Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


AutoCAD жүйесінде «Сурет салу» құрал-саймандар тақтасымен танысу

15 сәуір 2012, Жексенбі
Категориясы: Информатика
AutoCAD жүйесінде «Сурет салу» құрал-саймандар тақтасымен танысу

Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: АutoCAD жүйесінің мүмкіндіктерімен таныстыру; кесінділерді, координат нүктелерін енгізу тәсілдері, шеңберлер, доғалар, төртбұрыштар, көпбұрыштар салуды үйрету;
Тәрбиелік мақсаты: Шығармашылыққа, ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық мақсаты: АutoCAD жүйесімен жұмыс жасау дағдысын дамыту;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: проектор, презентация, ДК

Жүру барысы
Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасы, тексеру, топқа бөлу және сабақтың барысымен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
БББ стратегиясы бойынша кестемен жұмыс.
АutoCAD жүйесі туралы не білеміз?
Білемін
Білгім келеді
Білгенім

Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою.
Суретте көрсетілген АutoCAD жүйесінің терезе элементтерін анықта
Жаңа материалды түсіндіру

Жаңа тақырыпты электронды презентация арқылы түсіндіру. Оқушылардың қолына материалдар таратылады.
«Сурет салу» құрал саймандар тақтасы терезенің сол жағында орналасқан.
Кесінділерді салу
Ол үшін пернетақтадан Кесінді ОТРЕЗОК (LINE) командасын енгіземіз. Берілген команданы тышқан бағыттаушысы арқылы Сурет салу Рисование (Draw) мәзірінен, немесе Сурет салу Рисование (Draw) құрал – саймандар панелінен басқышы арқылы шақыруға болады.
AutoCAD жүйесінің командалық жолында алғашқы қойылатын сауалнама
Бірінші нүкте:
(Specify first point:)
Бірінші нүктені көрсеткеннен кейін AutoCAD келесі сұрауларды шығарады:
Келесі нүкте немесе Алып тастау [Отменить]:
(Specify next point or [Undo]:)
Сауалнамалардың бір бөлігі тік шақшада жазылған. Бұл келесі нүктелерді (кесіндінің шекті нүктесін) экранда сілтеу керектігін көрсетеді немесе опцияларды таңдау (яғни, келесі команда қадамының нұсқасын таңдау). Опция ретінде AutoCAD Алып тастау - Отменить (Undo) командасын ұсынады. Ол кесіндінің бастапқы берілген нүктесін алып тастайды. Опцияны қолдану үшін, командалық жолда пернетақтаның көмегімен жоғарғы немесе төменгі регистрдағы пернесін басу керек. Егер опцияның атауларындағы кейбір бөлігі жазба әріптерімен ерекшеленген болса (берілген жағдайда О (U) әріпі), онда пернетақтада опцияның осы бөлігін ғана енгізу жеткілікті, немесе оны жоғарғы немесе төменгі регистр (яғни О (U) немесе о (u)) арқылы және тағы да пернесінің көмегімен істеуге болады. Қолданушы кез келген енгізуді пернесі арқылы аяқтауға үйренген.

Егер сіз Алып тастау Отменить (Undo) опциясын таңдасаңыз, онда AutoCAD алдыңғы нүктені алып тастап, қайтадан басқасын енгізуді сұрайды. Егер сіз тышқанның көмегімен келесі нүктені экранда көрсетсеңіз, онда экранда бірінші нүктеден екіншісіне жүргізілген кесінді пайда болады. Бірақ онымен Кесінді ОТРЕЗОК (LINE) командасы аяқталмайды, келесі сұрау болады:

Келесі нүкте немесе Алып тастау [Отменить]:
(Specify next point or [Undo]:)
Бұл сұрау бір командамен кезекпен бірнеше кесінді сызып, экранда сынық жол жасауға болатынын көрсетеді. Экранда үшінші нүктені көрсетіңіз. Мұнда келесі сұрау былай болады:
Келесі нүкте немесе [Замкнуть/Отменить]:
(Specify next point or [Close/Undo]:)

Мұнда Отменить (Undo) опциясына қосымша Замкнуть (Close) опциясы пайда болады. Егер бірнеше опциялар болса, онда "/" таңбасымен бөлінеді. Пернетақтада жоғарғы немесе төменгі регистрде 3 (С) енгізгенде, және пернесін басқанда AutoCAD кесінді сызады, ол алдыңғы кесіндінің соңынан біріншінің басына жүргізілген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 671
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Power Point программа интерфейсімен танысу. Презентация
Power Point программа интерфейсімен танысу. Презентация
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №249 мектеп - лицейдің информатика пәні мұғалімі Айтқалиева Бақыт
Раіnt графиктік редакторы
Раіnt графиктік редакторы
Тақырыбы: Раіnt графиктік редакторы. Негізгі түсініктер. Іске қосу. Құрал-саймандар тақтасы. Палитра. Сурет салу кезеңдері
Paint графикалық редакторының құралдары
Paint графикалық редакторының құралдары
Алматы обысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы, Ж. Ермегияев атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Бимағанбетова Шарапат
Word Pad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерімен танысу
Word Pad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерімен танысу
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Абай атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Абдыллаева Зауре Жанабаевна
AutoCAD жүйесінде сурет салу құрал-саймандар тақтасымен танысу
AutoCAD жүйесінде сурет салу құрал-саймандар тақтасымен танысу
Атырау қаласы, №35 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Калмуханова Самал Кудайбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×