Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімді ұрпақ – ел тірегі

16 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
9 сынып
Тақырыбы: “Білімді ұрпақ – ЕЛ ТІРЕГІ”
Мақсаты: Математиканы оқытудағы оқушылардың қызығушылардың қалыптастыруда, есте сақтау қабілетін шыңдауда, ой - өрістерін кеңейтуге, оқушының пәнді терең меңгеруіне, білімге деген қызығушылығын арттырып, оларды ұйымшылдыққа тәрбиелейді.

Сайыстың жүру барысы:
1. Екі топқа бөлу
2. Үй тапсырмасы. “ Сөзжұмбақ”
3. Логикалық сұрақтар
4. Бұл кім?
5. Қазақтың ұлттық өлшем бірліктерін жазу
6. Сандар және математикалық терминдер
араласқан мақал - мәтелдер жарысы
7. Қорытынды

1 - бөлім оқушыларды екі топқа бөлу. Алдымен сыныпты екі топқа бөлеміз. Бірінші топ “Алғырлар”, екінші топ “Тапқырлар”. Енді үйге берілген тапсырма бойынша үйден дайындап келген сөзжұмбақ тарын бір - біріне береді. Сосын екі топ сөзжұмбақтарын шешеді. Алғырлар тобы 4 ұпай, Тапқырлар тобы 4 ұпай алды.

3 - бөлім. Логикалық сұрақтар.
“Алғырлар” тобына:
1. Ешқашан қиылыспайтын түзулер (параллель түзулер)
2. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем (аксиома)
3. Бөлімдерді 10, 100, 1000.... болып келген бөлшектер (ондық бөлшектер)
4. Қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы (синус)
5. Жазықтықта бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелердің жиыны (шеңбер)

«Тапқырлар» тобына:
1. Толық бұрыштың шамасы (360)
2. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем (теорема)
3. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер (перпендикуляр)
4. Нәрселерді санағанда қолданылатын сандар (натурал сандар)
5. Бұрышты қақ бөлетін сәуле (биссектриса)
Екі топта 3 ұпай еншіледі.

4 - бөлім: Бұл кім?
Бұл бөлімде математика тарихынан сұрақтар қойылады.
1. Координаталар жүйесін енгізген ғалым кім?( Р. Декарт)
2. Геометрияда жаңалық ашқан үшін Зевс құдайына жүз өгіз сойып, құрбан еткен кім? ( В. Пифагор)
3. Алгебраның негізін салушы, орта Азия математигі және астрономы, «Әл - жебр әл мүкабала» кітабының авторы кім? ( Әл - Хорезми)
4. Математика королы кім? ( К. Гаусс)
5. Қазақстандағы Республикалық физика - математика мектебі кімнің атымен аталады? ( О. А. Жәутіков)
Бұл бөлімде «Алғырлар» тобы 5 сұраққа да дұрыс жауап беріп, 5 ұпайды еншіледі. Ал «Тапқырлар» тобы ешқандай сұраққа жауап бере алмады.

5 - бөлім «Қазақтың ұлттық өлшем бірліктері». Әр топ өздері білетін қазақтың ұлттық өлшем бірліктерін жазады. «Алғырлар» тобы: ұзындық, аудан, көлем, уақыт, салмақ. «Тапқырлар» тобы: см, кг, мм, м, литр.
Бұл сайыста екі топта 5 ұпайдан алды.
6 - бөлім: Сандар және математикалық терминдер араласқан мақал - мәтелдер жарысы. Бұл жарыста «Алғырлар» тобы:
1. Жерді екі жыртқан, өнімді екі есе алады.
2. Әр қылған жақсылықтың бір қайтуы бар.
3. Шындық он екі қабат шынжырды үзеді.
4. Жетіге келгенше, жерден жеті рет таяқ жейсің.
5. Қырықта қылаң, елуде елес.

«Тапқырлар» тобы:
1. Болар бала жеті жастан бас болар.
2. Он мың сөздің түйінін, он сөзбен шеш.
3. Алты жыл аш болсаңда, ата салтыңды сыйла.
4. Отыз күн оразаның бір күн айты бар.
5. Бес бармақ жұмылса жұдырық болады.
Екі топта бес мақалдан айтып 5 - ұпай еншіледі.
Сонымен жалпы есеп бойынша «Алғырлар» тобы 17 ұпай, ал «Тапқырлар» тобы 12 ұпай еншілеп, бүгінгі сайыста «Алғырлар» тобы жеңіске жетті. Осымен «Білімді ұрпақ - ел тірегі» атты тәрбиелік шарамыз аяқталды. Назар аударып қарағандарыңызға рахмет.
3 481
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Жай сандарды және аралас сандарды қосу, азайту
Жай сандарды және аралас сандарды қосу, азайту
Математика пәніне деген қызығушылықты арттыру. Оқушылардың ой - өрісін кеңітіп, шығармашылық қабілетін дамыту.
Қызықты математика
Қызықты математика
Математиканың жан жақты екендігін көрсету. Әртүрлі ойлау, ойнау әдістерін қолдану арқылы студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын ояту болып табылады.
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
Тапқыр болсаң, тауып көр
Тапқыр болсаң, тауып көр
Бастауыш сынып мұғалімі Тәжібаева Гүлмира
Квадрат теңдеулер
Квадрат теңдеулер
Ибраева Динара Кенжебайқызы
Квадрат теңдеулер
Квадрат теңдеулер
№35 мектеп-гимназиясы Математика пәні мұғалімі: Төреханов Қасымхан Алмасханұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×