Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ы. Алтынсарин. Салақтық

28 желтоқсан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың атауы: Ы. Алтынсарин. Салақтық.
Әдебиеттік оқу
Мақсаты. Күтілетін нәтиже
Мәтін мазмұнын түсіну.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтау. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз пікірлерін айту, дәлелдеуге дағдылану.
Сабақтың әдісі: эссе, «Миға шабуыл», Ассоциация, инцидент стратегиясы, «Шаңырақ» стратегиясы, «Синквейн», «Пирамида», «Табыс баспалдағы», «Свод кестесі» стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, Ы. Алтынсариннің портреті, суреттер.

Психологиялық ахуал
Сергіту сәтін өткізу.
«Шаңырақ» стратегиясы арқылы топқа бөлу. Топ басшыларын сайлау.
Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасы: шағын эссе « Ата - ананы құрметтеу»
Үй тапсырмаларын тексереді. 3 - 4 балаға өздері жазған эсселерін оқытады.
Үй тапсырмасын бекіту:
Міне балалар, сендер «Қадірлі әкелер, мейірімді аналар» бөлімін аяқтадыңдар. Осы бөлімдегі шығармалар қандай нақыл сөзге негізделген деп ойлайсыңдар?
«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер».
Олай болса, үлкенді сыйлап, айтқанын тыңдап, құрмет көрсетуіміз керек.
Формативті бағалау. «Бағдаршам»

Мағынаны тану
Интерактивті тақтадан «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы халық ауыз әдебиетіне не жататынын еске түсіреді.
Халық ауыз әдебиеті

ертегілер
аңыздар
жұмбақтар
шешендік сөздер
жаңылтпаштар
төрт түлік туралы
жырлар
мақал - мәтелдер
өтірік өлеңдер

- Енді мақал - мәтелден құрастырылған сөзжұмбақты шешейік. Оқулықтың 145 бетіндегі сөзжұмбақты шешкізеді.
- Осы мақал - мәтелдерге ортақ қандай тақырып беруге болады?
А) Туған жер, Отан туралы
Ә) Еңбек туралы
Б) Жақсы, жаман істер туралы
В) Ерлік, батырлық туралы
Өткен тараудан адамдық қасиеттің ең үлкені ата - ананы құрметтеу, айтқан тілін алу екенін білдік. Адам бойында түрлі қасиеттер болады. Ендеше бүгін біз «Адам болам десеңіз» деген бөлімді бастаймыз.
«Инцидент» стратегиясы бойынша «Салақ бала» туралы шағын көрініс көрсетіледі.
- Балалар Ернұр туралы не айтуға болады? Ол қандай бала?
- Осындай бала болуға бола ма?
Олай болса, бүгінгі өтетін тақырыбымыз Ы. Алтынсариннің «Салақтық» деген мәтіні.
- Салақтықты қалай түсінеміз? (ассоциация құру)
Салақтық

еріншек
кір
жалқау
лас
жуынбайды
таза жүрмейді

Топтық жұмыс: мәтінді бөлікке бөліп оқу. Әр бөліктің шегін ажыратып оқу.
1 - топ Керімнің салақтығы туралы.
2 - топ Керімнің қотыр болуы
3 - топ Керімнің таныстарының сөзі
4 - топ Керімнің ауруға шалдығуы.
Сөздік жұмысты дәптерге жазғызу.
Тәуір, сазайы, бәлеге душар болу

1 - топ Тазалық туралы мақал айт. Мағынасын аш.
2 - топ «Пирамида» әдісі арқылы мәтін мазмұнын баянда
3 - топ Мәтіннің авторы кім? Ол туралы не білесіңдер?
4 - топ «Синквейн» әдісі арқылы Керімді сипатта
Формативті бағалау «Бағдаршам»

Ой толғаныс
Топтық жұмыс
1 - топ Авторға хат жазады
2 - топ Мәтін кейіпкеріне хат
3 - топ Кейіпкерге мінездеме
4 - топ Свод кестесін толтыру

Формативті бағалау «Бағдаршам».
- Мәтіннің негізгі ойы не?
- Автордың негізгі ойын пайдаланып, тазалық, салақтық туралы мақал - мәтел айтайықшы.
Міне, балалар өздерің айтқандай тазалық - денсаулық кепілі екен. Ал денсаулық - зор байлық деп бекер айтылмаған. Олай болса, осы тазалықтың достарын біліп, олармен әрқашан дос болайық. Таза жүрсек деніміз де сау болады. Ешқандай ауру да бізге жоламайды екен.
Тазалық достары не деп білеміз? Аттарын атап, суреттерін жапсырып, жұмбақты шешейік Постер жасатады. ( су, су сабын, тарақ, сүлгі, айна, сабын, таза ауа, спорт)

Үйге тапсырма
Оспанхан Әубәкіров туралы деректеме жазу, Сүт қалай ұйықтады? ертегісін оқу. Сүттен жасалатын тағамдар туралы біліп келу.
«Тазалық - денсаулық кепілі» деген тақырыпқа эссе жазу.
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
«Табыс баспалдағы» арқылы

Қорытындылау
Кері байланыс
- Сабақ сендерге ұнады ма?
- Сабақтың ұтымды жерлері қандай болды?
Бүгінгі үйренгендерің сендер үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыңдар ма?
Осы тақырыпта тағы да не білгілерің келеді?

Мұғалім: Ш. Ж. Оразаева

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 402
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сауысқанның ұясы
Сауысқанның ұясы
Оқушылар мәтіннің мазмұнымен танысып, негізгі идеясын біле отырып, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді
Баубек Бұлқышев «Ана»
Баубек Бұлқышев «Ана»
Ананы жақсы көріп сыйлауға, құрметтеп аялауға тәрбиелеу. Ата - ананы, үлкенді сыйлауға, жақсы көруге баулу.
Ай – Жердің серігі
Ай – Жердің серігі
Ай туралы жалпы түсінік алады. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамытылады.
“Салақтық” Ы. Алтынсарин
“Салақтық” Ы. Алтынсарин
Тазалық - денсаулық кепілі
Ы.Алтынсарин "Салақтық"
Ы.Алтынсарин "Салақтық"
Қазақтың бас ұстазы Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылық жолын үлгі ете отырып, «Салақтық» әңгімесінің негізгі мазмұнын ашу
Менің сүйікті тағамым
Менің сүйікті тағамым
Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктерді жүйелі меңгерту негізінде оқушыларды тілдесім әрекетіне жетелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×