Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Ілімге толса көкірек»

29 қыркүйек 2017, Жұма
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қазақ әдебиеті 8 сынып
Тақырыбы: Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Ілімге толса көкірек»
Негізгі түйінді идея: Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын дамыта отырып, адам қасиеттерін танып - білулеріне ықпал ету
Оқу мақсаты: Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмір жолы мен шығармашылығы бойынша түсінік беру, «Ілімге толса көкірек» толғауының мазмұнын меңгерту.

ҰЙЫМДАСТЫРУ
Сыныптағы ахуалды анықтайды. Оларды жеңу жолын қарастырады. Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру
Үй тапсырмасын тексеру
«Зымыран сұрақтар»
 Шортанбай Қанайұлы кім?
 Шортанбай өмір сүрген кезеңде қазақ қоғамына қандай өзгерістер енді?
 Шортанбай шығармаларын атаңдар?
 Шортанбай шығармаларының басты тақырыбы не?
 Зар заман ақындары кімдер?
 «Зар заман ақындары» деген атауды кім берді?
 Қиянат пен әділетсіздік өріс алған заманға Шортанбай жырларымен сипаттама беріңдер
 «Зар заман» өлеңінде ақын неліктен өз заманына көңілі толмайды?
 Ақын кедей басындағы ауыртпалықтарды қалай суреттейді?
 Ақын адам бойындағы оғаш қылықтарды қалай мінейді?
 Зар заман мен бүгінгі заман белгілерін салыстырыңдар?
Түйін сөз:
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Шортанбайдың Зар заман өлеңдер топтамасы – заман сипатынан түңілген, халық үшін жаны күйген жанның толғанысы, дәуір айнасы», деп бағасын берген. Шортанбай – өмір сүрген дәуірдің ащы шындығын өткір тілмен жзырлап, халқының жарқын болашағынан зор үміт күткен ақындардың бірі.

КІРІСПЕ
Ой шақыру
Майлықожаның термесін тыңдату
- Нені тыңдадыңдар?
- Терме сендерге қандай ой салды?

Бүгінгі сабағымыз Майлықожа ақынның өмірі мен шығармашылығына арналады. «Ілімге толса көкірек» толғауын оқып, талдайтын боламыз.

1. Ақынның өмірі мен шығармашылығын слайдтан көрсете отырып түсіндіру.
2. «Ілімге толса көкірек» толғауын тізбектете отырып оқыту, мазмұнын ашатын сұрақтар қою.
 Ілімге толса көкірек,- дейді ақын. Көкірек деген сөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?
 Сендердің ойларыңша, ілім сөзі қандай мағына береді?
 Көкірек неге ілімге толу керек?
 Өлеңде қандай мәселелер сөз болып отыр?
 Толғаудың тақырыбы мен идеясы қандай?

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Дәйексөз. Толғаудың ішінен нақылға айналған сөздерді тапқызу. Топтарға бөліп тапсырма беру:
1 - топ: «Жігіттің көркі - өнері»
2 - топ: «Жақсының жолы - жарық күн»
3 - топ: «Сабыр – ақыл серігі»
(Майлықожа толғауындағы жолдармен салыстыра отырып, қазіргі өмірмен байланыстырып, пікірлерін сұрау)
Түйін сөз:
Майлықожа ақын: «Сөйлер сөзге келгенде, Ақындардың дүрі едім. Әншейінде көргенде, Көп қазақтың бірі едім» деп айтқан жолдарынан ақынның өмірдегі ең үлкен қаруы – ұлы да ұлағатты сөздері екенін аңғарамыз.

Салыстыру. «Бес асыл іс»

Майлықожа Абай

Түйін сөз:
«Күнгей қазағының Абайы» Өтеген Күмісбаев. Абай бүкіл қазақ үшін қызмет атқарса, Оңтүстік өлкесі үшін Майлықожа да сол өңірдің Абайы болып ыстық - суығына күйіп - пісіп, бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін алып қалған алғыр, қыран қанатты, қырғи тілді айтқыштардың бірі.

Өлеңді сатылай кешенді талдау.
Авторы -------
Тақырыбы -------
Жанр түрі ---------
Идеясы -------------
Құрылысына қарай талдау
Шумақ --------------
Тармақ -------------
Бунақ ----------------
Буын -----------------
Ұйқас түрі ----------
Әдеби - теориялық ұғымдар
Жыр -----------------
Жыршы ------------
Жырау --------------
Толғау ---------------

Алматы қаласы, Алмалы ауданы,
№ 24 лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Баймухамбетова Динара Бакытовна

Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Ілімге толса көкірек» жүктеу
8 676
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы
Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы
Ұлы ақынның шығармаларын оқыта отырып, Шортанбайдың шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыра түсу. Білім алушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру.
Абай Құнанбайұлы «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі
Абай Құнанбайұлы «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі
Абай өмірінен қысқаша мәлімет алады, «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін мәнерлеп оқиды мазмұнын түсінеді
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (күнделікті сабақ жоспары)
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (күнделікті сабақ жоспары)
Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармалары тағлымдық шығарма екенін түсіндіру; оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып, шешендік өнерге баулу
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары (8 сынып)
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары (8 сынып)
БҚО, Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хасанова Алия Салимовна
Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы
Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы
Мамбетаев Оралғалы Айдарханұлы Абай атындағы РММИ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Шортанбай – әлеуметтік өмірдің шынайы суреткері
Шортанбай – әлеуметтік өмірдің шынайы суреткері
Сабақтың тақырыбы: Шортанбай – әлеуметтік өмірдің шынайы суреткері
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×