Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ халқының салт - дәстүрлері

24 сәуір 2018, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер
5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт - дәстүрлері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру (5. Ж 3);
Оқылым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу (5. Ж. 5)
Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау. (5Т/А1)
Сабақтың мақсаттары
Барлығы: Мәтінің мәнін түсінеді, сөйлеу арқылы, дәстүрлерді ажыратады.
Көбі: Салт - дәстүрлерді бейнелейтін сөздердің мағынасын түсіндіреді
Кейбірі: Салт - дәстүрлердің құндылықтармен байланысын дәлелдейді
Тілдік мақсаттар: Айтылым дағдылары үшін: Мәтіндегі негізгі ақпаратты беріп тұрған сөздер қайсы?
Қазақ дәстүрінде қайырымдылық қалай жүзеге асқан?
Сөздердің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықты түсіндір
Қандай салт – дәстүрлерді құндылықтар деп есептейсің?
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Сауын алу, ердің күйі, ас беру, салт - дәстүр
Құндылықтарды дарыту: Үлкенді кұрметтеуге, отбасылық дәстүрлерді ұғынуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Өзін - өзі тану, тарих
АКТ қолдану дағдылары: Кескіндер, суреттер
Бастапқы білім: Отбасы дәстүрлері

Кіріспе 3 мин.
Амандасу.
Күннен, жерден нәр алған
Біз - өмірдің гүліміз.
Бүгінгі күннің сәтінде
Сәтті болсын күніміз - деп оқушылармен сабаққа бейімдету психологиялық ахуал жасау
Түстерді таңдау арқылы топқа бөлу
«Алғырлар», «Дарындар», «Ойшылдар», «Білгірлер»
Ыстық орындық әдісі арқылы үй жұмысын тексеру
Интерактивті тақтадан «Қазақтың салт – дәстүрлері» атты бейнеролик көрсету арқылы оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын анықтап аламыз.
1. Балалар, бұл бейнероликте не жайлы айтылған?
2. Қазақ халқының тағы қандай салт – дәстүрлерін білеміз?
Ендеше балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы оқулықтың 45 - бетіндегі «Қазақ халқының салт – дәстүрлері»
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады).

Жаңа сабақ 7 - мин.
Тыңдалым дағдысы.
1 - тапсырма. Мұғалім оқыған мәтінді тыңда. Мұғалімнің қандай сөздерге екпін түсіріп оқығанын аңғар.
Сауын алу. «Ердің күйін сұрама, жұрттан сауын сауған соң» (ел аузынан). Бұрын кедейлер мен малы аз адамдар ауқатты байлар мен жақын ағайындарынан сүтін пайдалану үшін «сауынға» деп құлынды бие немесе бұзаулы сиыр, кейде бірнеше қой ешкіні де белгілі бір уақытқа сұрап алатын. Сауынға алған малдың сүтін, май, қаймағын пайдаланып, қысқа құрт, ірімшігін дайындайды. Сауын тәртібі бойынша алған адам малдың күйін төмендетпей және оның төлін де мезгілінде аман әкеліп тапсыруға кепілдік береді. Шығын болса, сөз айтпай төлейді. Сауын алудың ереже, тәртібі осындай, оған ешкім дау айта алмайды. Ертеректе кедейлер байлардан сауын алып күн көрген. Әдет бойынша малы бар адамдар сауын беруге міндетті болған. Бұған ел ағалары мен ақсақалдары да араласып, ауқатты кісілерді осындай жәрдемге шақырып, ықпал етіп отырған. Бұл да қазаққа біткен қайырымдылық қасиеттің бір көрінісі екені анық.
(«Қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары» кітабынан)
2 - Тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.
1. Мәтіндегі негізгі ақпаратты беріп тұрған сөздер қайсы?
2. Мәтіннен қандай ұлттық құндылықты байқап тұрмыз?
3. Қазақ дәстүрінде қайырымдылық қалай жүзеге асқан?
(Оқушылар ауызша жауап бере отырып, ішкі уәжді арттыра түседі).

Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы № 158 орта мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Кетепова Жаухар

Қазақ халқының салт - дәстүрлері. жүктеу
9 010
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жұлдыздар мен аңыздар
Жұлдыздар мен аңыздар
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) 5. Т/А1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау 5Ж. 5 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.
Қара шаңырақ
Қара шаңырақ
Ынтымақтастық, Қазақстандық патриотизм, тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы
Қазақ халқының «Салт» және «дәстүрлері». Традиции и обычаи казахского народа.
Қазақ халқының «Салт» және «дәстүрлері». Традиции и обычаи казахского народа.
Қазақ халқының «Салт» және «дәстүрлері». Традиции и обычаи казахского народа
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі, діни нанымдары туралы біледі. Көшпелі тайпалардың өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасай алады.
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі. Оқытушы: Айтбекова Алия
Халықтық әдеп-ғұрыптар
Халықтық әдеп-ғұрыптар
Қызылорда қаласы, № 178 орта мектебінің І санатты бастауыш сынып мұғалімі А. Керейбаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×