Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың дүниетанымын қалай бейнелейді

20 қыркүйек 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың тақырыбы: Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың дүниетанымын қалай бейнелейді.
Сабақтың негізделген оқу мақсаттары: 5. 2. 2. 1 – археологиялық ескерткіштерді сипаттау
Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Мәтінмен жұмыс жасай отырып алғашқы адамдардың наным - сенімдері туралы түсінеді
Басым көпшілігі: Берілген ақпараты пайдалана отырып шағын әңгіме құрастырады
Кейбіреуі: Дерек көздерін талдау арқылы наным - сенімдердің, тотемизм, анемизм т. б. діни түсініктердің пайда болуының себеп - салдарларына талдау жүргізеді.
Бағалау критерийі
- Алғашқы адамдардың сенім - нанымдарын сипаттап мини эссе жазады.
- Суретті хат жазады. Шарты: сөздерді қолданбай - ақ, мағынасын суреттер арқылы жеткізу.

Тілдік мақсаттар
Негізгі сөздер мен тіркестер: Ру, алғашқы қауым, тобыр, аналық және аталық ру, абыздар, анимизм, тотемизм, фетишизм, магия, өнер, петроглифтер, гравюра, тері өңдеу, пиктография, археология, терімшілік, аңшылық, балық аулау, мал шаруашылығы, теселі егіншілік, еңбек бөлінісі, өнімді еңбек, жеке меншік, өндіруші шаруашылық, қолөнер, кен өндірісі, тоқымашылық, керамика, көзе т. б.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Адамның жануарлар әлемінен басты ерекшеліктері...
Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің ескерткіштері...
Алғашқы адамдардың тұрмыс тіршілігінде келесі өзгерістер орын алды...
Ежелгі адамдар өмірінде орын алған өзгерістерге келесі факторлар әсер етті...
Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың өмірі, дүниетанымы туралы келесі ақпараттарды береді...
Біздің анықтағанымыз...
Қорытындысында...

Құндылықтарға баулу Ежелгі адамдардың өмірі, тұрмысы туралы айтқанда ынтымақтастық, ашықтық құндылықтары қалыптастырылады.
Пәнаралық байланыс География
Алдыңғы білім
Ежелгі адамдардың алғашқы өмірі, тұрмыс - тіршілігі, кәсібі туралы біледі. Қазақстандағы археологиялық ескерткіштермен танысу негізінде ежелгі адамдардың эволюциясы, бастапқы діни - нанымдары, адамдардың бірлесу формалары, еңбек құралдарының жетілу кезеңдері жайлы білім алады.
Сабақтың басы
Сабақ басында:
«Ой қозғау»
Б «Тамғалы тас» деректі бейнематериалынан үзінді көрсету
• Алғашқы адамдар неліктен бұл суреттерді салды деп ойлайсыздар?
• Олар қандай ойды білдіргісі келді?
Осы сұрақтардың аясында бүкіл сыныптық талқылау ұйымдастыру

Сабақтың ортасы
Сократ шеңбері
Таңбалы, Ешкіөлмес, Жасыбай ескерткіштері туралы шағын мәтіндер мен осы ескерткіштің суреттер топтамасы оқушыларға ұсынылады. Оқушылар бұл петроглифтерді келесі критерийлерді басшылыққа ала отырып, зерттейді:
1. Петроглифтерде бейнеленген аңдардың және т. б. тізімін жасайды;
2. Бейнеленген көріністерді жазбаша сипаттайды;
3. Петроглифтердің ерекшеліктерін анықтайды:
- қандай аңдар көптеп салынды? Бұл неге байланысты болды? Сіздер қандай қорытынды шығара аласыздар?
- бейнеленген көріністер сол кездегі адамдардың тұрмыс тіршілігі туралы қандай ақпарат беруі мүмкін?
- осы петроглифтерді зерттей келе, олардың наным сенімдері, дүниетанымы туралы қандай нәтиже шығара аласыздар?
Венн диаграммасы: Өз зерттеулерінің негізінде Қаратау, Таңбалы, Ешкіөлмес, Жасыбай ескерткіштерінен табылған петроглифтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

Микрофон әдісі арқылы сыныптағы әр оқушы «петроглифтерді зерттеуші маман» кейпіне еніп, өз таңдаған петроглифтің «құпиясын» ашады. Оқушылар өздеріне ұнаған петроглифтерді таңдап, сол туралы барынша көп ақпарат іздейді, оны құндылығын сыныпқа негіздейді.

Сабақтың соңы
Үйге тапсырма. Оқушыларға үйге тапсырма ретінде суретті хат жазуды тапсырыңыз. Шарты: сөздерді қолданбай - ақ, мағынасын суреттер арқылы жеткізу.
Кері байланыс
Маған ұнады......
Мен тілеймін......
Маған.......... қиын болды

Ұлан ауданы, Каменка ауылы,
«Каменка орта мектебі» КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Ерсаинова А.С.

Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың дүниетанымын қалай бейнелейді жүктеу
23 093
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дүние жүзі тарихы пәнінен ҰБТ сұрақтары, жауаптарымен
Дүние жүзі тарихы пәнінен ҰБТ сұрақтары, жауаптарымен
Дүние жүзі тарихы пәнінен ҰБТ сұрақтары, жауаптарымен.
Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі
Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі
Адамдар өз білімдерін суретті хат – пиктография арқылы хабарлаған. Әрбір ұғымның өзіндік шартты таңбасы болған. Шұбар атты салу арқылы малдың індет ауруынан қырылғанын білдірген.
Алғашқы адамдардың пайда болуы
Алғашқы адамдардың пайда болуы
Ғалымдар алғашқы адамды “епті адам” (австралопитек) деп атайды. “Епті адам” Кения жеріндегі Олдувай шатқалында (Африка) табылған. Бұдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Алғашқы адамның кәсібі терімшілік пен аңшылық болды. Баспаналары – үңгірлер.
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар. Сыныптар: 8, 9, 10, 11
Діннің пайда болуы. Қазақ халқының діни наным сенімдері
Діннің пайда болуы. Қазақ халқының діни наным сенімдері
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, № 18 орта мектептің тарих пәні мұғалімі: Аманджолова Эльза Балтабековна
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Бисенбаева Анар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×