Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түркістан қаласы. Пысықтауыш

23 мам 2014, Жұма
Орыс тілді мектептің 8 - сыныбына арналған сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Түркістан қаласы. Пысықтауыш.

Сабақтың мақсаты:
• Қазақстанның ежелгі қаласы Түркістан, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі туралы білімдерін тереңдету
• Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын байыту, ойын жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру.
• Тарихи ескерткіштерді, ежелгі орындарды құрметтей білуге, Отанына, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін оятуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ - жауап, жаттығу, т. б.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Power Point бағдарламасында
жасалған слайдтар.
Пәнаралық байланыс: тарих, география.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. 1. Амандасу
2. Оқушы назарын сабаққа аударту.
3. Сабақ мақсатымен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын пысықтау.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Оқушылар, біз қазір қандай модульмен танысып жатырмыз?
(Модуль: Туған жер - қасиетті мекенім)
- Модульдегі қандай негізгі тақырыптармен таныстыңыздар?
(Кең байтақ Қазақстаным. Оңтүстік Қазақстан аймағы. Ұлы Жібек жолы)
- Ұлы Жібек жолының Орта Азиядағы жүріп өткен жолын картадан
көрсетіп, қысқаша кім айтып береді?
(Интерактив тақтада Ұлы Жібек жолының картасы шығады)
- Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қазақ даласындағы қандай қалаларды білесіңдер?

III. Жаңа тақырыпты меңгерту:
Қызығушылықты ояту.
Мұғалім сөзі:- Жаңа сабағымызды Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағалы тұрмын:
"Біз өзіміздің белгілі тарихымыз бен өзіндік болашағымыз бар еуразиялық елміз"(Интерактив тақтадан оқу)
- Осы сөздердің ішіндегі қай сөздер сендерге ой салады?
(тарихымыз бен болашағымыз)
- Ал тарихымыз бен болашағымызды не байланыстырады?
(тарихи тұлғалар, ескерткіштер, ежелгі қалалар)
- Қандай ежелгі қалаларды білесіңдер?
(Отырар, Тараз, Түркістан)
- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Түркістан қаласы.

IV. а) Ой қозғау: Түркістан туралы өз білетіндерін ортаға салу
б) Түркістан қаласы туралы қосымша мәлімет беру(слайдтар арқылы мұғалімнің түсіндіруі).

1 - слайд:Түркістан қаласы - Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданының орталығы.
2 - слайд:Қаланың бұрынғы атаулары.
3 - слайд:Қожа Ахмет Яссауи кесенесі: а) Қожа Ахмет Яссауи
ә) Яссауидің мәйіті
б) Кесене жанындағы ғимараттар
в) Тайқазанның қысқаша тарихы
4 - слайд: Халықаралық қазақ - түрік университеті. (Бейнефильмнен үзінді көрсетіледі)

V. Мұғалім сөзі:- Ал, енді осы көргенімізді мәтінмен толықтырайық.
"Түркістан" мәтінімен жұмыс. 69 - 70 бет
а) мәтіндегі сөздермен жұмыс: қасиетті - священный
көне - древний
тарихымен тығыз байланысты – тесно связан с историей
саяси орталық - политический центр
ордасы болған - был центром
ғибадатхана - молитвенный дом
сәулет өнері - архитектурное искусство
келешегі зор - огромное будущее

б) сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру
в) мәтінді мәнерлеп мұғалімнің оқуы
г) оқушыларға оқыту
д) мәтіндегі негізгі ойды табу

VI. Мәтінді бекіту тапсырмалары:
- Грамматикадан қандай тақырыпқа тоқталдық?
- Пысықтауыш дегеніміз не?
- Пысықтауыш мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?

1) Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау, құрылымдық ерекшеліктерін анықтау.

• Түркістан – түркі халықтарының рухани орталығы.
(Жай, хабарлы, жақты, жайылма, толымды)
• Түркістан қаласы қазақтың тарихымен тығыз байланысты.
(Жай, хабарлы, жақты, жайылма, толымды)
• Кесененің жанында шығыс моншасы бар.
• Яссауи кесенесі – сәулет өнерінің озық үлгісі.
• Кесене отыз бес бөлмеден тұрады.

2) Сурет бойынша берілген сөйлемдердің айтылу тәртібін белгілеңіз.
(Шашыраңқы орналасқан сөздерден интерактив тақта қаламы арқылы қозғап, сөйлем құрастыру)
• Жасалған, жеті түрлі, тайқазан, металдан.
• болатын, үлкен, салмағы 2 тонна, тайқазан бар, осы бөлмеде.
• Әмір Темір, сыйлаған, жасатып, кесенеге, оны
• "қазандық" деп, бар, аталатын, бөлме бар, Кесенеде
• мыңдаған, қазақстандық, бұнда, жастар білім алады.
• Ол, Қазақстан мен Түркия арасындағы, келісім негізінде құрылған, 1992 жылы 31 қазанда
• қазақ – түрік университеті бар, Қалада Яссауи атындағы

3) Пысықтауыштарды мағыналық түрлеріне қарай ажырату
1. 1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген. (мезгіл, мекен)
2. Студенттер қазақша, ағылшынша сөйлейді. (қимыл - сын)
3. Жер астына ғибадатхана салынған. (мекен)
4. Түркістанға білім алайық деп келдік. (мекен, мақсат)
5. Түсіне алмағандықтан мәтінді аудару қиын екен. (себеп)

4) Мына өлең жолдарының ұйқасын табайық.(интерактив тақтадан ұйқастарды қаламмен көтеріп, орналастырады) I деңгей

Ол кешегі көркем қала -...
Ойрандалған орнында енді - шоқылар.
Шыңғыс ханнан шімірікпей қорғаған,
Бабаларды құдай өзі...
Бас имеген батыр қала – Отырар,
Онда ерліктің өшпейтұғын оты...

Керекті ұйқастар: олар, Отырар, қараған, қолдаған, бар

5) II деңгей "Бес жолды өлең"стратегиясы
1. зат есім ( Шаһар)
2. сын есім (2сөз)
3. етістік(3 сөз)
4. сөйлем(4 сөз)
5. Зат есімге мәндес сөз

6) Бекіту сұрақтары:
1. Түркістанның бұрынғы атауы (Иасы)
2. Яссауи кесенесі қай қалада? (Түркістан)
3. Жер асты мешіті (қылует, ғибадатхана)
4. Кесене бөлмелерінің бірі (қазандық)
5. Халық Түркістанды қалай атайды? (Екінші Мекке)
6. Кесене жанындағы тарихи ғимарат (монша)
7. Кесене сөзінің синонимі (ескерткіш)
8. Кесенені салғызған атақты адам (Әмір Темір)
9. Яссауидің құнды шығармасы (Диуани Хикмет)
10. Қазақ - түрік университеті кімнің атында? (Қожа Ахмет Яссауи)

VII. Қорытынды:"INSERT"стратегиясы
- Әр халықтың қадір тұтатын жері, бас иер мекені бар. Қазақ халқының сондай қасиетті жері - Түркістан қаласы. Бұл қала тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі халықтарының рухани орталығы. Кесене туралы да білімімізді толықтырдық. Кесене сендерді қызықтырды ма? Онда барғыларың келе ме? Мүмкіншілік болса, осындай киелі жерге барып, қасиетті адамдардың басына тағзым етіп отырыңдар. Өйткені, тарихсыз болашақ жоқ. Біздің болашағымыз - сендерсіңдер. Сендер осындай тарихи ескерткіштерді қорғап, көркейтіп, арғы ұрпақтарымызға жеткізетін, еліміздің көркейіп дамуына ат салысатын мына, сендерсіңдер! Рахмет, сау болыңдар!
VIII. Үй жұмысы. Бағалау
18 599
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ежелгі өркениет ескерткіштері
Ежелгі өркениет ескерткіштері
Астана қаласы, № 8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сексенбаева Серіккүл Аббасқызы
Қазақстан қалалары
Қазақстан қалалары
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Мұнайшы селосы, №5 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айтмағамбетова Айткүл Мергенбайқызы
Түркістан қаласы. Зат есімнің жалғаулары
Түркістан қаласы. Зат есімнің жалғаулары
Астана қаласы, «Құрылыс техникалық колледжі» Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы: Нұрғожина Назгүл Аманболғанқызы
Пысықтауыштың жасалу жолдары. Қасиетті Түркістан
Пысықтауыштың жасалу жолдары. Қасиетті Түркістан
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №17 мектеп гимназиясының қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Дүйсенова Жайлыгүл Келмағанбетқызы
Түркістан – екі дүние есігі ғой
Түркістан – екі дүние есігі ғой
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясы тарих пәні мұғалімі Шораева Перизада Еренқызы
Ахмет Йасауи ескерткіші. Сөз таптарын қайталау
Ахмет Йасауи ескерткіші. Сөз таптарын қайталау
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Изтлеуова Айнур Жаксыбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×