Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасы

21 қаңтар 2022, Жұма
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Әдеби және тарихи ақиқат. Ілияс Жансүгіров«Құлагер» поэмасы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары AИ4 Салыстыру, анализ жасау
АИ3 Көркемдегіш құралдар мен стильді анықтау
AИ6 Оқу және дәлелді жауап беру
Әдеби тақырыптардағы жасырын мағыналарды талдау және оларды қазіргі өмірмен байланыстыру
Ақын - жазушының өзіндік қолтаңбасын, стилін анықтайды.
Жеке сынды дәлелдеу мен ұсыну, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарын пайдаланып, әдеби шығармалардағы қозғалған мәселелерді талдау

Сабақтың басы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа қызығушылықты ояту.
Қызығушылықты ояту
Сыныпты жылқы малына қатысты мақал - мәтелдермен 5 топқа бөлу.
1. Жақсы аттың артынан құнан ереді,
Жақсы жігіттің артынан ұлан ереді.
2. Жақсы аттан жал кетсе де, әл кетпейді.
3. Жомарт жоқтығын білдірмейді,
Жүйрік ат тоқтығын білдірмейді.
4. Жақсы ат алдынан сүрінбейді, артынан сүрінеді.
5. Жақсы жігіт пен жақсы ат көптікі.
Оқушылар мақал сөздердің мағынасын қысқаша түсіндіріп кетеді.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты және жетістік критерийлері таныстырылады.

Сабақтың ортасы
Мағынаны тану
Алдыңғы сабақта алған білімдерін байқау мақсатында ортаға сұрақтар тасталады.
Сұрақтар:
1. Ақан сері Ермеймен тауының етегіндегі кімнің асына келді?
2. Осы кезде бәйгеге қанша ат жарысқа түсті?
3. І. Жансүгіров "Құлагер" поэмасын қай жылы жазды?
4. Поэма неше бөлімнен тұрады?
5. Құлагерге өз бағасын берген кім еді?
6. Жүйрікті жарыста қай жерде мерт қылады?
7. Құлагерді Ақан қай көлдің жағасына арулап көмеді?
8. Оған белгі орнатқан Жүсіп төре деген кім?
9. Саған шығарманың қай тұсы үлкен ой салды?
Жауапты тақтаға стикерге жазып, аттың суретінің жанына жапсырады.
Соңғы сұрақты дәптерлеріне 2 - 3 сөйлеммен жазып, пікірлерін айтады.
Режиссер Болат Мансұровтың"Құлагер" фильмінен үзінділер көрсетіледі
• Оқушылар жұппен талқылайды.
• Тапсырма 1.
 Ақан серінің "Құлагер" әнінің мәтінімен танысады.
 3 жанрдың көтерген мәселесі мен тақырыбын, көркемдік шеберлігін, жанрлардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыра отырып, сыни көзқараста талдау жасайды. Оны кестеге толтырады. Соңында түйінді ойды бүгінгі өмірмен байланыстырып "Ыстық орындықта" жеткізеді.
"Құлагер"поэмасы
"Құлагер" әні
Фильм
Қазіргі өмірмен

Топқа поэмадан 5 тақырып таңдау беріледі.
«Ақан сері», «Еремендегі ас», «Құлегер - әкең тұлпар...», «Бәйгедегі егес», «Ақан трагедиясы
Тапсырма 2.
ТЖОқушыларға поэмадан үзінділер беріледі. Олар топта шығарма үзіндісінің негізгі идеяларымен жұмыс жасайды және мағынаны түсіндіру үшін өлең жолдарын оқи отырып, бет қимылын, би, музыканы қолданып қойылым қояды.
Басқа топтар қойылымда не баяндалғанын, оқушылардың осы бөлім арқылы негізгі идеяны сипаттай алғандығына комментарий білдіреді.
Топ өздері таңдаған поэма бөлімінде нені сипаттай алды, ақын өлеңі туралы өз ой пікірлерін ескертпелер арқылы жазып қалдырады.
Өздері бейнелеген оқиғада қандай мәселе ой тастады, оны бүгінгі өмірмен байланыстыра сөйлеу тапсырылады.
Ескерту: Оқушылар сөз қолданысында көркемдік тілді анық жеткізе алуы керек.
Саусақпен не жұлдызшамен бағалайды.
‘Ф’жұптық кері байланыс
Тапсырма 3.
Әрбір топ өздеріне берілген поэма үзінділерінен ерекше сөз қолданыстарын тауып, ақынның тіл шеберлігіне талдау бере отырып, стилін анықтайды.

Оқушыларға троп пен фигура туралы әдебиет теориясынан түсінік беріледі.

Троп (гр. tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қолданысы)
Троп түрлеріне көріктеу, меңзеу, теңеу, ауыстыру, бейнелеу, алмастыру, кейіптеу, пернелеу, әсірелеу, арнау, қайталау, шендестіру, дамыту, түйдектеу, бүкпелеу, кекесіндеу, т. б. жатқызылады. Мысалы, Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да (Абай).[1][

Сөз айшықтары орыс. фигуры речи — сөйлеудің әсемдігін, мәнерлілігін жиі қолданылатын амал - тәсілдер. Оларға: шендестіру, қайталау,
параллелизм, риторикалық сұрақ - жауап, дауыс ырғағы т. б. жатады
АИ6
1. Поэманы оқыған соң қандай сезім тудырады?
2. Поэманың құндылығы неде?
3. Ақын көтерген мәселе өзекті ме?
Сұрақтар арқылы пікірлесе отырып, ақпарат құралдарынан деректер алады. Оны дәлелді оймен қорытындылай отырып, поэманың құндылығын, көркемдігін дәптерлеріне жазады.
"Ф" бағалау
АҚАН СЕРІ ӘНІ
Құлагер
Жел соқса қамыс басы майда деймін,
Ат қостым, ат айдаушым, айда деймін.
Алдыңғы ат баран болмай, қылың болды,
Жығылмаса Құлагер қайда деймін.

Ор болып қалушы еді шапқан жерің,
Сүйсініп тұрушы еді қосқан елің.
Атығай Қарауылға олжа салған,
Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім.

Құлагер құнанында керім еді,
Нағашым сұрағанда беріп еді.
Ат қоса Ерейменге барғанымда,
Бір сыпшы көзі шыққыр көріп еді.

* * * * *
Маңмаңгер кекілің келте, жалың майда
Байлаған сені сылап қалқатай да
Жүресің желмаядай жануарым
Көрейін қызығыңды осындайда

Қайырмасы:
Ахау. туған елім
Балаң едім
Өзіңе осынау әнді
Ала келдім

Маңмаңгер, ән қосайын жүрісіңе
Дер екен қалқа қалай келісіме
Сыдыртып, Маңмаңгермен келе жатып
Осынау ән күйіндіріп түсті есіме

Қайырмасы

Маңмаңгер, кекілің келте, жалың майда
Бал татыр қант қосса қағаз шайға
Кісіден анау - мынау жалтару жоқ
Ақ көйлек, дүрия бешпет сәулем қайда

Атырау қаласындағы химия - биология бағытындағы
Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі Текеева Жанша Тажибаевна
Толық нұсқасын жүктеу
46 816
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ілияс Жансүгіров. Көкшетау («Құлагер» поэмасынан үзінді)
Ілияс Жансүгіров. Көкшетау («Құлагер» поэмасынан үзінді)
Павлодар қаласының №26 ЖОМ-де қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Макатова Гүлғайша Зияденқызы
Ілияс Жансүгіров "Күй поэмасы"
Ілияс Жансүгіров "Күй поэмасы"
Сам орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бисекенова Халима Ориновна
Ілияс Жансүгіров «Күй» поэмасы
Ілияс Жансүгіров «Күй» поэмасы
Атырау облысы, Индер ауданы, Боран Нысанбаев орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нигметова Самал Әділбайқызы
Ілияс Жансүгіров "Көктемде"
Ілияс Жансүгіров "Көктемде"
Шалқар қаласы, №6 орта мектебі Төреханова Г.
Ілияс Жасүгіров «Құлагер» поэмасындағы Құлагер бейнесі
Ілияс Жасүгіров «Құлагер» поэмасындағы Құлагер бейнесі
Сабақтың мақсаты: Құлагер бейнесі арқылы әлеуметтік теңсіздік сырын ашу.
Ілияс Жансүгіров "Жазғытұрым"
Ілияс Жансүгіров "Жазғытұрым"
№35 мектеп-гимназиясы Кемалова Зауреш Тыныштыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×