақ» тобы, «Дарын» тобы, «Сезім» тобы. Әр топтан топтарының атын неліктен осылай атағандықтарын сұрау.
Т. Айбергенов «Аруана бауыр – дүние»

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
1. Амандасу.
2. Кезекшімен сұхбат.
3. Оқушыларды үш топқа бөлу, «Болашақ» тобы, «Дарын» тобы, «Сезім» тобы. Әр топтан топтарының атын неліктен осылай атағандықтарын сұрау.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау. «Ой қозғау» әдісі
Т. Айбергеновтың шығармашылығына байланысты сұрақ – тапсырмалар беру.
1. Т. Айбергенов кім?
2. Ол қашан, қайда дүниеге келген?.
3. Қандай оқу орынын бітірген?
4. Кітап болып басылып шыққан қандай шығармаларын білесіңдер?
«Жатқа оқу» стратегиясы.
Т. Айбергеновтың «Ана» өлеңін әр топтан бір оқушыдан жатқа оқып жатқан кезде, қалған топ мүшелері плакаттарға маркерлермен «Топтастыру» стратегиясы бойынша жұмыс жүргізеді. Әр топ өздері құрған стратегияларына түсінік береді.

1-топ. Ана кім ? (қызметіне қарай)
2-топ. Ана кім ? (қасиетіне қарай)
3-топ Ана кім ? (жынысына қарай)
Мұғалімнің өткен сабақты қорытындылауы.
- Иә, өмірде ана атану, перзент сүю,артына ұрпақ қалдыру қашаннан да адамзат баласына тән ең асыл қасиет,үлкен арман емес пе? Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен –аналар. Ана туралы тақырыпты біз бүгін екінші анамыз –Отан -Ана тақырыбымен жалғастырамыз. Бүгінгі қарастыратынымыз Т.Айбергеновтың «Аруана бауыр – дүние» өлеңі. Біз өлеңді оқымас бұрын жерлес ақынымыз, төлегентанушы Б. Имановпен болған сұхбатымызды көріп алайық. (бейнетаспа қойылады.)

Торғай өлең өлмеді, аман қалды
Әкетті ажал...
Жыр емес, адамды алды.
Бір өмірдің дастаны басталды да,
Шорт үзілді,
Шоп –шолақ тамамдалды.
Жарық дүниенің отыз-ақ жыл сәулесін көрген ақын бізге отты жыр, өлмес өлең қалдырды. Соның бірі «Аруана – бауыр дүние» өлеңі дей келе, мұғалім өлеңді мәнерлеп оқып береді.
Екі оқушыға мәнерлеп оқыту
1. Сұрақтармен жұмыс.
- Аңыз дегеніміз не?
- Ақын аңызды өз өлеңіне қалай арқау еткен?
- Осыған ұқсас шығармаларды есімізге түсірейік (Қ. Жұмаділовтың «Қозыкүрең»әңгімесінің мазмұнын айту.)
2. Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесімен салыстыру(топтық жұмыс)
Венн диаграммасы

3. Жеке оқушылармен шығармашылық жұмыс
1. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» атты тақырыпта шығарма жазу
2. «Аруана – бауыр дүние» өлеңін қарасөзге айналдырып жазу.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын талдау.
Сабақты қорыту. Т. Айбергенов туралы қайта айта кету. Ақын аңсап, көре алмай кеткен туған Қазақстанның еркіндігін, егемендігін айта кету артық болмайды.
«Мен ақын болсам..» атты тақырыпта ой қозғау. Бірнеше оқушының ойын талдау (ауызша).
Бағалау. Әр оқушының белсенділігіне қарай бағалау.
Үйге тапсырма. Өлеңді оқу. Ерекше әсер еткен жолдарын жаттау.
«Туған жер - алтын бесігім» атты тақырыпқа шығарма жазу.
14 791
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қасым Аманжолов Көктем
Қасым Аманжолов Көктем
Өлең мазмұнын түсініп, мәнерлеп және нақышына келтіріп оқиды.
Төлеген Айбергенов «Ана»
Төлеген Айбергенов «Ана»
Ақын өмірімен таныстыру, өлеңді оқи отырып талдау. Оқушылардың тіл байлығын дамыту, ғылыми тілде сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Аруана – бауыр дүние (күнделікті сабақ жоспарлары)
Аруана – бауыр дүние (күнделікті сабақ жоспарлары)
Ақын боп өмір кешіру, оңай деймісің, қарағым, Аузында болу бұл өзі, сыздаған барлық жараның. Көкірегіңе құйып ап, әлемнің асқақ бар әнін, Қосудың арпалысы бұл тоғыспас жолдар торабын
Төлеген Айбергенов «Аруана – бауыр дүние»
Төлеген Айбергенов «Аруана – бауыр дүние»
ШҚО, Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Карменова Бахытжамал Базылрахмановна
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Қостанай облысы,Арқалық қаласы, А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жаргулбаева Олимпия Алпысбаевна
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Шолакова Райса Бабаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×