Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Химиядан сабақ жоспарлары (10 сынып)

21 тамыз 2016, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Химиядан сабақ жоспары
Пән мұғалімі Сыдықбекова Т. Н.

Тақырыптар
§1. 1, 1. 2. Химиялық элементтер, олардың периодтық жүйедегі орны. Атом, молекула және олардың сипаттамалары.
§1. 3. Химияның стехиометриялық заңдары.
§1. 4. Химиялық реакциялар, олардың жіктелуі.
§1. 5. Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі.
§1. 6. Қышқылдар мен негіздердің иондық теориясы. Лабораториялық тәжірибе№1


Сабақтың тақырыбы: §1. 1, 1. 2. Химиялық элементтер, олардың периодтық жүйедегі орны. Атом, молекула және олардың сипаттамалары.
Білімділік мақсаты:
Химияның бастапқы ұғымдарын, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын, химиялық қасиеттерін қайталау;
дамытушылық:
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын анықтай білу, химиялық қасиеттерін сипаттайтын химиялық реакция теңдеулерін құрастыра білу, түсіндіру, есте сақтау, көңіл аудару, есеп шығару білім - білік дағдыларын жетілдіру;
тәрбиелік:
сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ типі: Жаңа сабақ.
Сабақ өткізілу түрі: Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, 10 - ЕТЖ - 1 жаттығулар орындау, фронталды әңгімелесу, дәптермен жұмыс, 9 - ЕТЖ - 5;
Құралдар мен реактивтер: интерактивті тақта, 10 - ЕТЖ - 1, ХЭПЖ, кітап, дәптер.

Ұйымдастыру кезеңі: (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
- сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;
- оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.
ТҚ. Бойынша әңгімелесу. ТҚ. журналымен таныстыру.
Химия сабағына дәптер жүргізуге қоятын мұғалімнің талаптарымен таныстыру, сабаққа дайындалу.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Сабақтың білімділік мақсаты:
- үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру;
- білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді, тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау;
- кеткен кемшіліктерді жою.
Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.

Оқушыларды білімді, саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:
1. Сабақ тақырыбын хабарлау. Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою. Білімді жаңғырту.
(Актуализация )
Білімділік міндеттері:.
- оқушылардың білім алуға деген ынта - ықыласын жұмылдыру.
- оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы, ой қорытындыларын жасауы, жалпылай және жүйелей білуі.

2. Оқыту проблемалары:
Химияның бастапқы ұғымдары
1. Білімді жаңғырту:
1. Фронталды әңгімелесу:
 Атом, молекула, химиялық элемент деген не? Анықтама беріңдер;
 Мына элементтердің салыстырмалы атомдық массасын есептеңдер: калий, магний, алюминий.

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:
Білімділік міндеттері:
Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;
- оқушылардың білімді қабылдауына, алған білімнен қорытынды
шығаруға, жүйелеуге қажетті түрлі әдіс – тәсілдерді үйрету;
- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы; берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға, түсініктерді, заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

2. Мұғалімнің түсіндіруі:
Жаңа сабақты түсіндіру:
9 - ЕТЖ - 5 (3) жұмыс істеу – негізгі ұғымдарын қайталау.
2. Параграф 1. 1оқу – бірінші нұсқа
Параграф 1. 2 оқу – екінші нұсқа
3. Нашар үлгеретін оқушыларға көңіл аудару.
Жаңа сабақты қалай қабылдағанын алғашқы тексеру кезеңі:
Білімділік мақсаты:
- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;
- алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;
- кеткен кемшілікті жою жұмыстары; -
1. 10 - ЕТЖ - 1 дәптерімен жұмыс орындау: бірінші нұсқа №1 - 4, 6бет
2. (1 - 8) сұрақтарға ауызша жауап беру: 8 бет 1. 1параграфтан соң;
10бет (1 - 10) 1. 2. параграфтан кейін.

Білімді қорытындылау және жүйелеу:
- тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;
- оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;
• Атом – күрделі өте кішкентай бөлшек
• Молекула – бұл жай немесе күрделі заттың құрамы мен химиялық қасиетін сақтайтын, кішкентай бөлшектер
• Химиялық элемент – ядро зарядтары бірдей атомдардың түрі.
• 1 мольдің массасы - бұл молярлық масса
• Молекулалық кристалл торы бар күрделі заттар, алыну әдісіне қарамастан құрамы тұрақты болады: құрам тұрақтылық заңы
• Әрбір молекуланың салыстырмалы молекулалық массасы болады.
23
• Кез - келген заттың 1 мольінде 6. 02*10 бөлшек болады
• Бұл Авогадро саны
• Бірдей жағдайда әртүрлі газдың бірдей көлеміндегі молекула саны да бірдей. Бұл Авогадро заңы.

Үй тапсырмасын беру кезеңі:
Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.
§ 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 1.5, 1.6 жүктеу

§1.7, 1.8, 1.9, 1.10, 1.11 қарау
§1.12 қарау
§2.1, 2.2, 2,3, 2.4, 2.5 қарау
§2.6, 2.7, 2.8, 2.9, 2.10 қарау
§3.1, 3.2, 3.3, 3.4, 3.5, 3.6 қарау
§4.1, 4.2, 4.3, 4.4, 4.5 қарау
§5.1, 5.2, 5.3, 5.4, 5.5, 5.6 қарау
§ 6.1, 6.2, 6.3, 6.4 қарау
§ 6.5, 6.6, 6.7, 6.8 қарау
§7.1, 7.2, 7.3, 7.4 қарау
§ 8.1, 8.2, 8.3, 8.4, 8.5, 8.6, 8.7, 8.8, 8.9, 8.10, 8.11 қарау
§8.12, 8.13 қарау
§8.14, 8.15, 8.16, 8.17, 8.18, 8.19 қарау
§ 8.20, 8.21, 8.22, 8.23 қарау
§9.1, 9.2, 9.3, 9.4, 9.5, 9.6, 9.7, 9.8, 9.9, 9.10, 9.11, 9.12 қарау
18 711
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Химия 10 сынып
Химия 10 сынып
Химиялық байланыстың түрлері, ковалентті байланыс туралы білімдерін жүйелеу және қорытындылау, ковалентті байланыстың маңызды сипаттамалары туралы білімді қалыптастыру; Заттардағы химиялық байланыстың типін анықтай білу.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химияның бастапқы ұғымдарын, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын, химиялық қасиеттерін қайталау; Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын анықтай білу.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Оқушылардың периодтық заң, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесі, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесіне сипаттама беру, атомдағы, изотоптардағы электрондардың таралып орналасуы туралы білімді
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Галогендер туралы білімдерін жетілдіру, химиялық элементтердің атом құрылысы, жай зат - галогендер, олардың физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы, алынуы: хлордың оттекті қышқылдары туралы білімді қалыптастыру
Қышқылдар
Қышқылдар
Бейорганикалық қосылыстардың бір өкілі - қышқылдар, олардың құрамы, жіктелуі, химиялық қасиеттері, қолданылуы, маңызы мен зияны туралы түсінік қалыптастыру.
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Астана қаласы ЖШС « Медициналық – техникалық колледж» Биология химия пәндерінің оқытушысы Сатпаева Мағрипа Мағзұмқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×