Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


5 - 6 сыныптарда «координат жүйесін» оқытудағы сабақтастық

25 желтоқсан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Математика
№6 орта мектептің директоры
Бимағамбетова Күрең Кітабайқызы

5 - 6 сыныптарда «координат жүйесін» оқытудағы сабақтастық

Қазіргі қолданылып жүрген оқулықтарға талдау жасағанда «Жазықтағы декарттық координат жүйесі» тақырыбын оқытуда мынадай кемшіліктердің бар екенін байқадық.
1) Теориялық және қолданбалы мәселелердің оқылу ретінің әр түрлілігі: координат сәулесі (теория)- шкалалар (қолданбалы мәселе); сызықтық диаграмма (қолданбалы мәселе)- жазықтықтағы координат жүйесі (теория).
2) Координат жазықтығымен жұмыс істеу іскерліктерінің қалыптасу деңгейінің төмендігі. Оған себеп оқулықтарда осы мәселеге байланысты есептердің аз болуы және координат жүйесі 6 - сыныптың соңында оқылады да, оған сәйкес іскерліктерді бекітуге уақыт аз қалады.
Аталған кемшіліктерді болдырмау үшін координат жүйесін 5 - 6 сыныптарда сабақтастықты жүзеге асыру арқылы оқытқан жөн. Мұнда келесі талаптарды ескерген дұрыс:
а) жаңа, қажетті ұғымдар анықтамасыз беріліп, оқушылардың өмірден алған білімдері арқылы түсіндіріледі;
ә) жаттығулардың қиындық деңгейі 5 - 6 сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;
б) 5 - 6 сынып математикасына жаңа жаттығулар жүйесін енгізу курстың негізгі мәселелеріне сәйкестендіріліп енгізілуі қажет.

Координат жүйесін оқытудың жаңа әдістемесі бағдарлама сұрақтарының оқылу ретін өзгертуді ұсынады және олардың оқылу реті келесі түрде болғаны жөн: сан сәулесі, шкала, бірінші координат ширегі, диаграммалар (бағаналы, сызықты), сан түзуі, жазықтықтағы координат жүйесі.
Бұл әдіс оқушыларды диаграммалар салуға да дайындайды. Бағанды диаграмманы салу үшін алдын - ала масштаб алып содан соң координаталық бұрышты салу керек. Диаграмманың бағаналары берілген оське перпендикуляр болып саналады. Онда бағананың табанын нүктенің абсциссасы ретінде түсінуге болады. Бағананың төбесіне сәйкес болатын екінші осьтегі сандарды нүктенің ординатасы деп түсінеміз.

«Сан сәулесі» ұғымын қалыптастыруға оқулықтағы есептер жеткілікті болғанымен, кейбір қосымша мағлұматтарды да қарастырған жөн. Э.Р.Нурк және А.Э.Тельгмма оқулығында «нүктенің координатасы» ұғымы және оған сәйкес белгілеу қарастырылмайды. Біз бұл ұғыммен қатар оның белгіленуін енгізуді ұсынамыз. Оқулықтағы «сан сәулесі» ұғымын «кординаталық сәуле» деп, берілген есептерді «көрсетілген нүктелердің координаттарын жазыңыз» деп өзгерткен дұрыс болады. Бұл терминологиялардың бірдей болуына да үлес қосар еді.

Сан сәулесі мен шкаланы меңгергеннен кейін 5 - сыныптың алғашқы сабақтарының бірінде бірінші координаттық бұрыш ұғымын енгізуге болады. Бірақ, координат жүйесін осы жерде енгізу қиындыққа соғады. Өйткені дәстүрлі оқыту жазықтығы координат жүйесін перпендикуляр түзулер ұғымының көмегімен енгізген, ал ол 5 - сынып математикасында қарастырылмайды. Сондықтан координат жазықтығын келесі әдіспен енгізу қажет: бірінші ширекті, яғни координаттық бұрышты ғана қарастырамыз. Әрине, координат жазықтығын координаттық бұрыш арқылы түсіндіру жолын мұғалім өзі қалап алды және оның әртүрлі әдістері де бар. Оның ішіндегі келесі әдіске тоқтала кеткен жөн болар еді.

ОВСД тіктөртбұрышын саламыз: ОВ=2см; ОД =3см.
(5 - сынып оқушылары тіктөртбұрыш салу біледі). Сосын оның ОВ және ОД қабырғаларын жоғары және оң бағытта созамыз. О нүктесі координаттың бас нүктесі. ОД, ОВ сәулелерін абсцисса (Ох), ордината (Оу) осьтері деп атаймыз. Енді С нүктесінің координатасын табайық.
Тіктөртбұрыштың СД қабырғасы абсцисса осімен Д (3) нүктесінде, ал ВС қабырғасы ордината осімен В(2) нүктесінде қилысады. Әр осьті оқушыларға координаттық сәуле болатынын айта кетеміз. Сондықтан, Д (3) және В (2) деп жаздық. Ал С нүктесі координат сәулесінде орналаспаған, ол координаттың бұрыштарында орналасқан. Сондықтан С нүктресінің координатасын С (3; 2) деп көрсетеді. Символиканың бір болуы үшін, енді Д және В нүктелерінің координаталарын Д (3; 0) және В(0; 2) деп жазамыз.

«Координаталық бұрыш» және «нүктенің координатсы» деген жаңа ұғымдарды арнайы құрастырылған жаттығулар жүйесі арқылы бекітеміз. Нүкте, кесінді, сәуле, түзу, жазықтық сықылды қарапайым геометриялық фигуралар оқушыларға белгілі болғандықтан координаттық бұрышқа байланысты көптеген есептер құрастыруға болады. Есептер екі түрлі болуы мүмкін: координатсы берілген нүктені салу және оған кері есеп, берілген нүктенің координатысын табу. Осыдан кейін диаграммаларды оқу өте қолайлы, өйткені ол енді координаттық бұрыштың логикалық жалғасы болып табылады.

«Координаттық бұрышты», «Жай бөлшек», «Ондық бөлшек» тақырыптарында жалғастыруға болады. Осы және келесі тақырыптарды оқығанда сәйкес мәліметтерді қарастыруға жеке сабақ өткізудің қажеті жоқ. Әр сабақты мұғалімнің қалауы бойынша 2 - 3 - есептен үлестіріп беруге болады.

Қорытынды ретінде бұл тәсілдің артықшылығын атап өтейік:
1) Бір кезеңнен екінші кезеңге көшкенде оқудың сабақтастық принципі ескеріледі;
2) Оқушыларға қарапайым геометриялық есептерді ұсына отырып оларды координат әдісімен таныстырамыз.
8 156
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Работа с графикой в системе Pascal АВС
Работа с графикой в системе Pascal АВС
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Хан ордасы ауылы, Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Хасенгалиев Хаким Бейбитович
Теңдеулер және теңдеулер жүйесі
Теңдеулер және теңдеулер жүйесі
ШҚО, Аягөз ауданы, Сарыарқа орта мектебі математика пәнінің мұғалімі Жанболатова Айгүл Армияшевна
Координатная прямая
Координатная прямая
Култаева Гульнара Кудайбергеновна - учитель математики школы - гимназии №9 имени Наги Ильясова г. Кызылорда
Прямоугольная система координат
Прямоугольная система координат
ВКО. г. Семей. учитель математики и информатики, ГУ «СОШ №33 им. К.Рыскулбекова» Мусина Адемы Заманбековна Урок математики по теме "Прямоугольная система координат".
AutoCAD жүйесінде «Сурет салу» құрал-саймандар тақтасымен танысу
AutoCAD жүйесінде «Сурет салу» құрал-саймандар тақтасымен танысу
АutoCAD жүйесінің мүмкіндіктерімен таныстыру; кесінділерді, координат нүктелерін енгізу тәсілдері, шеңберлер, доғалар, төртбұрыштар, көпбұрыштар салуды үйрету;
AutoCAD жүйесінде сурет салу құрал-саймандар тақтасымен танысу
AutoCAD жүйесінде сурет салу құрал-саймандар тақтасымен танысу
Атырау қаласы, №35 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Калмуханова Самал Кудайбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×