Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Ақтау- Астана» бағыты бойынша «Мектеп - білім» математикалық ойыны

14 қыркүйек 2014, Жексенбі
Категориясы: Математика
Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, ынталандыру, математика пәнін өмірмен байланыстыру.
Әдісі: Ойын жүргізу, өзара жарыс.
Көрнекілігі: 1. Поезд - үш вагоннан тұрады.
2. Анықтама бөлімі.
3. Касса.
4. «Космосқа ұшу» ойыны.
5. Бетшелердегі есептер.
6. Аквариумдағы балықтар.
7. Есептер, ребус, жұмбақ.

Жоспары: 1. Ұйымдастыру.
2. Поезға билет алу.
3. Жолаушылар арасындағы сайыс.
4. Қорыту.
Жүрісі: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін 7 - сыныптар арасында өтетін «Ақтау - Астана» бағыты бойынша «Мектеп - білім» математикалық ойынын бастаймыз.

1 - жүргізуші. Уа, жарандар, жараңдар,
Мына бізге қараңдар.
Бөлмеде біздің тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз.
Кешіккенді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы,
Математика жайында,
Ойынымызды бастаймыз.

Жүргізуші – 2. Ойынға қатысушы оқушылар келіп, тапсырмаларын алуға болады. Тапсырманы алып, орындарынан шығарып, анықтама бөліміне тапсырады. (15 ұпай жинағандар купеге, 12 ұпай жинағандар плацкартқа 8 ұпай жинағандар жалпы вагонға билет алады). Осы ұпай саны бойынша кассадан билет алады.
Жүргізуші: (3 рет қоңырау соғады). Ойыншылар жолсерікке билеттерін көрсетеді де вагонға отырады.

1 - жүргізуші. Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір - бірімен жатқан шулап, жалғасып,
Бір - бірімен жатқан тулап, арбасып,
О, толқындар арпалысып алға шық -
деп ақын жырлағандай, ендеше қай топ алға шығар екен.
Купедегілер - «Алғырлар», плацкарттағылар - «Тапқырлар», жалпы вагондағылар «Ойшылдар» тобы.

2 - жүргізуші. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар «Ақтау - Астана» бағыты бойынша «Мектеп - білім» поезы жолға шықты.
Ойыншылар(әндетіп).
Өнер қуған математик жастармыз,
Есептерді лезде шешіп тастаймыз.
Командалық ылғи тапқыр, қырандар,
Жарысуға келіп тұрған ұландар.

1 - жүргізуші. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар «Мектеп - білім» поезы «Балықшылар станциясына» келіп тоқтады. Бұл станцияда «Балық аулау» ойыны ойнатылады. Әр топтан бір оқушы келіп балық аулайды, яғни балықтағы есепті шығарады. (Балық аулау ойыны).
2 - жүргізуші. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар «Мектеп - білім» поезы жолға шықты.
Ойыншылар: Білім қуған біз оқушы ұландар,
Келіп тұрған жарысуға қырандар.
Есеп десе ішкен асын қоятын,
Біз боламыз математик ұландар.

1 - жүргізуші. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар «Мектеп - білім» поезы «Жұмбақ» станциясына келіп тоқтады. Бұл станциясы жұмбақ шешеміз. (Үш топқа үш түрлі жұмбақ беріледі)
2 - жүргізуші. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар «Мектеп - білім» поезы жолға шықты.
Ойыншылар: Шақырып жарыстарға сан салалы,
Ұландар топ жарғалы жар салады.
Ту етіп достық пенен татулықты,
Қарсылас командасын қарсы алады.

1 - жүргізуші. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар «Мектеп - білім» поезы «Ойын» станциясына келіп тоқтады. Бұл станцияда «Космосқа кім ұшады?» ойыны ойналады, есепті қай топ дұрыс шығарса, сол ұшу керек. ( «Космосқа кім ұшады?» ойынында дөңгелекшелерге есептің шарты жазылып, №3 есепке жетіп шығарған топ космосқа ұшады).
2 - жүргізуші. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар «Мектеп - білім» поезы өз сапарын жалғастырады.
Ойыншылар: Ұландар биіктерде қалықтасын,
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туы желбіреп алауласын,
Бәйгені бізден ешкім ала алмасын.

1 - жүргізуші. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар «Мектеп - білім» поезы «Ребустар» станциясына келіп тоқтады. Мұнда үш топ ребус шешеді.
2 - жүргізуші. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар «Мектеп - білім» поезы жолға шықты.
Ойыншылар: Достық пен бірлікті біз етіп тұлға,
Жеңіспен жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділқазым,
Еңбегін ұланыңның әділ сына.

1 - жүргізуші. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар «Мектеп - білім» поезы Астана қаласына келіп тоқтады.
2 - жүргізуші. Сөз әділ - қазылар алқасына беріледі.
1 - жүргізуші. Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Мектеп - білім» поезы өз сапарын аяқтады. Келіп тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет, хош сау болыңыздар.
3 662
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Логикалық есептер сайысы
Логикалық есептер сайысы
Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Математиканың жанкүйерлері! Бүгін біз математиканың қыр - сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық! /ойын мақсатымен таныстыру/
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, №1 жалпы орта мектеп - интернатының информатика пәні мұғалімі Пиралиева Айкерим
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Математика пәні мұғалімі Избасарова Сандеш Тулегеновна
Математика - кең өрісті ғылым
Математика - кең өрісті ғылым
Математика пәні мұғалімі: Избасарова Сандеш Тулегеновна
Ғажайып информатика
Ғажайып информатика
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №248 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Меңдалиева Райса
Математикалық марафон
Математикалық марафон
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі Туребекова Жаңылсын Барсаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×