Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түркістан қаласы. Зат есімнің жалғаулары

12 қаңтар 2014, Жексенбі
Сабақ тақырыбы: Түркістан қаласы
Зат есімнің жалғаулары

Сабақ мақсаты: Түркістан қаласының тарихымен таныстыру.

Міндеттері:
Білімділік: Қала туралы оқушылардың білімдерін кеңейту, тереңдету. Зат есім жалғаулары туралы мәліметтер беру.
Дамытушылық: Өлең жаттатқыздырып, жаттығу жұмыстарын орындату арқылы тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Көне қала тарихын біліп, тарихи құндылығын бағалау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Сабақ типі: Жаңа білім беру.
Сабақ түрі мен әдістері: Сұрақ – жауап, әңгімелесу.
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаз, оқулық, компьютер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу.
Оқытушы сөзі: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін сабақ ерекше сабақ. Өйткені, сабаққа оқытушылар қатысып отыр. Сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін алдарыңыздағы сөзжұмбақты шешіп көрелік.

1. Оңтүстікте орналасқан қала
2. «Отлично» қазақша баламасы
3. Батыс Қазақстанда орналасқан қала
4. «Жаңа» сөзінің антонимі
5. «Успеваемость» қазақша баламасы
6. «Столица» қазақша баламасы
7. «Гора» қазақша баламасы
8. «Дұшпан» сөзінің синонимі
9. Ас атасы -

Оқытушының сөзі: Сонымен сабағымыздың тақырыбы: Қазақстанның көне қаласының бірі – Түркістан қаласы. (қаланың сыртқы көрінісін флипчарт арқылы көрсету)

Мәтінмен жұмыс
а) оқытушы мәнерлеп оқуы.
ә) Оқушылардың оқуы

Түркістан – Қазақстан Республикасындағы тарихи қала. Сырдарияның оң жағалауында, Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Қаланың іргетасы біздің заманымыздың
1 - мыңжылдықтың орта шенінде қаланған.
Түркістанның ежелгі аты – Иассы. Ахмет Иасауи кесенесінің салынуына байланысты (XIV) Иассы қаласының көлемі тез арада батысқа және оңтүстікке қарай ұлғайып, аймақтың саяси орталығына айналды. Жазба деректерде қала жаңа атаумен - "Хазірети Түркістан" деп атала бастады.
XVI ғасырдан бастап "Түркістан" атауы қалаға мықтап бекіді.

Оқытушы сөзі: енді осы мәтінге байланысты сұрақтарға жауап берейік. (флипчарт бойынша жауап беріп, дұрыстығын өшіргіш арқылы өшіріп тексеру.)

1. Түркістан қандай қала?
2. Түркістан қай жерде орналасқан?
3. Қаланың іргетасы қашан қаланған?
4. Түркістанның ежелгі аты қандай?
5. Жазба деректерде қалай аталды?

Грамматика
Зат есімнің жалғаулары
Зат есім - заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер?

Жалғаулар сөздерді байланыстырады:
Оның 4 түрі бар:
1. Көптік жалғауы
2. Тәуелдік жалғауы
3. Септік жалғауы
4. Жіктік жалғауы

Жаттығулар:
№1 Сөздерге көптік жалғау жалға.
Қала, кесене, жота, ана, әже, бала, оқушы, аға, терезе, айна, алма, қабырға, апта, әңгіме, кітап, гүл, тақта, парта, дала, кесе.

№2 Ерекшеленген сөздерге сөйлем құрастыру. Қала, кесене, Түркістан, Ахмет Яссауи.

№3 Сөздердің түбірін табу.
Қоныс, қону, қонбау, қонақ, қонды, қонады, атақоныс, қоныңдар, қоныңыздар, қонған, қонбақшы;
қалалық, қалашық

№1 топпен жұмыс (Төрт оқушы)
Ғаламторға шығып, Түркістан қаласы туралы мәліметтерді қазақша тауып, принтер арқылы шығарып, оқып беру.

№2 топпен жұмыс.
Мәтінді оқып, мазмұныны ұғыну. Зат есімдерді көшіріп жазу

Тайқазан
Түркістан қаласында Ахмет Яссауи сағанасы бар. Бұл ғажайып сағананың ішінде алып қазан тұр. Қазанды 1399 жылы Атабай деген жерде жасаған. Ол 7 металл қоспасынан құйып жасалған. Оның құрамында темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын бар. Бұл алып қазанға 60 шелек су сияды. Қазанның өз салмағы 2 тонна, диаметрі 2, 5 метрге жуық. Қазанның 12 құлағы бар. Бұрын қазанға қант қосқан су құятын. Жұма намазы аяқталған соң, емдік қасиеті бар су ретінде жұрт ішетін. 1935 жылы қазан Ленинградқа көрмеге апарылған болатын. Сол жерде 1989 жылға дейін болды. Кейін қазан өз орнына қайта оралды.

«Бес жол» ойыны
Зат есім – Түркістан
Сын есім – ғажайып Түркістан қаласы
Етістік – Түркістанға саяхатқа бару
Сөйлем – Түркістан – Қазақстан Республикасының тарихи қаласы.
Синоним – қала, шаһар.

Өлең жаттау. Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан».
.... Түркістан екі дүние есігі ғой.
Түркістан ер түріктің бесігі ғой.
- деп басталатын өлең жолдары кешегі тарихқа жетелейді. Ертедегі тұран аталған бұл жерді мекендеген ата – бабаларымыздың өмірінен елес береді.

№6. Тест сауалдарына жауап беру.
1. Қазақстан Республикасының ежелгі қаласы
А) Астана
В) Түркістан
С) Қостанай
2. Түркістан қай жерде орналасқан?
А) Қаратау жотасының етегінде
В) Ақмола облысында
С) Қарағанды облысында
3. Түркістан қаласының ежелгі атауы
А) Отырар
В) Түркістан
С) Иассы
4. Түркістан қаласында кімнің кесенесі бар?
А) Әл – Фараби
В) Ахмет Яссауи
С) Абылай хан
5. Ахмет Яссауи кесенесінің ішінде не бар?
А) Тайқазан
В) Бөлме
С) Гүл

Бекіту:
1. Түркістан қандай қала?
2. Түркістан қай жерде орналасқан?
3. Түркістанның ежелгі аты қандай?
4. Жазба деректерде қалай аталды?
5. Тайқазан қай қалада орналасқан?
6. Ол неден жасалған?
7. Тайқазанның салмағы қанша?
Үйге тапсырма:
1. Түркістан қаласы жөнінде ақпарат жинастыру;

Оқытушының сөзі: Бүгінгі сабағымыздың соңғы түйініне жеттік. «Ән – көңілдің ажары» деп тегін айтылмаған. Роза Рымбаеваның орындауындағы «Түркістан» әнімен аяқтау.
11 031
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Семей қаласы
Семей қаласы
септік жалғаулары бойынша алған білімдерін пысықтап, қайталау. Семей қаласы жайлы білімдерін толықтыру, тереңдету. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
Түркістан қаласы. Пысықтауыш
Түркістан қаласы. Пысықтауыш
БҚО, Орал қаласы, А. С. Макаренко атындағы №6 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ләззат Саясатқызы
Сын есім
Сын есім
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №4 Алға орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Таджибаева Ақкенже Боранбайқызы
Пысықтауыштың жасалу жолдары. Қасиетті Түркістан
Пысықтауыштың жасалу жолдары. Қасиетті Түркістан
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №17 мектеп гимназиясының қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Дүйсенова Жайлыгүл Келмағанбетқызы
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әбішеева Құрманкүл
Ахмет Йасауи ескерткіші. Сөз таптарын қайталау
Ахмет Йасауи ескерткіші. Сөз таптарын қайталау
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Изтлеуова Айнур Жаксыбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×