Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұлдыздар. Аспан әлемі

15 қараша 2018, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Аспан әлемінің құпиялары
5 сынып
Сабақ тақырыбы: Жұлдыздар. Аспан әлемі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 05. ӘТН1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.
05. ӘТН2. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу.
Сабақ мақсаты: Тақырыпқа сай ұсынылған мәтінді орфографиялық нормаға сай жазу.
Мәтіндегі ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес сөз тіркестерін ажырату.

Сабақтың басы 15 минут
Ширату. Жұмбақ шешу

Әйнектей көгілдір,
Теңіздей тым мөлдір. (Аспан)

Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. (Күн)

Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді. (Жұлдыз)

Айсыз түнде қараңғы,
Түнекте де боранды.
Бір орнынан жылжымай,
Бағыт берер бұлжымай,
Қандай жұлдыз шырағы,
Жол көрсетіп тұрады? (Темірқазық)

Дұрыстап аңғарсаң,
Көктегі бағдаршам. (Үркер)

Жұмбақтарды шешіп, олардың мазмұнына талдау жасалады.
- Жұмбақтар қандай тақырыптарда болды?
- Олардың жауаптарын қалай топтастыруға болады?
- Жауаптарына байланысты қандай ортақ тақырып ойластыруға болады? деген сауалдар арқылы тақырыпты болжау, жаңа сабақ тақырыбын хабарлау, сабақ мақсатын анықтау.

ТЖ. «Венн диаграммасы»
Оқушылар орфографиялық және орфоэпиялық норманың ережесі, айырмашылықтары туралы зерттеу жүргізіп, «Венн диаграммасына түсіреді.
: Б
ҚБ. «Жұлдызшалар»

Сабақтың ортасы
Ж. Мәтіндегі ілгерінді ықпалға негізделген сөздерді бір бағанға, кейінді ықпалды екінші бағанға, тоғыспалы ықпалды үшінші бағанға жазыңдар.

Үлгі: ілгерінді ықпал: ай+лы;
кейінді ықпал: ағ жолақ;
тоғыспалы ықпал: құш шолы;

Аспан сүті
Айлы түнде бұлтсыз аспанда солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан ақ жолақ көрініп тұрады. Ол Құс жолы деп аталады. Оған Күн жүйесі және тағы осындай бірнеше жұлдыздар жүйесі кіреді. Құс жолы күз айларында жақсы көрінеді. Жыл құстары көктемде келгенде және күзде жылы өлкеге қайтқанда осы жолдың бағытымен ұшады екен. Қазақтар, қырғыздар, түрікмендер бұл жолақты Құс жолы деп атайды. Құс жолы – әлемдегі миллиондаған галактикалардың біреуі. «Галактика» сөзі ежелгі мысырлық «гала» – «сүт» деген сөзден шыққан. Бұл галактика «Сүт жолы» немесе «Құс жолы» ретінде әйгілі.
(«Менің алғашқы энциклопедиям» жинағынан)

Мектеп: №74 ЖОМ
Мұғалімнің аты - жөні: Ділдән Нұрилла Әділбекқызы
Жұлдыздар. Аспан әлемі жүктеу
4 917
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жұлдыздар мен аңыздар
Жұлдыздар мен аңыздар
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) 5. Т/А1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау 5Ж. 5 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.
Аспан әлемінің құпиялары
Аспан әлемінің құпиялары
Түнгі аспанға көз салсаң, жұлдыздардың өрнектер, түрлі пішіндер құратынын көресің. Мұндай белгілі бір суретті құрайтын жұлдыздар тобын Шоқжұлдыздар деп атайды.
Бала қиялы
Бала қиялы
Дара және күрделі зат есімді ажырата отырып, орфографиялық нормаға сай жазу. Синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану
Дыбыс үндестігі
Дыбыс үндестігі
Ауызша, жазбаша жұмыстарын жүргізе отырып, оқушылардың теориялық білімін бекіту, іздендіре отырып, нәтижеге өз беттерінше жетуге үйрету.
Дыбыс үндестігі
Дыбыс үндестігі
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кусаинова Асемгуль Кенжебековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×