Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есептер шығару (молекулалық формулаларды анықтау)

21 қараша 2015, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған
С. Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ
мектеп - интернат кешені, химия пәнінің мұғалімі
Темиралиева Аяжан Джигеровна

Қысқа мерзімді жоспар
Химия 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару (молекулалық формулаларды анықтау)
Жалпы мақсаты: - оқушыларға молекулалық формулаларды анықтауға есептер шығарта отырып, алған білім - білік дағдыларын қалыптастыру, интеллектуалдық деңгейін арттыру.
- оқушылардың ой - белсенділігін арттыра отырып, нақты және жүйелі шешім қабылдауға, бейметалдар мен металдар туралы алған білімдерін кеңейтіп, ой - өрісін, зейінін дамыту.
- шығармашылық ізденістерін, іскерлік дағдыларын, пәнге, білімге қызығушылықтарын арттыра отырып, өз бетімен білім ала білуге тәрбиелеу.
Сілтеме: Қосымша материалдар: “Анорганикалық және бейорганикалық химия” Ж. Шоқыбаев. Алматы "Қайнар", 1992 ж, Химия 8 - 11 сыныптар “Сандық есептер шығару әдістемесі” М. Б. Усманова, Қ. Н. Сақариянова. Алматы “Атамұра” 2004 ж. “Химиядан дидактикалық материалдар” Авторлары: Н. Н. Нұрахметов, Қ. Б. Бекішев, Н. А. Заграничная. Алматы"Мектеп" 2003ж

Оқу нәтижесі:
- теориялық білімдерін жүйелеп, молекулалық формулаларды анықтап, есеп шығару дағдысын қалыптастырады;
- іске асыру теңдеулерін жаза отырып, есептерді жүйелі, нақты шығарады;
- топтық жұмыста ұйымшылдыққа үйренеді.
Негізгі идеялар: Презентация, флипчарт, шаблон
Ресурстар және керекті құрал - жабдықтар, реактивтер
Интернет материалын пайдаланады. Бекетовтың электрохимиялық кернеу қатары кестесі, интерактивті тақта, смайликтер, бағалау парағы, қима қағаздар, рефлексия парағы, тапсырмалар парағы, стикерлер, маркерлер, стакандар, шыны таяқша, сынауықтар, штативтер, реактивтер: FeSO4, FeCI3, NaOH, AICI3.

Мұғалім әрекеті
Кіріспе
Психологиялық дайындық
Ұйымдастыру
- Сыныптың санитарлық - гигиеналық жағдайын бақылау;
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Топқа бөлу: Оқушыларды әртүрлі стакандар арқылы 4 топқа бөлемін. Солар бойынша:
І топ: Сары стакандар
ІІ топ: Жасыл стакандар
ІІІ топ: Қызыл стакандар
ІV топ: Көк стакандар
Әр топ өздерінің топ басшыларын сайлайды. Топ ережесін шығарады. Бағалау парағы таратылады.

1. Білу
"Менен жылдам сұрақ, сізден жылдам жауап"
Тапсырма № 1. “Футбол” ойыны. "Менен жылдам сұрақ, сізден жылдам жауап" арқылы үй тапсырмасы сұралады.
1. Параллель жүретін реакциялар дегеніміз не?
2. Қоспа дегеніміз не? Қоспаның қандай түрлерін білеміз?
3. Тәжірибе жүзінде қоспаларды тазарту әдістері қандай?
4. Күнделікті өмірде кездесетін қоспалардың маңызы қандай?
5. Орынбасу реакциясы деген не? Тотығу - тотықсыздану реакциялары деген не?
6. Гальваникалық элемент деген не?
7. Электродтық потенциал деген не?
8. Электролиз деген не?
9. Генетикалық байланыс дегеніміз не?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 436
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Факультативтік курс «Химиядан сандық есептерді шығару»
Факультативтік курс «Химиядан сандық есептерді шығару»
Химия пәнінен бұл бағдарлама жалпы мектептердің 9 - 11сыныптарында оқушылардың алған білімдерін әрі қарай тереңдете бекітіп, білімдерін тексеруге арналған.
Химиялық формула бойынша есептеулер
Химиялық формула бойынша есептеулер
Заттың Мr, күрделі зат құрамындағы элементтің массалық үлесін табуды есептер шығара отырып үйрету және логикалық ойларын дамыту. Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Күнделікті сабақ жоспары (алгебра 8 сынып)
Күнделікті сабақ жоспары (алгебра 8 сынып)
Дәреженің қасиеттерін есептер шығару барысында қолдана алу дағдыларын тексеру есте сақтау, зейін қою, өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту
Математика пәнінен күнтізбелік жоспар 5-9 сыныптар үшін
Математика пәнінен күнтізбелік жоспар 5-9 сыныптар үшін
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды селосы, С. Нұрниязұлы атындағы мектеп - интернатының математика пәні мұғалімі: Әлмұратова Перизат Керізбайқызы
Екі өрнектің қосындысының кубына есептер шығару
Екі өрнектің қосындысының кубына есептер шығару
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Тұрғызба селосындағы №4. М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің математика пәні мұғалімі Абдрахманова Кунсая Алмасовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×