Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл ұстарту жұмыстарының амал - тәсілдері

05 ақпан 2014, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту жұмыстарының амал - тәсілдері

Сабақтың мақсаты: а) Тіл ұстарту жұмыстарының амал - тәсілдерін, адам ойын жеткізу құралдары болып табылатын тармақтар жөнінде мағлұмат беру;
ә) Мақала тақырыптары арқылы оқушыларды үлгі - өнегеге, жақсы дәстүрге үйрету, еңбекке баулу, ерлік істер жасауға еліктіру, саналылыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке, достыққа, Отаншылдыққа, өз ана тілін сүюге тәрбиелеу;
б) Ізденімпаздық пен машықтану қабілетін арттыру; тіл байлығын молайту; сөйлемді жатық көркем етіп құрай білуді, ойын толық жеткізе білуге, баяндамақшы мазмұнды қызғылықты құрып жазуға дағдыландыру; сөйлем талдау шеберлігін шыңдау.
Әдістері: Өзіндік жұмыстар, проблемалық әдіс, сұрақ - жауап әдісі және деңгейлік тапсырма беру әдісі.
Сабақтың түрі: а) Шығармашылық сабақ;
ә) Алған білімдерін пысықтау; іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Көрнекілігі: Үлгі кестелер, кеспелер, үнтаспа және тіл, сөз, шығармашылық жайын - дағы нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Сабақ барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабақтың тақырыбы, оның мақсат - міндеттері, түрі және негізгі әдістерімен таныстыру.
ә) Бағдарлаушы сұрақтар арқылы оқушылардың өткен сабақтағы алған білімдерін еске түсіру.
1. Тіл ұстарту дегеніміз не?
2. Әдеби тіл стильдерінің қандай түрлерін білесіңдер?
3. Іс - қағаздарының қандай түрін білесіңдер?
4. Тіл ұстарту, дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білу үшін қандай шарттар керек екен?
Үйге «Қабылан» деген атпен шығарма жазып келу тапсырылған еді.
Тірек сөздер беріліп, мәтін мазмұнына кірістіру аркылы шығарма тақырыбын қөркем тілмен жеткізу мақсаты қойылған болатын.

ЖАҢА САБАҚ: Тіл ұстарту жұмыстарының амал - тәсілдері
Біз өткен сабағымызда «Тіл ұстарту - стилистиканың бір тармағы» деп дәлелдесек, бүгін сол тіл ұстартудың толып жатқан тармақтары жөнінде, әр түрлі амал - тәсілдері жөнінде әңгімелеспекпіз.
Күнделікті өмірде қажет амал - тәсілдер, адам ойын жеткізу құралдары - әңгіме шығарма, мақала, баяндама, рецензия, тезис т. б.
Осының бәрі – сөйлей білу, жаза білу түрлері мен амал - тәсілдері. Сөйлей білудің, жаза білудің, жалпы сауаттылықтың белгілі өлшемдері:
- күрделі де ұзақ мазмұнды әңгімені айтып бере білу;
- әңгіме құрастыра алу;
- ол әңгімені дұрыс жазу арқылы аз сөзбен түсіндіре білу;
- аз сөзбен көп мағына аңғарту;
- өзінің шығармашылық қабілетін шыңдай түсу;

Конспект, тезис, рецензия туралы айтып, оқулық бойынша анықтамасын жазғызып, олар туралы тереңірек мағлұматтарды арнайы берілген сағаттарда
айтылатынын ескертіп өтемін.
Бүгінгі сабақта МАҚАЛА туралы сөз болатынын айтып, бірнеше шығармашылық жұмыстар жүргіземін.
Мақала жазу үшін жазатын нәрсені, оқиғаны, істі автор өз көзімен көріп, жете білуі керек. Мақала жазу үшін ең алдымен, тақырып және сол тақырыпқа жазылатын мазмұн керек.

Шығармашылық жұмыс түрлері:
I. «Шығармашылық дегеніміз - адамның белсенділігі мен дербес іс - әрекетінің ең жоғарғы формасы» (Педагогикалық энциклопедия., 1961 ж.) деген анықтаманы дәлелдеу үшін шығарма - кеспелермен жұмыс жасаймыз.
Деңгейлік тапсырмалар ретінде берілетін шығарма - кеспелердің үлгісі төмендегіше құрылды.
І деңгей - тақырыптың алғашқы сөйлемдері жазылған;
ІІ деңгей - тақырыптың соңғы сөйлемдері жазылған;
ІІІ деңгей - тақырыптың ортаңғы сөйлемдері жазылған кеспелер беріледі.
Осы кеспелер арқылы оқушылар білім деңгейіне қарай мақала мәтінін жазып шығады.

Шығарма - кеспе №1.
Ана тілі - арың бұл
Аялдама. Жақып қарт қасында тұрған қазақ жігітіне: «Балам, жанағы өткен қай автобус?» деп сұрады. Жігіт: «Не знаю, аташка», - деп бұрылып жүре берді...

Шығарма - кеспе №2
Наурыз тойы
Наурыз тойына әдейілеп шақырғандарыңа рахмет, қарақтарым! - деп батасын берді.

Шығарма - кеспе №3
Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді
Яғни, жыраулар тек қана ақын емес, үлкен ойшылдар, заманына баға беріп, болашақты болжаған жандар.

ІІ. «Жас Абай – шешен бала» атты мәтін бойынша шығармашылық диктант жүргізу. Үнтаспадан тыңдату.
Жас Абай - шешен бала
Абай ертеден – ақ өзіне біткен табиғи ерекшелік, сергек ой, сезімді жүрегінің арқасында талай жерде тапқырлығымен, шешендігімен байқала бастайды. Семейде оқып жүргенде құдасы Тінібайдың үйіне келсе, Тінібайдың досы Ақай бай келіп отыр екен. Ақай Абайды көріп, «Мынау көзі өткір бала кімнің баласы?»,- дейді. Сонда Тінібай: «Бұл Құнанбай мырзаның Ибраһим атты баласы»,- дейді. Сонда
Ақай: «Құнекеңнің бәйгеге қосуға дайындап жүрген құнан шығары бар екен ғой»- деп сөзбен қағытады. Сонда Абай: «Бұл кісі Найман елінің алақанына салып, әлпештеген ақ бүйрек алмасы ма?»- депті. Сонда Ақай: «Япырай, мына бала мені оңдырмай жеңіп кетті - ау, мен оны бәйге құнанға теңегенде, ол мені жейтін алма - ға теңегені ме?»- депті. Абай осындай шешендігімен ерте көрініп еді.
а) бір рет тыңдатып, сонан соң мұғалім көмегімен мазмұнын түсіну;
ә) екінші рет оқығанда мәтін мазмұнын конспектілеп, тезис жазу тапсырылды;
б) шығармашылық диктант жазу жұмысы жүргізіледі;
в) Семейде оқып жүрген құдасы Тінібайдың үйіне келсе, Тінібайдың досы Ақай бай келіп отыр екен.
Бұл сөйлемге синтаксистік талдау жасатып, ішіндегі етістік тұлғалы сөздерді теріп, тұлғалық талдау жасату.

Сабақты қорытындылау
ІІІ Топпен жұмыс
1. Топтастыру стратегиясын қолдану
Тіл ұстарту тақырыбын оқи отырып, сөздік қорымызды қаншалықты байыттық, нені ұқтық?
2. «Еркін жазу» стратегиясы бойынша ой - толғаныс. Қалаған тақырыбы бойынша мақала жазу(Үй тапсырмасы)
3. «Ой қорыту» стратегиясы
1. Бұл сабақтан нені үйрендің?
2. Ауызша мәтін құрау (тірек сөздерді қатыстыру)
ҚҰСТАР
Тірек сөздер: табиғат, құстар, қарлығаш, аққу, тіршілік, тары, үй, қамқорлық, көмекші, тал, Көркем, құрт-құмырсқа, арпа, бәрекелді.
Үйге тапсырма:
1. Қалаған тақырыбы бойынша мақала жазу.
2. Өзінің қызығып оқыған бір көркем шығармадан алған әсерлерін мақала етіп жазу.
БАҒАЛАУ.
19 423
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш сынып оқушыларының жазбаша тілін дамыту мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларының жазбаша тілін дамыту мәселелері
Қай тілде болса да жатық сөйлеп, сауатты жазу үшін, сөздерді бір - бірімен байланыстырып сөйлеу білу қажет. Ол тіл дамыту жұмыстарының алуан түрлерімен ұштасады.
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту
Сауатты жазуға төселдіру, көркем жазуға тәрбиелеу. Ұжымдық жұмысқа үлес қосу үстінде өз бетінше ойлау, іздену әрекетіне баулу.
Математика пәні бойынша бақылау жұмыстарының жинағы (6 - сынып)
Математика пәні бойынша бақылау жұмыстарының жинағы (6 - сынып)
Математика пәні бойынша бақылау жұмыстарының жинағы (6 - сынып) 5 - сыныпта өтілген тақырыптарды қайталау.
Келер шақ
Келер шақ
Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге одан әрі дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға үйрету.
Тіл ұстарту
Тіл ұстарту
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Ксупова Базаркул Жарылкасыновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×