Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мағжан Жұмабаев «Мен кім?» өлеңі

30 қаңтар 2014, Бейсенбі
Сынып: 6
Пәні: қазақ әдебиеті
Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Мен кім?» өлеңі
Мақсаты:
а) Білімділік: оқушыларға бүкіл өмірін Алашына арнаған ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім?» өлеңінің мазмұны мен идеясын меңгерту;
ә) Дамытушылық: оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, ой - өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу;
б) Тәрбиелік: оқушыларға ақынның қаламынан туған «Мен кім?» өлеңінің мазмұнын талдата отырып, оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды жетілдіру, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Проблемалы іздендіру, практикалық, үлгілеу, индукция, анализ, синтез, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сандық суреті. Мағжан Жұмабаев суреті, слайд, интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, олардың ынта - зейінін сабаққа аудару. Үш топқа бөлу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.

Мұғалімнің сөзі:
Әдебиетіміздің үлкен тұлғасы, сыршыл өлең сөздің бәйге бермес шабандозы Мағжан Жұмабаев ұзақ жылдардан соң алды кең, тынысы еркін, адамгершілігі мол бетбұрыс заманының есігін айқара ашып, ортамызға оралды....
1. Мағжан кім? (интерактивті тақтамен жұмыс)
2. Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі» өлеңін жаттау

Жаңа сабақ.
І. Қызығыушылықты ояту кезеңі
Мотивация: Тақтаға аузында құлып салынған сандық суреті ілінеді. Үстіне Мен кім? деп тақырып жазылады.
Сұрақ: Балалар сандық суреті салынған суретке қарап, сабақтың мақсатын қояды. Мен кім? шығармасы біз үшін аузы жабық сандық тәрізді. Біз бұл шығарманың сыртқы формасы мен ішкі мазмұнын ашуымыз керек.
Интербелсенді тақтадан М. Жұмабаевтың: «Адам - шын адам болам десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін» деген сөзін оқимыз. Бұл кімнің сөзі?
Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Мағжан Жұмабаевқа арналады. Өткен сабақта, «Қазақ тілі» өлеңін талдағанбыз. Бүгін «Мен кім?» өлеңін талдаймыз.
І. 3 - 4 оқушы мәнерлеп оқиды. Жақсы оқыған оқушыны мақтап отыру.
ІІ. 3 топқа бөлу. Зерттеушілер ретінде жұмыс істейді. Топ басшылары бағалау парағына топ мүшелерінің білімін бағалап отырады.
1 - топ. Әдебиеттанушылар. Жанр мен тегін анықтайды.
(Эпикалық жанр болса сюжеттік талдау, ал поэзия болса өлең құрылысына талдайды, композициялық құрылымын, сыртқы формасын зерттейді)
2 - топ. Лингвистер (Автор стилін тексереді. Көркемдегіш құралдарды қарастырады)
3 - топ. Қоғамтанушылар. (Шығарманың тақырыбы мен идеясын ашады)
Олар жұмыстарын болған соң, тақтаға шығып, қорғайды.
1 - топ. Әдебиеттанушылар.
Шығарма тегі. Лирика, жанр, өлең. Өлең құрлысы: Шумақ, бунақ. Ұйқас, тармақ т. б.
2 - топ. Лингвистер. Метафора: Арыстанмын, жолбарыспын, жалынмын, теңізбін, желмін.
Эпитет: қаракөк теңіз, гулеген жел, теңізбін түбі жоқ.
Инверсия: жалынмын мен, тұлпармын мен, теңізбін қаракөк, желмін гулеген.
Риторикалы сұраулы сөйлем: - кім шыдар?
ІІІ. Шығармашылық тапсырма:
1 - топ. Осы шығарманың идеясына сәйкес мақал - мәтел, фразеологизм жаз.
2 - топ. 5 жол өлең жаз.
3 - топ. Эссе жаз.

Сергіту сәті. «Қара жорға» биі.
Рефлекция. Балалар, сендер қоғамның бір мүшесісіңдер. Қоғам адамнан құралады. Әр адамның қоғамда белгілі орны болуы тиіс. Әр адам өзіне «Мен кім?» деген сұрақ қойып, еліне, Отанының дамуына қандай үлесі бар екенін білуі тиіс.
Ендеше, сендер өздерің «Мен кім?» деген тақырыпқа шағын мәтін жазыңдар.

Үйге тапсырма: Балалар, үйде М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін талдап, бүгінгі тақырыппен «Венн диаграммасына сала отырып салыстырмалы анализ жазып келу.
Бағалау:
23 836
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту. Мен жастарға сенемін өлеңінің маңызы туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің мазмұнын, негізгі идеясын түсінуге жағдай жасау.
Күнделікті сабақ жоспарлары. Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Күнделікті сабақ жоспарлары. Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Мағжан Жұмабаевтың жыр әлемімен танысу, поэзияның тереңіне бойлау; өлеңнің, сөздің астарына, қыр - сырына мән беруге, идеясын түсініп, бағалай білуге баулу
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ажмеденова Гаухар Тасқалиқызы
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Атырау облысы, Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагулова Гүлжан Жәрдемқызы
Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі
Ақтөбе қаласы, № 5 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еспембетова Айнаш Жолшыраковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×