Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Септіктер хандығы

26 қараша 2013, Сейсенбі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін қорытындылау, тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру арқылы білімдерін тексеру, бағалау.
Дамытушылық: Жеке тұлғаның бойында талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту, дұрыс септік жалғауларын жалғап үйрету. Ауызша, жазбаша жаттығулар жүргізе отырып, оқушылардың сауаттылығын, тілін дамыту, логикалық ойлау және сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Оқушыларды мемлекеттік тілге құрметпен қарап, тіл игеруді саналы да ерікті түрде меңгеруге, қазақ тілінің қазіргі күнделігін түсіндіру арқылы тіл үйренуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: әр түрлі суреттер, түрлі тапсырмалар, мақал – мәтелдер, сөзжұмбақ.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, талдау, жұптық, ойын.
Сабақтың технологиясы: Ойын технологиясы, денсаулықты сақтау технологиясы.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу.
2. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
ә) Сабаққа кіріспе.
Мұғалімнің сөзі:
- Бүгін қазақ тілі сабағында септіктерді қайталаймыз, әр оқушы өз білімінің дәрежесін көрсетуі тиіс.
- Қазір осы септіктер туралы ертегіні тыңдап көріңдер.
- Ерте – ерте ертеде Септік деген хан тұрады екен. Оның жеті ұлы бар екен.
Барлығы осы сарайда тұрады. Әр ұлының өз қызметі бар. Септік ханның әр ұлына берген мұрасы бар екен.
- Септік хан мынадай жарлықтарын жіберіпті. Ханның жарлықтарын дұрыс шапшаң орындаған оқушыға ханның сыйлық бағасы бар екен.

1 - Жарлығы: Ұлдарымның атын атап, ретімен қойыңдар дейді.
2 - Жарлығы: Ұлдарымның қызметін табыңдар (сұрақтарын тауып қою).
3 - Жарлығы: Олардың мұраларын атаңдар. (жалғауларын тауып қою).
Оқушылар рет – ретімен септік атауларын, сұрақтарын және жалғауларын айтады.

2 - тапсырма.
Берілген сөздерді септеп жалғауларының астын сызу.
1 - топ хан сөзін септейді; 2 - топ мұра сөзін септейді; 3 - топ жарлық сөзін септейді.

- Балалар, қазақ халқында жеті саны қасиетті сан.
Жеті санына байланысты көптеген ұғымдар бар. Мысалы 7 ғаламат - 7 чудес света, 7 қазына - 7 богатств, 7 ата – 7 колен родословной, «Наурыз көже»де жеті тағамнан жасалады. Кемпірқосақтың да жеті түсі бар, апта күндері. Қазақ тілінде де жеті септік, 7 ұяң дауыссыз, 7 үнді дауыссыз бар.
Ендеше, келесі біздің тапсырмамыз да осы санмен байланысты.
Септіктер хандығында Наурыз мейрамына дайындалып жатыр, сондықтан хан осындай тапсырма беріпті. Наурыз көже қандай жеті тағамдардан жасалады екенін, айтып беріңізші дейді.
Слайд «Наурыз көже».

3 - тапсырма.
- Келесі ханның тапсырмасын орындайық.
1 – топ септік атауларын жинайды, 2 - топ апта күндерін ретімен қояды, 3 - топ жеті ұрпақты ретімен қояды.

Сергіту сәті.
Біздер тату боламыз,
Гүл – гүл жайнап барамыз
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз!
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір
Бір, екі, үш, төрт
Жоғары қолды соғамыз.

- Балалар, біз «Наурыз көже» жеті тағамнан жасалады деп айтып кеттік.
Ал енді айтыңдаршы, Наурыз көже дегенде сіздің ойларыңызда қандай ассоциация келеді.
- Дұрыс, мейрам. Ал мейрамда не құрылады? Киіз үй.
- Ханның келесі тапсырмасы киіз үйді тігу.
Сондықтан киіз үйді тігу үшін ханның келесі тапсырмасын орындауға тырысамыз.
1 - топ. Берілген диктант мәтінінен септік жалғаулары бар сөздерді теріп жазу.
2 - топ. Мәтіннің ішінен тек қана жуан буынды сөздерді теріп жазу.
3 - топ. «Шаңырақ» сөзіне фонетикалық талдау жасау.

Киіз үйді тігу оңай емес. Алдымен керегені жаяды. Керегенің биіктігі екі метрдей болады. Керегенің әр бөлігін «қанат» деп атайды. Киіз үй төрт, алты, сегіз, он екі қанатты болады. Осыдан кейін шаңырақты көтереді. Шаңырақтан кейін ерекше қастерленетін бөлшегі – босаға. Ол табалдырық пен маңдайшадан тұрады.

5 - тапсырма.
Слайдтар арқылы сөйлемдер көрсетіледі.
Оқушылар ондағы көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды жалғап жазулары керек.

6 - тапсырма.
Балалар, кім білім және өнер туралы мақал – мәтелдер біледі.
(Оқушылар мақал – мәтел айтады).
Қазақ халқында мақал – мәтелдер өте көп. Олардың тапқырлығы сан алуан түрлі. Бүгін біз білім мен өнер тақырыбына берілген мақал – мәтелдерді оқып, асты сызылған сөздердің қай септікте тұрғанын ауызша айтайық.
(Не?) Оқу – білім бұлағы,
(Не?) Білім - өмір шырағы.

(Кімнің?) Білімдінің – алды жарық,
(Кімнің?) Білімсіздің – күні кәріп.

(Кімге?) Өнерліге өлім жоқ,
(Кімге?) Жалқауға жарық жоқ.

(Нені?) Өнерді үйрен де жирен.
Оқу (немен?) Инемен құдық қазғандай.

Сабақты қорытындылау. Сөзжұмбақты шешу.
1. Аптаның 3 - ші күні.
2. Земля сөзі ілік септікте.
3. Неделя сөзінің аудармасы.
4. Зима сөзі жатыс септікте.
5. Одежда сөзінің аудармасы.
6. Жыл мезгілі.
Сөзжұмбақтан септік деген жасырылған сөз шығады.

Қ. Мырзалиевтің «Жеті септік» атты өлеңін мәнерлеп оқып, септік жалғаулары мен сұрақтарын қайталау.
Жеті септік - жеті бала,
Жетеуінің атын ата.

Атау септік кім? не? десе,
Атың менен затыңды ата.

Кімнің? ненің? - деп анықтап,
Ілік септік іліп алар.

Кімді? нені? керек етсең,
Табыс сұрап жүріп табар.

Кімге? неге? қайда? барсаң,
Барыс септік біліп

Кімде? неде? қайда? десең,
Жатыс септік сонда жатар.

Шығыс септік кімнен? неден?
Қайдан шықтың соны айтар.

Кіммен? немен? керек болса,
Көмектес көмек беріп қайтар.

Бағалау.
Үй жұмысы. Қ. Мырзалиевтің «Жеті септік» атты өлеңін жаттау.
19 863
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Оқушыларға сабақ барысында деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бойынша жұмыс орындайтындықтарын түсіндіру.
Шығыс септік
Шығыс септік
Жаңа тақырыпты толық меңгерту, оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 26. «Сөз және мағына» атты тарауды қайталау 27. Жазбаша жұмыс 28. Сөздік қор туралы түсінік 29. Сөздік қордың өзіндік ерекшелігі 30. Қазақ тілінің сөздік құрамы
Семей қаласы
Семей қаласы
септік жалғаулары бойынша алған білімдерін пысықтап, қайталау. Семей қаласы жайлы білімдерін толықтыру, тереңдету. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
Қазақстан Республикасының қалалары
Қазақстан Республикасының қалалары
Тіл үйренушілерге Қазақстан Республикасының қалаларын аралата отырып, тапсырмаларды орындату, арнайы тіл материалдары арқылы тыңдаушылардың бойында өз ойын, пікірін, тілегін жеткізуге және әңгімелесушінің берген ақпаратын дұрыс түсінуге қажетті
5 саны және цифры. Бесбұрыш
5 саны және цифры. Бесбұрыш
Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Рахманова Қасиет Байдашқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×