Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ондық бөлшекті натурал санға бөлу

09 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
Ондық бөлшекті натурал санға бөлу
Мақсаты:
1. Білімділік: Ондық бөлшектерді салыстыру, олармен амалдар орындау есептерін шығару, дағдыларын қалыптастыру
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығын ояту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: бекіту, ойын сабағы
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар, терминдердің түсіндірмелері, мақал - мәтелдер, сөз тіркестері.
Оқытудың әдісі: практикалық
Пәнаралық байланыс: экономика
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім» (М.Әуезов)

Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі 5 минут
ІІ. Ойын «Білім биржасы»
І - тур. «Акциялар пакеті, 140 САБ», 15 минут
ІІ - тур. «Мақал - мәтел», 5 минут
ІІІ - тур. «Акциялар пакеті, 60 САБ», 10 минут
ІҮ - тур. «1 - САБ - қа тең сұрақтар», 5 минут
ІІІ. Рефлексия 2 минут
ІҮ. Үй жұмысын беру. 1 минут
Ү. Сабақ қорытынды. 2 минут

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 5 мин
а) Сәлемдесу,
ә) оқушыларды түгендеу, екі топқа бөлу: «Сұңқар», «Тұлпар»
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру
«Экономика» әлеміндегі «Білім биржасына» саяхат жасаймыз.
Әр топтың президентін сайлап аламыз. «Білім биржасында» клерктер, брокерлер, администратор бар.
Клерк – акция сатушылары, оның қызметі мен өзіме аламын. Клерктер оқушылар жасаған инвестицияларды тіркеп, санап отырады.
Инвестиция - қаржы салу. Оқушылар инвестицияларын деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы жасайды. Тағы көмекке консультант – брокер /делдал/ аламыз. Брокердің қызметі - фирма қызметкері тапсырмаларды орындау барысында есептін дұрыстығына күмәнданып тұрса, брокерлердің қызметімен пайдалануға болады, бірақ көмек үшін оларға акция құндылығының 10 % береді.

Аудитор, брокер, клерк қызметтерін мен /мұғалім/ өзі орындаймын.
Фирма – өндірсітік бірлестік немесе сауда, өнеркәсіп орны.
Клерк – кеңсе қызметкері, акция сатушылары.
Биржа – сауда келісімдері өтетін жер.
Инвестиция - келешекте өсім әкелетін салым.
Брокер – делдал - биржа мүшесі, тұтынушылардың сұрауы бойынша ақылы келісім
жүргізеді.
Аудитор – бақылаушы, тексеруші, құжаттарды тексереді.
Акция – бағалы, құнды қағаз.
Біздің «Білім биржасында» ақша бірлік ретінде – сабақтың ақша бірлігі /САБ/ деп аламыз.

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,
Майтөбе орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Бескенова Б.А.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 586
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып Геометрия 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру.
Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру.
Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу және ондық бөлшектерді салыстыра білу. Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеп, салыстыра білуге дағдыларын қалыптастыру.
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Ондық бөлшекке бөлуге есептер шығару
Ондық бөлшекке бөлуге есептер шығару
Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың есептерді шығарудағы логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту. Практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
БҚО, Орал қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №10 ЖББОМ математика пәні мұғалімі Диярова Айымгүл Сәтиқызы
Ондық бөлшекті натурал санға көбейту
Ондық бөлшекті натурал санға көбейту
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің алгебра және геометрия пәндерінің мұғалімі Жүсіпова Айткүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×