Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жай және күрделі эфирлер

30 наурыз 2020, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Алматы облысы,
Райымбек ауданы, Ақсай орта мектебінің
химия биология пәні мұғалімі Сейфолдаева Бибігүл

Тақырыбы: Жай және күрделі эфирлер
Жалпы мақсаты: Оқушылар өткен тақырыптарда кездескен жай және күрделі эфирлер туралы ұғымдарын тереңдете отырып, құрамы, құрылысы, атаулары, изомерлері, қасиеттерін оқып үйренеді. Қолданылуын өмірмен байланыстыра отырып, практикалық маңызын түсіну. Өздік жұмыстары арқылы өзіндік оқып үйрену, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.

1 кезең. Қызығушылығын ояту
1 «Даналық ағашы»
2 кезең. Мағынаны тану.
«Миға шабуыл»
Презентация.
3 кезең. «Ой толғаныс»
топтық жұмыс «Аялдама»
« Бас қатырғылар» базары
Қорытындылау. Критериалды бағалау.
Рефлексия « Білім ағашы»
Сабақта қолданылған материалдар АКТ. Оқулық, презентация, салыстыру кестелері,»Даналық ағашы», «Білім ағашы», бағалау парақшалары. Смайликтер. Стикерлер. А - 4 маркерлер.
Оқыту әдістері: Интербелсенді оқыту әдіс - тәсілдері. Жұптық, топтық жұмыс. Критериалды бағалау. АКТ
Дерек көздері АКТ, оқулық, химиядан тапсырмалар жинағы. 11 сынып
Оқуға арналған тапсырмалар 10. 1 - 2 қайталау №6 есеп. Майлар, сабын туралы қосымша деректер жинақтап келу.

Топты қарсы алу Сергіту сәті Сәлеметсіздер ме. балалар! Бүгінгі сабағымызды танысудан бастайық. «Мен......»деген сөзге өздеріңнің жақсы қасиеттеріңді қосып айтайық

Қызығушылықтарын ояту.
1 тапсырма Оқушыларды топқа бөлу \3 мин\
Мұғалім: жасыл, қызыл, сары түстер арқылы 3 топқа бөлінейік. Шағын топтарда топ ережесін құру. Әр топтың«Мінсіз бақылаушыны» сайлайық. Бағалау парақтарын тарату

2 тапсырма Білімдерін жан - жақты тексеру. \8 мин\
« Даналық ағашында» өткен « Бір негізді қанықпаған қышқылдар» туралы сұрақтар ілінген. Төменнен жоғары қарай сұрақтар күрделене бастайды. 3 деңгейдің де сұрағына жауап берген, жоғары ұпай жинаған оқушы ағаш ұшындағы « Білім кілтін» ала алады.
Сұрақтар:
1 деңгей сұрақтары:\3 ұпайдан\
1. Карбон қышқылдары деп қандай қосылыстарды айтамыз? Табиғатта таралуы туралы не білесің?
\3 ұпай \
Жауабы: молекула құрамында бір немесе бірнеше сутек атомдары карбоксил тобына – СООН алмасқан көмірсутектердің туындылары. Табиғатта кең таралған Құмырсқа қышқылы - құмырсқада, қалақайда, сірке қышқылы - адам организмінде тәулігіне 400 гр түзіледі, зат алмасуға қатысады. Сол сияқты майда, малдың сүтінде, өсімдіктердің тамырында болады.
2. Карбон қышқылдары қалай жіктеледі? Негізділігіне байланысты нешеге жіктейміз?
Жауабы. Қаныққан, қанықпаған, ароматты. Негізділігіне байланысты бір негізді, көп негізді
3. Қанықпаған карбон қышқылдары қандай қосылыстар? Жалпы формуласын ата.

Толық нұсқасын жүктеу
8 217
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын сабақта тиімді қолдану
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын сабақта тиімді қолдану
Топ мүшелерінің сын тұрғысынан ойлауға бағыттай отырып, өз ойларын айтуға, жаңа тәсілдерді сабақта қолдануға мүмкіндік алу.
Күрделі Эфирлер. Майлар
Күрделі Эфирлер. Майлар
Күрделі эфирлер, майлар анықтамасын, олардың құрамы мен құрылысын қасиеттерін, Майлардың жіктелуін, Өңдеу жолдарын, Синтетикалық жуғыш заттар түрлерін олардың маңызы.
Күнделікті жоспар химия 11 сынып
Күнделікті жоспар химия 11 сынып
Жай эфирлердің кездесуі, изомериясы, номенклатурасы алынуы, қолданылуы, қасиеттері туралы білімді қалыптастыру;
Күрделі функция
Күрделі функция
Күрделі функция ұғымын, күрделі функцияны табу
Күрделі эфирлер. Майлар
Күрделі эфирлер. Майлар
Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Жамбыл атындағы орта мектебі Химия - биология пәнінің мұғалімі Айтмұқаева Гүлнара Жұмабекқызы
Майлар
Майлар
Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе гуманитарлық колледжінің химия пәні оқытушысы Тоқсанбаев Нұрбол Төребайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×