Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тік бұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері

16 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері
Мақсаты:
• білімділік: тік бұрышты үшбұрыштардың теңдігін дәлелдей білуі және оларды есептер шығаруға қолдана білуі
• дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
• тәрбиелік: өздерінің алған білімдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу
Көрнекілігі: Презентация «Тік бұрышты үшбұрыш», үлестірме қағаздар
Күтілетін нәтиже:
теоремаларды дәлелдей білуі және оны есеп шығаруға қолдана білуі керек

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен тақырыптарға шолу
3. Жаңа сабақ Презентация
4. Сабақты қорытындылау, бағалау
5. Үйге тапсырма беру
Сұрақ - жауап / өткен тақырыптарға шолу/
1. Үшбұрыш дегеніміз не?
2. Қандай үшбұрыш тік бұрышты үшбұрыш деп аталады?
3. Элементтерін атаңыз?
4. Үшбұрыштар теңдігінің 3 белгісін еске түсірейік.

Сабақ мазмұны:
Тік бұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері:
1. Егер бір тікбұрышты үшбұрыштың катеттері екінші бір үшбұрыштың сәйкес катеттеріне тең болса, онда мұндай тік бұрышты үшбұрыштар тең болады.
2. Егер бір тікбұрышты үшбұрыштың катеті және оған іргелес жатқан сүйір бұрышы екінші тікбұрышты үшбұрыштың сәйкес катеті мен оған іргелес жатқан сүйір бұрышына тең болса, мұндай тікбұрышты үшбұрыштар тең болады.
3. Егер бір тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен сүйір бұрышы екінші тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен сәйкес сүйір бұрышына тең болса, онда мұндай тікбұрышты үшбұрыштар тең болады.
4. Егер бір тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен катеті екінші тікбұрышты үшбұрыштың сәйкес гипотенузасы мен катетіне тең болса, онда мұндай тікбұрышты үшбұрыштар тең болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 842
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тікбұрышты үшбұрыш
Тікбұрышты үшбұрыш
Оқушыларда тікбұрышты үшбұрыш туралы білімдерін тереңдету, тікбұрышты үшбұрыштың теңдік белгілерін, үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғаларының арасындағы қатынастарын, үшбұрышты салу шарттарын үйретіп, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері
Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы, №31 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектептің математика пәні мұғалімі: Сейткулова Назира
Үшбұрыш әлеміне саяхат
Үшбұрыш әлеміне саяхат
Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінің математика пәні мұғалімі Сатубалдинова Ирина Айдосовна
Үшбұрыштар теңдігінің белгілері тақырыбын қайталау
Үшбұрыштар теңдігінің белгілері тақырыбын қайталау
Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылы, № 190 орта мектептің математика пәні мұғалімі Меңдібай Қарашаш
Тікбұрышты үшбұрыш
Тікбұрышты үшбұрыш
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Сарат орта мектебінің математика пәні мұғалімі Картбаева Нурсая Айбатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×