Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әлемнің жарығын сыйладың сен маған… (коучинг)

05 сәуір 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Коучингтің тақырыбы: «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған…»
Мақсаты: Ғ. Мүсіреповтың туғанына 115 жыл толуына орай шығармашылығын шолу; АНА тақырыбына жазған шығармаларына тоқталу; Оқушылардың бойына аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту; Сонымен бірге өз халқының салт-дәстүрін білу, анаға құрмет көрсету, еңбегін ақтау, ардақтауға әрі үлкендерді сыйлауға үйрету мақсаты қойылды.
Қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Компьютер, интерактивтітақта, постер, маркерлер, үлестірмелі парақшалар, түрлі түсті қағаздар;
Психологиялық ахуал
Сергіту сәті: «Екі өтірік, бір шындық» тренингі
Топқа бөлу
1, 2, 3 саны арқылы топтарға бөлу
1. «Қызыл шар» тобы
2. «Сары шар» тобы
3. «Көк шар» тобы
Ой шақыру
Ана монологы клипін тамашалау

Негізгі бөлім
Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығына тоқталу;
«Аты аңызға айналған суреткер»
«Ананың анасы» (1933), «Өлімді жеңген ана» (1933), «Ашынған ана», «Ананың арашасы» (1934), «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1944), «Әмина», «Ана жыры», «Ана» шығармалары арқылы сөз өнеріне жаңа көркемдік өрнек әкелді. Ана жайында жазылған алғашқы әңгімелері М. Горький сарынында алынғанымен, ана бейнесі қазақы қасиеттерімен
көркем өрнектелген. Мүсірепов қаламынан туған Қапия, Ақлима секілді ана образдары арқылы қазақ өмірінің шынайы көріністері сипатталады. Ана туралы жазылған 8 новелласы бар екен. Атап айтқанда, " Адамның анасы", "Өлімді жеңген ана", " Ана кесімі айнымайды"," Ашынған ана", " Ананың арашасы", " Ақлима" т. б.

Ой толғаныс
Топтық жұмыс
1 - топ Топтастыру «Анамның жылы сөздері» немесе «Анам мені қалай еркелетеді?» постерге жазу
2 - топ «Менің анама әлемдегі ең сұлу жан» эссе жазу
3 - топ «Аман болсын, анашым!» өлең жазу

Шығармашылық жұмыс
Әр оқушы түрлі түсті қағаздан гүл жасайды.
Рефлексия
Шаттық шеңберінде аналарына құттықтау хат пен гүл сыйлау
Оқушылар мен аналар шеңбер жасап тұрып, оқушылар аналарына тілек жазылған құттықтау хат пен өз қолдарымен жасаған гүлдерді табыстайды.

Қорытындылау
Оқушылар аналармен қосылып Қ. Нұртастың «Мама» әнін шырқайды.
Аналарға тілектерін айтты.

Атырау облысы, Исатай ауданы,
Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы орта мектеп
ІІ деңгей бойынша сертификатталған, І санатты
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Кисамиева Улмекен Есқалиқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
1 643
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Шығарманың мазмұнын меңгереді, өз пікірін қорғайды, салт - дәстүрдің мәнін түсінеді, пікір алысады, талдайды, кейіпкерлер бейнесін жинақтайды;
Ата - ана алтын тұғырың
Ата - ана алтын тұғырың
Ата - анаға деген сүйіспеншілік сезіміне ата - ананы құрмет тұтуға үйрету; Ата – ананы қадірлеу, ардақтау, ата - ананың үмітін ақтауға баулу;
Ғабит Мүсірепов үлкен дарын иесі
Ғабит Мүсірепов үлкен дарын иесі
Оқушылардың білімдерін ұштастыра отырып, қазақ әдебиеті мен қазақ халқының дәстүрін ұғындыру. Тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын ояту, шығармашылық қабілетін арттыру, өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Менің анам - мұғалім
Менің анам - мұғалім
Халықаралық 8 - наурыз аналар мерекесіне арналады Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған... Түн. Ұйықтап кетіппін. Түн жарымда шамның жарығынан ояндым. Анам ояу отыр екен... Алдында жайып қойған ескіріңкіреген фотосуреттер. Көзіне қарасам, көзі
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Жезқазған қаласы, №10 жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Муканова Манат Умиржановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×