Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан территориясындағы ғұн тайпалары

13 қыркүйек 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
7 - сабақ
5 сынып
Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың аты: §7 Қазақстан территориясындағы ғұн тайпалары
Жоспары: Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Қазақстан тарихынан әңгімелер» оқулығы - 5 сынып, автор Артықбаев Ж. О. Сабданбеков Ә. Ә, Әбіл Е. Н Интернет материалдары
Жалпы мақсаты: 1. Ғұн атауы, «халықтардың ұлы қоныс аударуындағы» ғұндардың рөлі, ғұн мемлекеттік бірлестігінің қалыптасу тарихы, шаруашылық өмірі мен тұрмысы туралы білім беру;
2. Мемлекеттердің қалыптасуының алғышартын, оның белгілерін анықтай білу, карталарды сабақта тиімді пайдалана білуге дағдыландыру.
3. Топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Ғұн атауы, ғұн мемлекетінің тарихы және шаруашылық тұрмысымен таныса отырып, топтасып жұмыс істеуге бір – бірімен ой бөлісіп қорытынды жасауды, ойларын ашық және толық жеткізуге үйренеді.
Негізгі идеялар: Оқушылар ғұн мемлекетінің қалыптасып дамуы және тұрмыс тіршілігі туралы мәліметтермен таныса келе ғұн империясы туралы білу.

Тапсырмалар
1. Ой талқы
2. Топтық жұмыс(Мәтінмен жұмыс)
3. Жұптық жұмыс (Кесте толтыру)
4. Жеке жұмыс (Деңгейлік тапсырма)

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру
1. 1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу (2 - минут) назарын сабаққа аудару
1. 2. Топқа бөлу ( Үш топқа бөлінеді) (тиграхауда, хаомаварга, пародария) ( 2 - минут)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Жеке жұмыс (3 минут)
2. 1 Кесте толтыру

САҚТАР
Деректерде ---------------- Қалай атады?
Ирандықтарда ------------ Сақтар
Еуропада ------------------- Скифтер
Грек деректерінде ------- даилар, массагеттер, исседондар т. б.
Парсы деректерінде ----- Хаомоварга, тиграхауда, парадарайа

2. 2 Топтық жұмыс.
Сактар туралы тапсырмалар
І - топ
• Грек тарихшысы Геродоттың
• Грек саяхатшысы Аристейдің

ІІ - топ
• Парсының Бехистун жартасында
• Накши Рустемдегі тасқа кашалған жазуларда
ІІІ - топ
• Персепольдегі таска қашалған жазуларда
• Грек авторы Фукидидтің зерттеулерінде
Бағалау: Екі жұлдыз, бір ұсыныс

ІІІ. Жаңа сабақ
3. 1 Қызығушылықты ояту «Ой - талқы» (3 - минут)
(Тақтаға өтілген тақырыптардан таныс сөздер САҚ, ҒҰН, АЛТЫН АДАМ, МӨДЕ, КИР оқушылар таныс сөздерді сызып тастайды сонда бүгін өтілетін тақырып анықталады.)
1. «Ғұндар» картасы.
2. Жаңа сөздер жазылған плакат.
3. 2 Мәтінмен жұмыс. Топтық жұмыс (10 - минут)

3. 3 Кесте толтыру Жеке жұмыс (5 - минут)

4. 1 Жұптық жұмыс
Ғұн қоғамы қандай жетістіктерге қол жеткізді? (5 - минут)
(Ақ параққа жұбымен жеткен жетістіктері туралы жазады).

ІV. Бекіту Сұрақ – жауап
1. Қытай деректерінде ғұндар қандай атпен белгілі болды?
2. Ғұндардың аты тарихта қандай әлемдік тарихпен тығыз байланысты?
3. Қытай деректері бойынша ғұндардың алғашқы көсемі кім болған?
4. Аманат дегеніміз не?
5. Ғұндардың жоғарғы билеушісін қалай атады?
6. Ғұн коғамында жоғарғы билікке ие болған Мөде қандай атаққа ие болды?
7. Б. з. б. 188 жылы болған қытайлықтар мен ғұндар арасындағы шайқас кімдердің жеңісімен аяқталды?
8. Зерттеушілердің көпшілігінің пікірі бойынша ғұндар кімдердің арғы тегі болып есептелінеді?
9. Ғұн империясы қашан екіге бөлініп, ыдырады?
10. Ғұндардың баспанасы не болды?
11. Ғұндарда өркениеттің қозғаушы күші болған көсіп түрін ата.
12. Үлкен соғыстардың кезінде ғұндардың қолданған жебе түрі.

V. Сабақты қорыту, бағаларды хабарлау
Рефлексия 2 минут

Қазақстан территориясындағы ғұн тайпалары жүктеу
1 894
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан егеменді - мемлекет
Қазақстан егеменді - мемлекет
Тақырыпты оқыта отырып тарихи оқиғаның маңызын анықтай білу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, тарихи оқиғаларға баға бере білу қабілеттерін және жан - жақты ойлау қабілеттерін дамыту.
Шығыс даналары
Шығыс даналары
ІХ - ХІІ ғасырларда ғылымның дамуы және сол кезеңде өмір сүрген Қазақ жерінің ғалымдары туралы, олардың ғылымның дамуына қосқан үлестері туралы оқып білу.
Қазақстан территориясындағы көне түркілер
Қазақстан территориясындағы көне түркілер
Қазақ жеріндегі алғашқы ерте ортағасырлық мемлекет - түрік қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамы мен шаруашылығын түсіндіре отырып, мәдениетінің негізінде түрік өркениетінің қалыптасуын көрсету;
Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі (палеолит)
Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі (палеолит)
Тас дәуірінің ерекшеліктері туралы ақпарат беру Палеолит дәуірінің тұрақтарының мәнін түсінуге үйрету
Тарихи жәдігерлер
Тарихи жәдігерлер
Тарихи жәдігерлердің негізі түрлері. Деректер. Қосалқы тарих пәндері. Жазбаша тарихтың дамуы. Пиктография. Иеороглифтер. Шумерлік және египеттік жазбалар. Финиктер. Археология ғылымы. Археологиялық түсінік. Этнография және этнология. Ғылымдарына
Қысқа мерзімді жоспар тарих. Тарих туралы түсінік, Қазақстан тарихының кезеңдері
Қысқа мерзімді жоспар тарих. Тарих туралы түсінік, Қазақстан тарихының кезеңдері
Тарих ұғымымен және тарихи кездермен таныса отырып, топтасып жұмыс істеуге бір – бірімен ой бөлісіп қорытынды жасауды, ойларын ашық және толық жеткізуге үйренеді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×