Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Монеталар

27 тамыз 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың тақырыбы: Монеталар
Математика 1 сынып
Ұзақ мерзімді жоспар:
4А - Күнделікті өмірдегі есептеулер
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: 1тг, 2тг, 5тг, 10тг, 20 теңгелік монеталарды бір - бірінен ажыратады, салыстырады.
Оқушылардың басым бөлігі: Құны әр түрлі монеталарды қолдана отырып қажетті соманы жинақтайды.
Кейбір оқушылар: Құны әр түрлі монеталарды қолдана отырып қажетті соманы жинақтап, дәлелдер келтіріп, қорытынды жасайды.
Бағалау критерийлері: 1. Құны әр түрлі монеталарды қолдана отырып, түрліше төлем жасай алады.
Тілдік мақсаттар: Монета, құны, тиын, теңге, құнынесептеу, қажетті сома, валюта
Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері:-
• Сіз ұлттық валютамызды атай аласыз ба?
• Сіз осы монеталар арқылы қажетті соманы қалай алар едіңіз?
• Сіз үшін ақшаның қандай қажеттілігі бар деп ойлайсыз?
• Берілген заттарға құнын жаза аласыз ба?
Құндылықтарға баулу: Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын дарыту
Пәнаралық байланыс Дүниетану, көркем еңбек
АКТ қолдану дағдылары
Таныстырылым. Электронды оқулықты пайдалану.
Бастапқы білім
Монеталарды біледі.
Теңгелік монеталарды өсу ретімен атайды.
Теңгелік монеталарды кему ретімен атайды.
Сабақ барысы
Сабақтың басы
Шаттық шеңбері: «Амандасу»
Әр елдің амандасу рәсімі арқылы амандасады (бейнежазбадан қарап жасайды)

Монеталар арқылы топқа бөлу
«Монеталар сылдыры» аудиожазбаны тыңдау
Теңге монеталары бар (1, 2, 5, 10, 20, 50, 100) қалталар алып қағып дыбыс шығарып, оқушылардан қалтада не бар екенін сұрау.
Оқушылардың монета туралы бұған дейін алған білімдерін еске түсіретін тақырыптарды талқылап, қалыптастырушы бағалау жүргізу. (Мадақтау)
Оқу диалогы
- Қалталарда не бар екен?
- Монета туралы не білесіздер?
- Монета дегеніміз не деп ойлайсыздар? (ақша)
- Бізге күнделікті өмірде ақшаның қажеті бар ма?
- Оны қалай табуға болады?
- Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады?
Оқу міндетін қою.
- Олай болса бүгінгі сабақта не білеміз?
- Теңге, ақша жайлы білетін боламыз
Қажеттілігін анықтаймыз

Теңге туралы таныстырылым (дүниетанумен байланыс)
- Сонымен Қазақстан валютасы қалай аталады?
- Ал сіздер тағы қай елдердің ақшасын білесіздер?
Құны аз монеталардан бастап біртіндеп көрсетіп, оқушылардың монета номиналын танитын, танымайтындығын анықтау мақсатында номиналдарын сұрау

Сабақтың ортасы
Тапсырма №1
«Ойлан, жұптас, бөліс»
Берілген монеталардың құнын салыстырыңыз. >, , <, = таңбаларын дұрыс қояды;
Қалыптастырушы бағалау
« Бағдаршам «әдісі арқылы
Қысқаша рефлексия
- Бұл тапсырмада не істедік?
- Нені қолдандық?
- Сіз үшін қандай пайдасы болды?
Қосымша тапсырма: Қатені тап. Монеталар қатарына қара ондағы заңдылықты тап.
Мектеп: Өскемен қаласы әкімдігінің №18 орта мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Абдрахманова Гульшат Докеновна
Монеталар. жүктеу
3 365
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақша. Монета
Ақша. Монета
Монеталар мен олардың тобын салыстырады.
Шамалар және олардың өлшем бірліктері. Ақша және теңге
Шамалар және олардың өлшем бірліктері. Ақша және теңге
Ақшаға қажетті заттарды сатып алуға болады. Заттарды сатып алу үшін металдан жасалған ақша монетаны да қолданамыз.
Ақша. Теңге
Ақша. Теңге
Монеталардың құны әртүрлі болатынын біледі. Монеталарды қолданып мысалдар шығара алады.
Қазақтың ұлттық ойындары. «Теңге ілу» ойыны
Қазақтың ұлттық ойындары. «Теңге ілу» ойыны
Монеталар (теңге) және олардың құндылық номиналдары туралы біледі. Бір - бірінен ажыратады, ақшаны пайдаланып, есептер құрастыра алады.
Ұзақ мерзімді жоспар. Проценттерге есептер шығару
Ұзақ мерзімді жоспар. Проценттерге есептер шығару
Пайызды оқи алады, ережелерді түсіндіре алады, есептерді талқылайды, өз ойын басқаларға жеткізе алады, қорытынды жасайды.
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту. Негіздері бірдей дәрежелерді бөлу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×