Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелер тарауын қайталау

30 қазан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелер тарауын қайталау
Мақсаты:
• Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелер тақырыптары бойынша алған білімдерін жалпылап, тиянақтау, қосымша мәліметтер беру. у=ах 2 у=ах 3 функциялары және олардың қасиеттері, графиктері тақырыптары бойынша алған білімдерін тиянақтау, жинақтау;.
Функция графиктерін салу біліктілік дағдыларын шыңдау;
• Тиімді әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың ой - өрісін кеңейту, өздігінен жұмыс жасау, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
• Оқушыларды нақтылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу.

Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру
2. Сабақ барысымен таныстыру
3. Қайталау
• Графикалық диктант
• Кестемен жұмыс
• Есеп шығару
• Функцияның қасиеттерін анықтау
• Топпен жұмыс
• Тарихи деректерге шолу
• Үйге тапсырма
• Бағалау
4. Сабақты қорытындылау

Сабақ барысы
1. Оқушылармен амандасып, түгендеп, оқушыларды сабаққа даярлау
2. Оқушыларды бүгінгі өтетін сабақ барысымен таныстыру
- Бүгінгі сабақта біз тарауды қайталап, алған білімдерімізді көрсетеміз. Ол үшін біз сабағымызды аспан жұлдыздарымен байланыстырайық. Түнгі аспанға қарасандар жеті қарақшы жұлдызының жарқырап тұрғанын көресіңдер. Міне бүгінгі сабағымды мен осы жеті қарақшы жұлдызымен байланыстырғым келіп отыр. Бұл жеті қарақшының жеті жұлдызын оқушының бойындағы жеті қасиет деп қарастырайық. Егер оқушының бойында осындай жеті қасиет болса, ол нағыз осы жеті қарақшы сияқты жарқырап тұрар еді деп ойлаймын. Ендеше сабағымызды осы жеті жұлдыздың қасиеттерімен таныса отырып, өткізейік.

3. 1 - ші жұлдыз: Зерек
Графикалық диктант: иә - ____ жоқ -
- Негіздері бірдей дәрежелерді бөлгенде негізін өзгеріссіз қалдырып, бөлінгіштің дәреже көрсеткішін бөлгіштің дәреже көрсеткішіне қосамыз (азайтамыз)
- (а 3) 2 = а 5 тең (а 6)
- (- 3х2у8) 2 = 9х4у16
- Дәрежені дәрежеге шығарғанда, негізін өзгертпей дәреже көрсеткіштері қосылады.
- 3 - 5 ∙ 33 = тең ( )
- Бөлшекті дәрежеге шығарғанда, оның алымының да, бөлімінің де әрбір көбейткішін осы дәрежеге шығарады.
- (2999+ 3001) 0 = 6000 – ға тең?
- Негіздері бірдей дәрежелерді көбейткенде, олардың дәреже көрсеткіштерін қосып, негіздерін өзгеріссіз қалдырамыз.
- (- а) 10 ∙ а5 ∙ (- а) 3 = а 18 (- а 18)
жауап:

2 - ші: Шапшаң
Кестемен жұмыс. Тақтада сызылған кестеге 2 мен 3 - тің 1 - ден 10 - ға дейінгі дәрежелерін жазу керек.
Екінші кестеде 2 - ден 9 - ға дейінгі сандардың квадраттары мен кубтарын жазу керек
3 - ші: еңбекқор – оқушы
Оқушылар кезек-кезек шығып, карточка алып, тақтаға есеп шығарады.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
4 - ші: зерттеуші
Бұл жерде оқушылар берілген квадраттық, кубтық және кері пропорционалдық функциялардың қасиеттерін жазу керек
5 - ші: ұйымшыл
Оқушылар қатар қатармен топқа бөлінеді. Алдарына қиқымдалған формулалар беріледі. Олар сол формуланы дұрыс құрастырып, ережесін айту керек.
6 - шы: іздемпаз
Мұғалім натурал және бүтін көрсеткішті дәреже туралы қысқаша мағлұмат береді.
• Ағылшын математигі С. Стивин санды дәреже түрінде жазуды ойлап тапты: 3(3) + 5(2) – 4.
Қазіргі кездегі түрі: 33 + 52 – 4
• Дәрежені ең көп қолданатындар астрономдар. Олар әр қадамдарында алып сандармен кездеседі және олармен есептеулер жүргізеді. Мысалы: Андормеда тұмандығына дейінгі ара қашықтық 95000000000000000000 км, Күн массасы жуықтап алғанда 2000000000000000000000000000000 кг. Осындай алып сандарды жазу, есептеу қиындыққа соғады. Сондықтан санды стандарт түрде жазуды қолданады. км және кг. Сонымен қатар дәрежені биологтар, химиктер де қолданады.
Осы сияқты оқушыларға да өздері іздеп табуға тарихи мағлұматтардан тапсырма беріледі. Және де үй жұмысына тапсырма карточка таратылады.
7 - ші: жауапты
Сабақтың нәтижесін шығарып, оқушылар бір бірін бағалайды. Бұл өте жауапты іс екенін ескеру керек.

4. Артынан оқушылардың қойған бағаларының қорытындысын шығарып, сабақты қорытындылау
6 527
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар, Алгебра 7 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар, Алгебра 7 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар. (Алгебра 7 сынып)
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Натурал көрсеткішті дәреже анықтамасын және оның қасиеттерін, түсіндіріп, өз беттерімен жаттығулар орындауға баулу.
Алгебра пәнінен 7 -сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарларының үлгілері
Алгебра пәнінен 7 -сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарларының үлгілері
Натурал көрсеткішті дәреже» ұғымын таныстыру. Оның ережесін қорытып шығаруға үйрету, есеп шығаруда қолдана білуге баулу;
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту. Негіздері бірдей дәрежелерді бөлу
Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелер.
Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелер.
Мақсаты: Оқушыларға дәреже дәреженің негізгі және көрсеткіші, натурал көрсеткішті дәреже, дәрежеге шығару ұғымдарымен, дәреженің қасиеттерімен таныстыру.
Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Абай атындағы орта мектебі Математика пәні мұғалімі Айтымбетов Манарбек
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×