Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ы.Алтынсарин "Салақтық"

01 желтоқсан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ыбырай Алтынсарин «Салақтық»
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың мақсаты: 1. Қазақтың бас ұстазы Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылық жолын үлгі ете отырып, «Салақтық» әңгімесінің негізгі мазмұнын ашу;
Сабақтың міндеттері:
Мәтіннің негізгі идеясын ашады.
Табыс критерийлері:
1. Мақал мен мәтелдің айыра алады.
2. Мәтінді түсініп оқиды.
3. Мәтінге сәйкес мақалды таба біледі.
4. Мәтіннің мазмұнын талдай алады.
5. Жақсы - жаман қасиеттерді ажыратады.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: топтастыру, жұптық, сұрақ - жауап, ой қозғау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:
- Балалар, кәне бәріміз тұрып, бір - бірімізге жымия қарап, жылуымызды берейік.
- Бірінші алақанмен, екінші аяқпен, үшінші иықпен, төртінші арқамызбен, енді мұрынымызбен.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- «Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым» деген бөлімді қайталау.
Бөлімді қайталауға байланысты мен сендерге жұптық тапсырма беремін.
Аталған тапсырманы жұптасып орындайсыңдар.

Ой сергіту.
1. Әжетайым деген сөз қай мәтінде кездесті?
2. «Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған» деген жолдардың авторы кім? (Ы. Алтынсарин)
3. «Айдай анам» деген сөз қай мәтінде кездеседі?
4. «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген нақыл сөзге құрылған шығарманы ата. (Атасы мен немересі)
5. Диалог дегеніміз не?
6. Тентек сөзді қалай түсінесің? (Бұзақы)
7. «Үлгілі бала» деген кітабы бар балалар жазушысы кім? Ж. Смақов.
8. «Жеті атаңды білу» қажеттілігі қай шығармада айтылған? Ұшқан ұя.
9. «Әлди бөпем» деген жыр қалай аталады? (Бесік жыры)
10. Қабуснама дегеніміз не? Ертеде жазылған үгіт - насихатқа толы кітап. Оны жазған адамның есімі Қайқаус.
11. «Бәрі таппаған ақылды кәрі табады» деген сөз қай ертегіден оқыдыңдар?
12. Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым» бөліміндегі тақырыптар нені басшылыққа алған? үлкенді сыйлауды, құрметтеуді, ата – ананы сыйлау, қарсы шықпау.

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
- Балалар, біз осы уақытқа дейін әдебиет сабағынан қанша бөлімді өттік?
- Бүгін біз жаңадан «Адам болам десеңіз» деген бөлімді өткелі отырмыз.
- «Адам болам десеңіз» қай ақынның ұлағатты сөзі деп ойлайсыңдар?
- Абай Құнанбаевты кім деп танимыз?
- «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде атамыз нені басшылыққа алған?
- Бес асыл қасиетті, бес дұшпанды басшылыққа алған.
- Олай болса, бізде осы бес асыл қасиетті сабағымыздың ұранығып алайық. Яғни сабақта талаптанып, еңбектеніп, ойланып, бір - бірімізге көмектесіп, жауабымызға қанағаттанып отырайық.
Электронды оқулықты пайдалану.
1. Сөзжұмбақты шешейік. Мақал - мәтел жарысы.
1. Ғылым таппай мақтанба.
2. Асық ойнаған азар.
3. Ақыл – тозбайтын тон.
Білім – таусылмайтын кен.
4. Әдепті бала – арлы бала.
5. Бірлік түбі – тірлік.
6. Білім инемен құдық қазғандай.
7. Әдепті бала – арлы бала.
8. Талапты бала талпынған құстай.
9. Тазалық - денсаулық кепілі.
10. Ұрлық түбі – қорлық.
2. Сөзжұмбақтың ортасында яғни тігінен қандай сөздер шықты?
(Мақал, мәтел)
Мақал - мәтел туралы түсінік беру.
3. Осы мақал - мәтелдерге ортақ қандай тақырып беруге болады?
(Жақсы жаман істер туралы.)
Олай болса Ы. Алтынсариннің жақсы, жаман істер жайында жазылған «Салақтық» мәтінімен танысамыз.
4. Проблемалық сұрақ қою:
- Салақ деп қандай адамды айтамыз?
- Салақтық неден пайда болады?
- Салақтықтың соңы неге апарады?
5. Мұғалім: мәтінің мазмұны туралы мағлұмат беру.
6. Электронды оқулықтан мәтінді тыңдату.

7. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқушыларға оқыту.
8. Электронды оқулықтан тірек сызбаны пайдаланып, мәтіннің мазмұнын талдау.
9. Осы мәтін бойынша қай мақал - мәтел сәйкес келеді?
10. Келесі тапсырмамыз «Ақылдың алты қалпағы» атты оқыта үйрету формасы. Мен сендерді 6 топқа бөлемін. Әр топқа мәтін бойынша тапсырмалар беріледі.
1- топ: ақ қалпақтылар: Ы. Алтынсарин туралы не білеміз? Ы. Алтынсарин
туралы ақпарат беру.
2- топ: қызыл қалпақтылар: Осы мәтінді оқығанда да және тыңдағанда қандай сезімде, күйде болдыңдар?
3- топ: қара қалпақтылар: Сендер салақтықты жақтап көріңдерші?
4- топ: сары қалпақтылар: Салақтыққа қарама - қарсы пікір айтуларың керек.
5- топ: жасыл қалпақтылар: Жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата отырып, болашақта нені болжайсыңдар?
6- топ: Бүгінгі мәтін бойынша қорытынды түйін.

Сабақты қорыту: - Балалар, өмірде салақтық ол өте жаман қасиетке жатады. Салақ болмай керісінше ұқыпты, таза болуымыз керек. Мен ойлаймын біз сабақтың ұраны ретінде асыл қасиеттерді алған едік. Сол асыл қасиеттің бірі ұқыптылық және тазалық екен.
Табыс критерийіне тоқталу.
Бағалау:
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу және мазмұнын айту.

Алматы облысы, Талдықорған қаласы,
"Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы
№11орта мектебі" КММ - нің бастауыш сынып мұғалімі
Әлия Алиханқызы
9 816
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдебиеттік оқу пәніне арналған күнтізбелік - тақырыптық жоспар (2 сынып)
Әдебиеттік оқу пәніне арналған күнтізбелік - тақырыптық жоспар (2 сынып)
2 сыныптың әдебиеттік оқу пәніне арналған күнтізбелік - тақырыптық жоспар
“Салақтық” Ы. Алтынсарин
“Салақтық” Ы. Алтынсарин
Тазалық - денсаулық кепілі
Адам болам десеңіз
Адам болам десеңіз
Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді бір-бірінен ажырату, жақсыдан үйрену, жаманнан жиренуге баулу
Әдебиеттік оқу бойынша күнтізбелік жоспар 2 сынып
Әдебиеттік оқу бойынша күнтізбелік жоспар 2 сынып
Әдебиеттік оқу бойынша күнтізбелік жоспар 2 сынып
Ы. Алтынсарин. Салақтық
Ы. Алтынсарин. Салақтық
Өткен тараудан адамдық қасиеттің ең үлкені ата - ананы құрметтеу, айтқан тілін алу екенін білдік. Адам бойында түрлі қасиеттер болады. Ендеше бүгін біз «Адам болам десеңіз» деген бөлімді бастаймыз.
Ыбырай Алтынсарин "Таза бұлақ"
Ыбырай Алтынсарин "Таза бұлақ"
Жалғабаева Жанар "Атамекен орта мектебі мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×