Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы

24 сәуір 2013, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы білімді өзбетімен меңгеру

Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Ш. Қанайұлының шығармаларының тақырыптық - идеялық өзектілігін тану, білу. Жырларын оқу, түсіну. Ақын поэзиясының құндылығын ұғыну.
Тәрбиелік: Жас ұрпақты ақын шығармаларындағы адамгершілік, өрлік, адалдық, патриоттық, әділеттілік сияқты адамзат бойында болуы тиіс асыл қасиеттерге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Шәкірт санасында өзіндік көзқарас, пікір қалыптастыру.
Оқушыларды ізденуге, зерттеуге жетелеу. Тіл байлығын, поэзияға деген сүйіспеншілігін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: өз бетінше білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, іздену,
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кестелер, тірек сызбалар

Сабақтың барысы:
1/ Ұйымдастыру кезеңі.
І. Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасы:
1. Д. Бабатайұлы өмірі, шығармашылығы.
2. «О, Ақтан жас» өлеңі бойынша құрған жоспарларын тексеру, талдау, өлеңді жатқа сұрау.
3. Ізденіс жұмыстары (қосымша деректер)
4. Арнау (шығармашылық жұмыстар: өлең, эссе, ой толғау, сөз жұмбақ т. б.)

Сезіну бөлімі:
Іздену кезеңі: Оқулықтан, электрондық оқулықтан, интернеттен төмендегі сұрақтарға жауаптар іздейміз. (Интерактивті тақта арқылы төмендегі сұрақтар көрсетіледі.)
1. Шортанбай өмір сүрген заман қандай еді?
2. Ел билеу жүйесінде қандай өзгерістер болды?
3. Шортанбай өз заманын неге «зар заман» деп атады?
4. Бұл өз дәуіріне риза болмай, түңілуден, үмітсіздіктен, сары уайымнан туған ба?
5. Шортанбайдың осы бір «зар заман» деген сөзі не себепті кейінгі бір тұтас дәуірдің атына айналды?

Оқушылардың әр сұрақ бойынша дәлелді жауаптары тыңдалады.

Ойлау бөлімі:
Шортанбай зары

«Зар заман»
«Келер заман»
«Жарлының жаны берік - ті»
«Бір насихат айтайын»
«Қалықтаған сұңқар ем»
Осы өлеңдер нені дәлелдеу үшін жазылған?

Шортанбай ақынның ойынша заманды аздырушылар кімдер?
Заман
Үстем тап ------------------- Қоғам
Хан --------------------------- Отаршыл - дық саясат
Би ----------------------------- Сауда
Старшын -------------------- Ақша

Шортанбай не себепті дінге сүйеніп, құдайдың құдіретіне бас июге шақырады?

Ақын заман өзгерісіне сай адам бойында қандай құндылықтардың жоғалып, қандай жаман қылықтардың шығып жатқанына қынжылады?

Дәптермен жұмыс.
1.«Зар замандағы» қайталанған эпифора сөз. «Заман» сөзі
Талдау кезеңі: Өлең құрылысына талдау жасау. Қысқаша түсінік беру, еске түсіру.
Байлар ұрлық қылады
Көзіне мал көрінбей,
Билер жейді параны
Сақтап қойған сүріндей.
/Кезекті ұйқас /7 буынды, 2бунақты

2. Шортанбай өлеңіндегі мұсылман дініне байланысты енген араб сөздерін тізіп жаз.
Салыстыру жұмысы. (Оқушының қалауы бойынша)
Дамыту бөлімі:
1. Деңгейлік тапсырма «Дыбыстар сөйлейді стратегиясы»
Ш - Шортанбай шығармашылығында шындық пен сұмдық қатар суреттеледі.
О - Орыстардың қазақтың шұрайлы жеріне қоныстануына қарсы үн қатты.
Р - Реалистік тұрғыдан жырлап, өміршең өлеңдер туғызған.
Т - Тарлан таланттың тағылымы мол.
А - Арлы ақын, арманы биік шыңдардан.
Н - Насихатты, өсиетнамалы жырлар Шортанбай еншісінде.
А - Ақын заман өзгерісіне сай өзіндік үнін қалыптастыра білген тұлға.
Й – Игілікті ісімен халқының қалаулысы бола білген ақынның мұрасы бізге үлгі - өнеге.
2. «Сөзден сөз тудыру стратегиясы» Мұсылманшылық – мал, лақ, сым, ұсақ, қылыш, ұл, шам, лық, сан, ық, шұлық, ұлық, сал, малшы т. б. (сөз таптарына бөліп жазу)
3. Арнау (арнайы дайындаған ұйқас түрлері арқылы өлең шығаруға үйрету)
Жаңа сабақты бекіту.
Шортанбай Қанайұлын сендер қаншалықты таныдыңдар, қай жағынан бағаладыңдар. Мына кестені толтыру арқылы өздеріңді тексеріңдер.

№--- Шортанбай Қанайұлы ------------------------ Иә --------- Жоқ
1 Ақын
2 Медресе бітірген
3 Күрескер ақын
4 Жырау
5 Заман жыршысы
6 Сыншы
7 Діндар
8 Айтыскер ақын
9 Батыр
10 Шыншыл реалист

Қорытындылау.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру. Ш. Қанайұлы «Зар заман» өлеңінен үзінді жаттау.
Ізденіс жұмыстары (Айтыскер ақындығы туралы мәліметтер жинастырып келу)
Арнау (Ақын мұрасы жайлы өз шығармашылықтарыңыз)
30 024
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы
Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы
Ұлы ақынның шығармаларын оқыта отырып, Шортанбайдың шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыра түсу. Білім алушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру.
Бағдарлама, Абайтану 10 - 11 сынып
Бағдарлама, Абайтану 10 - 11 сынып
Абай Құнанбаев шығармашылығынан кең көлемде мәлімет беріледі. Ақынның өмірі, шығармашылығы, шығармаларындағы шыншылдық, тазалық, асқақтық, Абайдың қазақ әдебиетіне, поэзиясына қосқан үлесі айтылады.
Шортанбай Қанайұлы (күнделікті сабақ жоспары)
Шортанбай Қанайұлы (күнделікті сабақ жоспары)
Ресейдің ел билеу жүйесін кезінде қатты сынаған ақынның бірі - Шортанбай Қанайұлы. Ол 1818 жылы осы күнгі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданындағы Қаратау - Қарназ деген жерде дүниеге келген. XIX ғ. орта шенінде Шортанбай Сарыарқаға келіп,
Шығамын тірі болсам адам болып...
Шығамын тірі болсам адам болып...
Ақтөбе қаласы, №31 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ксупова Базаркул Жарылкасыновна
Шортанбай – әлеуметтік өмірдің шынайы суреткері
Шортанбай – әлеуметтік өмірдің шынайы суреткері
Сабақтың тақырыбы: Шортанбай – әлеуметтік өмірдің шынайы суреткері
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×