Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әбіш Кекілбаев «Күй»

18 қаңтар 2014, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Әбіш Кекілбаев «Күй»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ә. Кекілбаев «Күй» хикаятының мазмұнын ұғындыру, адами, әлеуметтік мәселелерді түсіндіре отырып, шын өнердің бағасын зұлымдық та жеңе алмайтынын жазушының өз қолтаңбасы арқылы анықтау.
Дамытушылық: Уақыт сарынына сай өрілген проблемалық сұрақтар арқылы оқушының ой еркіндігін, белсенділігін арттыра отырып, өздігінен білім алуға баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды шығарма кейіпкерлерінің болмыс біліміне, табиғи тіршілігіне, тарих тереңіне бойлата, талдау жасата отырып, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, ұстамдылыққа, мейірімділікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: мәтін талдау, әңгімелесу, ой бөлісу, сұрақ - жауап, топтастыру, жартылай іздендіру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ
1. Кіріспе сөз. Мұғалімнің Әбіш Кекілбаев туралы өлең оқуы
Ұрпақтарды тамсантқан сымбат, нәрі,
Ғұмырыңыз тірліктің түрлі ақпары.
Тәуелсіз ел төрінде жарқыраған,
Бұл ғасырдың өзіңіз бір мақтаны.

Бақыт кейде десек те азапты нұр,
Өмір сізге сыйлапты ғажап ғұмыр.
Қаламменен біліммен, парасатпен,
Көтердіңіз қазақты биікке бір.

Жылытса жүректерді жан шуағы,
Біліммен көңіл кірі аршылады.
Нұр шашсын деп әлемге сыйға тартқан
Сияқтысыз Маңғыстау шамшырағы!

2. Ә. Кекілбаев

аса дарынды жазушы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері.
1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Онды ауылының Мырзайыр жерінде дүниеге келген.
Таушықтағы шахта орта мектебін бітірген.
Қазақтың Ұлттық Мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Алғашқы кітабы «Шуақты күндер» 1962ж
Шығармалары – «Үркер», «Аңыздың ақыры», «Ханша - дария хикаясы», «Абылайхан», «Күй», «Бәсеке» т. б.
Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Әлемнің танымал 100 адамы» атағына ие.
«Күй» хикаяты - 27 жасында жазылды
Әйгілі прозашы ретінде танудың бастамасы.
Орыс тіліне аударылып, сыншылар жоғары бағалаған шығарма.
«Шын өнердің басты міндеті - өзінің адамгершілік рухын жоғары ұстау. Өнер барлық өнер атаулымен күресте үстем болуға тиіс. Ә. Кекілбаев осыған үндейді» (Зоя Кедрина)

ІІІ. Шығарманы оқып - түсіну үшін жасалатын жұмыстар:
1. Мәтін бойынша талдау
І топ → Түрікпен ауылының сипаты
ІІ топ → Мәңгүрт қазақтар оқиғасы
ІІІ топ → Көкбөріге берілген ас

Жай сұрақтар:
1. Қауқиған сеңсең бөріктер кімдер?
2. Мәңгүрт қазақтар деген кімдер еді?
3. Түрікпендердің ас беру дәстүрінде қандай айырмашылық бар екен?
4. Жөнейіт батырдың неше ұлы бар еді? Олардың қазасы туралы не айтылады?
5. Дәулеттің бойында қандай өнері бар? Әкесі мен ағасының оған көзқарасы қандай?

Проблемалық сұрақтар:
1. Қалай ойлайсыңдар, түрікпендер мен адайлар арасында жаугершіліктің болу себебі неліктен?
2. Мәңгүрттік дегенді қалай түсінесіңдер? Осы ұғым қандай шығармада бар еді?
3. Тұтқын қазақтардың қашып кету мүмкіндігі бар ма еді? Өркениетті елдерде адам құқығы қорғала ма, бостандық дегенді қалай түсінесіңдер?
4. «Еркекке найза мен қылыштан басқа не өнер керек?» деген ұғымға қандай пікір айтар едіңдер?
5. Әке мен баланың арасындағы үнсіз келіспеушілік неге байланысты еді? Ата - баба әруағына құран бағыштау дегенді қалай түсінесің?

3. Шығармашылық жұмыстар
І топ - Салт - дәстүр, ырым жайлы ой - пікір айту, нақты мысалмен.
ІІ топ - Ар - намыс, ер - ез ұғымына байланысты шағын ой толғау
ІІІ топ – «Өнер тұншықпасын» тақырыбына ой толғау

4. Салыстыру
«Мәңгүрт»

«Күй» → түйіні → Жанға - жан, Қанға - қан Намыстың найзадан басқа қорғаушысы жоқ
«Найман - Ана» → түйіні → Ой - сананы улаған қатыгездік
«Бүгінгі» → түйіні → «Қолдан жасалар мәңгүрттікке жол жоқ!»

5. Шығарманы оқып - үйренудегі оқушы әсері туралы пікір айтқызу
а) Хикаят оқиғасы ұнады ма, несімен?
ә) Қай тұстары сендерді әр түрлі күйге салды? (қуантты, ренжітті, күлдірді, жылатты, толғантты, ойландырды т. б.)
б) Оқиғаға автордың жеке көзқарасы қалай деп ойлайсыңдар?
в) Бүгінгі сабақта кімнің жауабы, пікірі көңіліңнен шықты?
г) Мүлде естімеген тың мәлімет алдым деп ойлайсыңдар ма?

ІҮ. Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма: «Күй» хикаятын толық оқу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 367
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әбіш Кекілбаев. Тасбақаның шөбі
Әбіш Кекілбаев. Тасбақаның шөбі
Әбіш Кекілбаев «Тасбақаның шөбі» атты үзінді әңгімесімен таныса отырып, мәтіндегі түйінді ойды ашуға мүмкіндік тудыру.
Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары
Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары
Балалардың ойлау әрекетінің әр түрлі біліктілігін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту, ауызекі сөйлеуге, ауызша да, жазбаша да тіл мәдениеттерін дамыту.
Абай мен Әбіш
Абай мен Әбіш
Бастауыш сынып мұғалімі Алимкулова Кымбат
Өлкенің тума таланты
Өлкенің тума таланты
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, № 15 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кобланова Айтгүл Назарбаевна
Әбіш Кекілбаев "Шыңырау"
Әбіш Кекілбаев "Шыңырау"
Қызылорда облысы, Мәншүк Мәметова атындағы гуманитарлық колледж студенті Анапияева Салтанат
Маңғыстаулық ұлы тұлға
Маңғыстаулық ұлы тұлға
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қанатова Ақмарал Баймурзақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×