Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Екі өрнектің қосындысының кубы және айырмасының кубы формулалары

08 сәуір 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Сабақ жоспары 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің қосындысының кубы және айырмасының кубы формулалары
Сабақтың мақсаты: а) Екі өрнектің қосындысының кубы және айырмасының кубы формулаларын қолдана отырып, көпмүшені көбейтіндіге түрлендіру және бүтін өрнектерді көпмүше түріне келтіре білу, формулаларды есептер шығаруда қолдануға машықтану.
б) Әрбір жеке тұлғаның логикалық ойлау қабілеттерін, білуге тиісті міндетті деңгейдегі есептерді шығару, іскерліктерін дамыту, теориялық білімін практикада орынды қолдана білу, математикалық тілде сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Өзіндік ойлау, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту
в) Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру, алған білімдерін дұрыс қолдана білуге, өзара жолдастық көмек көрсете білуге, ойын тиянақты дәл айта білуге үйрету; шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету.
Сабақтың түрі: Біліктілік пен дағдыны игеру сабағы
Сабақтың әдісі: танымдық ойын, тест, топпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, сұрақ – жауап,
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар тест, таратпа материалдары,

Сабақтың барысы:
І кезең. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуын, даярлығын тексеру. Сабаққа психологиялық дайындық (топқа бөліну, топ ережесін құру, жауап парағын тарату)
Түрлі түсті стикерге жазылған тапсырмаларды орындап топтарға бөліну
І топ «Бірмүше», ІІ топ «Көпмүше»
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау.

ІІ кезең. Үй тапсырмасын тексеру
Көпмүшені көпмүшеге көбейтуді кейбір жағдайларда ықшамдырақ орындауға болады. Ол үшін біз нені қолданамыз?(Қысқаша көбейту формулалары)
Демек, Көпмүшелерді көбейтудің дербес жағдайларын өрнектейтін формулаларды қысқаша көбейту формулалары деп атаймыз. Математиканың өзіне тән тілі бар, ол - формулалар. Өткен тақырыпты пысықтау үшін біз «ой ширатайық» топпен жұмыс жасап, бірнеше тапсырмаларды орындайық.

1) Формулаларды білесің бе? (Екі топқа формулаларды жалғастыру беріледі. Оқушылар интербелсенді тақтада кезекпен орындайды) (а - в)(а+в) =
а ²- в ²=
(а+в) ² =
(а - в) ² =
а ²+2ав+в ² =
а ²- 2ав+в ²=
Енді осы формулаларды есеп шығаруда қалай қолданамыз?

2) Ауызша есепте (Әр топтағы оқушылар жеке орындап, екі топ жауаптарын алмастырып, тексереді)
І топ ---------------------------------- ІІ топ
(2х - 7у)(2х+7у) = ----------------- 25m ²+20mn+4n ²=
47 ²- 37 ²= --------------------------- (а - 2х) 2 =
16a ²- 56аc+49c ²= ---------------- (3су - 5d)(3су+5d) =
(n ³+5m) ² = ------------------------- 36р ⁴- 64q ² =

Балалар біз бүтін өрнектерді, рационал өрнектерді түрлендіруде, есептер шешуде көптеген қателіктер жібереміз, ендеше мына формулалардың қатесін тауып көрейік.
(а - в)(а+в) = а ²- в ²
а ²- в ²= (а - в) ²
(а+в) ²= а ²+в ²
а ²+2ав+в ²=(а+в) ²
(а - в) ²= а ²- 2ав+в ²
а ²+в ²= (а - в)(а+в)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 159
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Екі өрнектің қосындысының және айырымының кубы формулалары
Екі өрнектің қосындысының және айырымының кубы формулалары
қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдану;
Күнтізбелік жоспар (Алгебра 7 сынып)
Күнтізбелік жоспар (Алгебра 7 сынып)
Күнтізбелік жоспар (Алгебра 7 сынып)
Екі өрнектің қосындысының квадраты
Екі өрнектің қосындысының квадраты
Қысқаша көбейту формуласының жаңа түрімен, атап айтқанда екі өрнектің қосындысының квадраты формуласымен таныстыру, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу іскерліктерін, біліктіліктерін, әдістерін жетілдіру, ойлау қабілеттерін салыстыра және орынды
Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты
Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты
Қостанай облысы, Лисаков қаласы, «№3 орта мектебі» КММ Математика пәні мұғалімі Жаншурина Анар Тулкибайқызы
Қысқаша көбейту формулалары
Қысқаша көбейту формулалары
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, математика пәнінің мұғалімі Адыканова Манар Адыкановна
Қысқаша көбейту формулалары тақырыбына есептер шығару
Қысқаша көбейту формулалары тақырыбына есептер шығару
Қызылорда қаласы, №11 орта мектеп Рсаева Айман
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×