Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сыни тұрғысынан ойлауға және жазуға үйрету

07 қаңтар 2014, Сейсенбі
СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУҒА ЖӘНЕ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ
Педагогикалық технологиялар дегеніміз – оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі»
педагог – ғалым В. М Монохов

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі қызықтырады. Ол енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал осы бағытты ұйымдастырушы, бағыттаушы мұғалім. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруын, достарының ойын тыңдауға, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама. Сын тұрғысынан ойлау және жазу - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп жұмыс жасауға дағдыландыру.

Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген тақырыпты сыни тұрғыдан қарап, саналы шешім қабылдауға үйретеді.
Бұл технология - оқушылардың білім деңгейін көтеруде, дұрыс шешімдер табуға, ойларын еркін айтуға тиімді.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды үйрету» технологиясымен жұмыс жасау кезінде баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын көздейді. Бұл жобаға дейінгі және кейінгі кезеңін салыстыру барысында оқушылардың оқуға деген ынтасының артқандығын, бойында жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, оқушылардың басқаның ойын қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады. Сын тұрғысынан ойлауды және жазуды дамытуға байланысты оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамытып, шыңдауға көмектеседі.

Топтық жұмыстың мақсаты:
- Оқушылар бір - бірімен ақылдасып, ортақ шешімге келеді.
- Топтың сұрақтарына жауап береді.
- Өз пікірін дәлелдеп, қорытынды шығарады.
- Өзгенің ойына көңіл бөледі.
Бағдарламаның тәрбиелік мақсаты: өзара құрмет сезімін тудыру; басқаның пікірін сыйлауға; сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.

Сабақ барысында " сыни тұрғыдан оқу мен жазудың "көмегі зор. Бұл әдіспен бірнеше тақырыптар өткізіп жүрмін. Оқушы жеке жұмыс істеуге, жұппен, топпен жұмыс жасауға жаттықты. Өз ойын көпшілікке жеткізуге машықтанды. Сыни тұрғысынан ойлауды қалыптастырып, балалардың өз білімдерін жаңа білімдерімен ұштастыра отырып, тақырыпты түсінуге бағыт берді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 061
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің байланысын меңгерту, әріптестердің коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Баяндама: Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Баяндама: Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен.
Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз не?
Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз не?
Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын
Химия пәні бойынша сабақтарының жинағы
Химия пәні бойынша сабақтарының жинағы
Қостанай облысы, Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі Абдикова Камшат Шөптібайқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында сын тұрғысынан ойлауға үйрету
ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, "М.Әуезов атындағы орта мектебі"КММ Садыкова Мейірлі Жанұзаққызы
Сын тұрғысынан ойлауды қолдану
Сын тұрғысынан ойлауды қолдану
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Николаевка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×