Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Семей қаласы

28 қаңтар 2016, Бейсенбі
Қазақ тілі 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Семей қаласы

Сабақтың мақсаты:
1) білімділік: септік жалғаулары бойынша алған білімдерін пысықтап, қайталау. Семей қаласы жайлы білімдерін толықтыру, тереңдету.
2) дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
3) тәрбиелік: оқушыларды Отанын, туған қаласын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс, жеке жұмыс, жаттығулар жұмысы, көрнекілік әдістері.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.
Көрнекіліктер: сөзжұмбақ, бейне слайдтар, кеспе қағаздар т. б.
Оқытудың техникалық құрал - жабдығы: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу
ә) түгендеу
б) оқушылар назарын аудару

Үй тапсырмасы
Балалар, өткен сабақтағы тақырыпты еске түсірейік. Ол үшін мына сұрақтарға жауап берейік.
1. Қазақстанның бас қаласы?
2. Ол қай өзеннің бойында орналасқан?
3. Астананың бұрынғы аты?
4. Қай жылы Ақмола Астана болып ауыстырылды?
5. Астанада нелер бар?
6. Астана туралы қандай өлең білесіңдер?
(Оқушылар өлең оқиды)

Енді септік жалғауларын қайталап өтейік. Қ. Мырзалиевтің «Жеті септік» өлеңін оқу үшін септіктің сұрағын қою керек. Септіктің сұрағын айтып, тақтаға жазамыз.

(Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.)

Жаңа сабақ
Балалар, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын мына сөзжұмбақты шешу арқылы білеміз. Мен сұрақты оқимын, ал сендер тақтаға жауабын жазасыңдар.
1. Қазақстанның бас қаласы?
2. Біздің қала қай өзеннің бойында орналасқан?
3. мақалды аяқтау керек
Өмір - үлкен...
4. Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі?
5. «Музей»сөзінің аудармасы?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - Семей қаласы. Дәптерді ашып, бүгінгі күнді жазамыз, тақырыпты жазамыз. Енді тақтадағы жаңа сөздермен танысайық.
Семей қаласы
Семей Қазақстанның Шығыс бөлігінде, Ертіс өзенінің бойында орналасқан. Ғылым мен мәдениеттің рухани орталығы Семей қаласының іргетасы 1718жылы қаланды. Қаланың пайда болуы Қазақстанның Ресейге қосылу тарихымен тығыз байланысты.(ескі қала суреттері)
Бүгінгі қала келбеті
Балалар, бүгінгі таңда қаламыздың қандай әдемі жерлері бар?
Фотосуреттерді көрейік. Семейде қандай ұлы адамдар дүниеге келді?
Оларға арнап қойылған ескерткіштер бар. Қаламызда саябақтар, ескерткіштер, мұражайлар өте көп.

Топтық жұмыс
Үш топ мына сөздерді септейді.
Көше. Мұражай. Қала.

Топтық жұмыс
«Көшеде» тақырыбы бойынша диалог құрастыру.
«Қала табиғаты» тақырыбы бойынша әңгімелеу
«Менің қалам» тақырыбы бойынша сұхбат дайындау

Тапсырмалар
Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауын қойып жазыңдар.

Сабақты бекіту
Сызба бойынша қала туралы әңгімелеңдер.

Бағалау
Үйге тапсырма: «Менің қалам» тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру, сурет салу.
2 847
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елордаға саяхат
Елордаға саяхат
Оқушылармен өткен тақырыптың негізінде еліміздің бас қаласы – Астана қаласына саяхат жасау, Астананың көрнекті жерлерімен танысу. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталау, грамматикалық тапсырмалар арқылы өтілген тақырыпты меңгерту.
Астана қаласына саяхат
Астана қаласына саяхат
Ақмола облысы, Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Шапиева Жұлдыз Жұмашевна
Астана - бас қала
Астана - бас қала
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «№11 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Искакова Гүлмираш Рымбаевна
«Астана» тақырыбы бойынша топтық пікірлесу
«Астана» тақырыбы бойынша топтық пікірлесу
Семей қаласы, №2 кешкі мектеп ОВ 156/15 мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабдуалиева Гүлсим Рахимовна
Қалаға саяхат (5 сынып)
Қалаға саяхат (5 сынып)
Қарағанды қаласы, № 74 ЖББОМ орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сембаева Асель Сериковна
Астана
Астана
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×