Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Дала комиссары» атты оқырман конференциясы

24 мам 2014, Сенбі
Категориясы: Кітапхана
Әліби Тоқжанұлы Жанкелдиннің туғанына 130 жылдық мерекесіне арналады

«Дала комиссары» атты оқырман конференциясы
1 - жүргізуші
Батырдың ісі өлмейді,
Қасақы жауды жерлеген.
Ақынның сөзі өлмейді,
Ақсұңқар құстай желдеген.
Жырлайын досым Әлиді,
Шапқан аттай өрлеген.
Он жеті жасқа жеткенде,
Қияға құлаш сермеген.
Жастайынан жаны ашып,
Ел мақсатын көздеген.
Патша мен бай, бектердің
Қорлығына төзбеген.
2 - жүргізуші
Қиын - қыстау кездерде,
Серік болған сөзбенен.
Міндетімді ақтайын
Тұра тұрсын өзге өлең.
Кешімізді ашып беру үшін сөзді мектебіміздің
директоры Б. Бекзатов ағайға береміз.
1 - жүргізуші
Бастаған күрестерге - жою үшін,
Дүрліккен дүниенің аралығын.
Танытып өз жолының саралығын,
Көтерген езілгеннің талап үнін.
2 - жүргізуші
Түнекті туды жарып Республика,
Қызыл гүлжайнап дала тақырында.
Сол күндер елес қағып алыстағы,
Тізілді толқындай боп таныс шағы.
«Ә. Т. Жанкелдиннің өмірбаяны» баяндама.
1 - жүргізуші
Жалынса да жас Әли
Оқудан бет бұрмады.
Ақылды жан тозар ма?
Ақылсыз жан озар ма?
Түсемін деді ол тәуекел
Ұлы думан базарға.
2 - жүргізуші
Арттағы ағайындар бұза алмады,
Оқуға дені қойған қатал ерді.
Ақыры оқуға ол келіп түсті,
Ақылы айдай болып көгіне ұшты
М. Әлімбаевтың «Әліби Жангелдин» деген
өлеңі оқылады.
1 - оқушы
Оқу, оқу, оқу деп,
Тартты Әли Қазанға.
Күткендей оны арманы,
Күткендей оны жаз алда.
2 - оқушы
Қазанға Әли жүдеп барып түсті,
Жең жалба, етік қисық, жыртық үсті.
Паналап күн көретін жері де жоқ,
3 - оқушы
Кеш қалған ел ішінен ерте туып,
Көп мезгіл құлазыған көңлі суып,
Еміреніп ұлы орыстың оқуына,
Талайды зирек Әли жетті қуып.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 378
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ана - тілі тірлігімнің айғағы
Ана - тілі тірлігімнің айғағы
Көпшілік оқырманға ана тіліміздің қадір - қасиетін дарыту, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқан ой - толғауларын оқып үйрену, ақиық ақындарымыздың тіл жайында толғаған өлең - жырларын оқып, танысып, тәлім -
Дала өсімдіктері мен жануарлары (слайд)
Дала өсімдіктері мен жануарлары (слайд)
Оқушылардың дала өсімдіктері және жануарлар әлемі туралы таныстыру, табиғатты қорғауға, аялауға, білімдерін дәлелдеуге үйрету. Оқушылар дала өсімдіктері және жануарларын танып біледі, табиғатты қорғауға бағытталады, білімдерін дәлелдеуге үйренеді.
Дала өсімдіктері мен жануарлары. Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары. Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары. Шөл өсімдіктері мен жануарлары туралы ақпарат беру. Дала және шөл өсімдіктері мен жануарларын ажырата білуге үйрету.
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894 - 1938) Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарының пайдасы туралы түсінік беру
Әліби Жанкелдин Тоқжанұлы
Әліби Жанкелдин Тоқжанұлы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Ә. Жангелдин атындағы №52 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханашы мұғалім: Сармантаева Батпа Абдиллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×