Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күз мезгіліндегі адамдардың еңбегі

16 наурыз 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Бастауыш сынып мұғалім Жолдас Р.

Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Күз мезгіліндегі адамдардың еңбегі

Сабақтың жалпы мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға табиғаттың әсем көрінісін бақылата отырып, әсемдікке, сұлулыққа баулып, эстетикалық талғамын арттыру, әрі оқи білуге, жүйелеп сөйлеуге жаттықтыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, ой - қиялын дамыту. Жинақы дұрыс сөйлеуге, сұраққа нақты, толық жауап беруге дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды күз байлығымен, көкөніс түрлерімен таныстыра отырып, оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға және еңбек етуге тәрбиелеу.

Қолданылатын модульдер мен әдіс - тәсілдер:
Жас ерекшелігіне қарай оқыту, Акт, сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Джигсо, мозайка әдісі, ойын әдісі, миға шабуыл әдісі

Көрнекіліктер: Суреттер, жұмбақтар мәтін, оқулық, постер құрату үшін плакаттар, критерилер жазылған таратпа парақшалар

Кіріспе 3 мин
Күннің суретімен топ мүшелері бір - біріне тілек тілеп шығады.
Ынтымақтастық атмосфера орнатады
Топқа бөлу Кеспелермен топқа бөлу Ағаштардың атауы бойынша топқа бөлінеді. 1 - топ Аққайың, 2 - топ Терек, 3 - топ Тұт, 4 - топ Шырша, 5 - топ Емен

Үй тапсырмасын пысықтау 5 мин
Өткен материал бойынша сұрақтар әр топқа беріледі
Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Б: «Күз» мезгілінде.
Күз мезгілінің ерекшелігін атаңдар?
Күз мезгілінің ай аттарын атаңдар?
Ауа райын немен өлшейміз?
Табиғат тұстарын атаңдар?
Өлі табиғат пен тірі табиғат дегеніміз не?

Жаңа материалмен жұмыс 15 мин
Әр топқа қиындылар үлестіріледі олар сол қиындылардан бүгінгі тақырыпты тауып шығады, яғни Мозайка әдісі арқылы тақырыптың мақсатын ашады.

Тақырыпты ашу үшін сұрақтар жуан, жіңішке
Жаңа сабақты қолдану
Топтарға берілген шығармашылық тапсырманы топ басшылары Джигсо әдісі арқылы ауысып топтарда түсіндіру жұмыстарын жүргізеді
Оқулықпен жұмыс

Мақалдар.
1. Еңбегің қатты болса
Жегенің тәтті болады.
2. Еңбек етсең емерсің.
3. Еңбек етпеген ішіп - жемейді.
Әр топ дайындап келген жұмбақтарын жасырады

Жұмбақ шешкізу.
1. Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан. ( Сәбіз)

2. Әр желінің асты толған көк қоян,
Көк қоянды жаз болғанда жеп қоям. (Қияр)

3. Іші жұмсақ, сүті қатты,
Еті қызыл, сүтті тәтті. (Қарбыз)

4. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең, жылатады. (Пияз)

5. Басым - дене, денем бас,
Мойным қысқа бұрылмас (Орамжапырақ)

6. Ұзын мұртты сарылар
Қойнында наны бар. (Бидай)

Жаңа сабақты қорытындылау
Күз туралы суреттер пайдаланып оқушылар постер құрастыру тапсырмасын орындатады оны қорғатады.

Бағалау
Формативті бағалау критери бойынша
Кері байланыс 3 мин
Оқушыларға стикер таратып өздеріне ұнаған сәттерін жазып тақтаға жеміс ағашына ілдіру

Рефлексия
Не сәтті өтті?
Не сәтсіз болды?
Нені дамыту керек?

Толық нұсқасын жүктеу
3 718
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам – мәдениетті жасаушы
Адам – мәдениетті жасаушы
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Оралхан Бөкей: «Тортай мінген ақ боз ат» әңгімесі
Оралхан Бөкей: «Тортай мінген ақ боз ат» әңгімесі
Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, өзіне таныс мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.
Бозторғай – дала сәні
Бозторғай – дала сәні
Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, құстарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Өз сөздерімен әңгімелеп беруге, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
Қазақша сөйлейміз
Қазақша сөйлейміз
СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласының №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рамазанова Сырға Қайырбекқызы
Көктем сәні. (Ертегі)
Көктем сәні. (Ертегі)
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бибінұр Құлмұханбетқызы Сеиітова
Күздің кереметі 3-сынып
Күздің кереметі 3-сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғаттың әсем көрінісін бақылата отырып, әсемдікке, сұлулыққа баулып, эстетикалық талғамын арттыру, әрі оқи білуге, жүйелеп сөйлеуге жаттықтыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×