Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы

24 ақпан 2019, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Шортанбай Қанайұлының өмірі, ақындық жолға түсуі, шығармаларының тақырыбы, халық мұңын жырлаудағы және қазақ әдебиетіндегі өшпес орны туралы білім алушылардың білімдерін кеңейту.
ә) тәрбиелік: Шортанбай шығармаларының тақырыбын аша отырып, білім алушыларды Шортанбай ақындай әділ, батыл болуға, еліне адал, жанашыр болуға, адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Ұлы ақынның шығармаларын оқыта отырып, Шортанбайдың шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыра түсу. Білім алушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру. СТО технологиясының әдіс - тәсілдерін пайдалана отырып, білім алушыларға өз ойларын ашық, жүйелі айтуға, еркін де, терең ойлап, үздіксіз жұмыс жасауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, СТО технологияларының әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: Шортанбайдың өміріне, шығармашылығына байланысты интернет желісінен алынған деректер, Шортанбайдың суреттері, өлеңдері.
Пайдаланылған әдебиеттер:
 С. ҚирабаевҰ. Асыл, «Қазақ әдебиеті 10 сынып». Алматы «Мектеп», 2006 жыл;
 Садырбаев С. Шортанбайдың ақындығы;
 Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері (Шортанбай ақын). Алматы, 2000 жыл.
Пәнаралық байланыс: тарих.

Сабақтың жүру тәртібі:
І. Ұйымдастыру: Білім алушылармен амандасу, түгендеу. Назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: С. Аронұлының өмірі мен шығармашылығы.
«Сандар сөйлейді»

 Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы Алматы облысы Қарақыстақ ауылының Бұлақ деген жерінде дүниеге келген.
 Сүйінбай Аронұлы 14 жасында ең алғашқы “Түс” деген өлеңін шығарған.
 Сүйінбай Аронұлы 25 жасында ақын атағы шығып, елге танымал болған.
 Сүйінбай Аронұлы 60 жыл бойы айтысқа қатысып, жеңіліп көрмеген аса көрнекті жырау.
 Сүйінбай Аронұлы 83 жасында дүниеден өткен.
 Сүйінбай Аронұлы 19 ғасырда өмір сүріп, халық мұңын жырлаған “зар заман” ақындарының бірі.

«Ойлан, тап» Семантикалық карта.
ІІІ. Қызығушылықты ояту.
Білім алушыларға Шортанбайдың суретін көрсетіп, «Ой қозғау» әдісін пайдалана отырып, сұрақтар қою:
1. Тақтада бейнеленген ақынды танимыз ба?
2. Ақынымыз қай ғасыр, қай заман ақыны?
3. Бұл ақынның қандай шығармаларын білеміз?

ІҮ. Мағынаны тану.
Жаңа сабақ, жоспары:
1. “Мына заман, қай заман?”
2. Шортанбай – халық мұңын жырлаушы ақын.
Ресейдің ел билеу жүйесін кезінде қатты сынаған ақынның бірі – Шортанбай Қанайұлы. Ол 1818 жылы осы күнгі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданындағы Қаратау - Қарназ деген жерде дүниеге келген.
Шортанбайдың отбасы 1835 жылдары, оның 17 жасында, Сарыарқа жеріне қоныс аударады. Арқаға келген соң, ол өзінің сөйлер сөзге шешендігінің, ділмарлығының әрі хат тани білетін зеректігінің арқасында осы елдің ішіне сіңісіп кетеді.
Шортанбайдың өмірі туралы деректер аз. Оның өмірінің көпшілік бөлігі Сарыарқа жерінде өтеді. Өзінің білімін кеңейту мақсатында ақын Бұқар жырау, Шал ақынның мұраларын аса қызығушылықпен оқып, зерттеген. Сонымен қатар Орынбай, Шөже, Асан ақындармен айтысқа түсіп, күш сынасқан.
Шортанбай заманы – Ресей патшалығы отаршылдығының күшіне еніп, қазақ өлкесін емін - еркін билей бастаған тұсы еді. Осындай аласапыран ауыр заманда өмір сүрген Шортанбай Қанайұлы – қазақ халқының тәуелсіздігінен айыра келген отаршылдыққа наразылық білдірген ақындардың бірі. Шортанбай Арқаға көшіп келген кездері Сарыарқаны сауда - саттық жайлады, мал - мүлік базарға түсті, жәрмеңкелер жандана түсті, базар нарқын ақша билей бастады.
“Мына заман, қай заман?
Азулыға – бар заман,
Азусызға – тар заман.
Тарлығының белгісі –
Жақсы жаннан түңілген,
Жаман малдан түңілген,
Мұның өзі – зар заман...
Шортанбайдың әдебиеттегі орнын анықтайтын да өз заманының сипатын ашып айта алған шыншылдығында. Ақын мұрасы қазақ қоғамы тарихындағы осы бір күрделі дәуірдің бейнесін кесек сомдаған сыншыл суреткерлігімен ерекшеленеді.
Асылық асқан заманда,
Алуан - алуан жау шықты,
Арам ораз хан шықты,
Қайырымы жоқ бай шықты.
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты...
Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы жүктеу
4 771
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ әдебиеті пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар 7 - сынып
Қазақ әдебиеті пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар 7 - сынып
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар 7 - сынып. Жылына 68 с, аптасына 2 c
Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Ілімге толса көкірек»
Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Ілімге толса көкірек»
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Шортанбайдың Зар заман өлеңдер топтамасы – заман сипатынан түңілген, халық үшін жаны күйген жанның толғанысы, дәуір айнасы», деп бағасын берген. Шортанбай – өмір сүрген дәуірдің ащы шындығын өткір тілмен
Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы
Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары Т/Ж6 Әдеби шығармаларға негізделген өзіндік жауап беру мақсатында мультимедианы меңгеру және қолдану
Шортанбай Қанайұлы (күнделікті сабақ жоспары)
Шортанбай Қанайұлы (күнделікті сабақ жоспары)
Ресейдің ел билеу жүйесін кезінде қатты сынаған ақынның бірі - Шортанбай Қанайұлы. Ол 1818 жылы осы күнгі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданындағы Қаратау - Қарназ деген жерде дүниеге келген. XIX ғ. орта шенінде Шортанбай Сарыарқаға келіп,
Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы
Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы
Мамбетаев Оралғалы Айдарханұлы Абай атындағы РММИ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Шортанбай – әлеуметтік өмірдің шынайы суреткері
Шортанбай – әлеуметтік өмірдің шынайы суреткері
Сабақтың тақырыбы: Шортанбай – әлеуметтік өмірдің шынайы суреткері
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×