Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ықтималдық теориясы туралы түсінік және математикалық статистика

10 қыркүйек 2015, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Қызылорда облысы, Арал қаласы
№64 орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Тасмамбетова Зауре Қуанбайқызы

Алгебра 8 сынып
Сабақ тақырыбы: Ықтималдық теориясы туралы түсінік және математикалық статистика.
Сабақ типі: жаңа материалды меңгеру
Түрі: практикалық
Сабақ мақсаттары:
1. білімділік – Оқушыларды «кездейсоқ оқиға», «ықтималдық» ұғымдарымен таныстыру.
2. дамытушылық – логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру;
3. тәрбиелік – оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта.
Сабақ әдістері: ауызша, көрнекілік, өз бетімен жұмыс, топпен жұмыс.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Жаңа білімді игеруге дайындық. Қайталау.
1. График.
2. Диаграмма.
3. Бағанды диаграмма.
3. Жаңа материалды меңгеру.

Белгілі бір жағдайда орындалатын немесе орындалмайтын құбылыстарды кездейсоқ оқиғалар деп атайды. Берілген шарт бойынша міндетті түрде орындалатын оқиға ақиқат оқиға деп аталады. Ал берілген шарт бойынша орындалмайтын оқиғаны мүмкін емес оқиға деп атайды.
Келесі оқиғалардың қайсысы «кездейсоқ оқиға», «мүмкін емес оқиға», «ақиқат оқиға» екенін анықтайық..
- а, к, и, т, а, м, е, т, а, м әріптерін кездейсоқ тергенде, «математика» сөзінің құрылуы.
- Сенбі күні таңертең №17 троллейбустың кешігуі;
- Тиынды бер рет лақтырғанда, елтаңба бетінің түсуі;
- Ойын кубигін бір рет лақтырғанда, 1, 2, 3, 4, 5, 6 сандарының біреуінің түсуі;
- Үш рет ойын сүйегін лақтырғанда, 19 ұпайдың болуы.
- Кешкі серуен кезінде үш таныс адамның кездесуі.

Ықтималдық теориясы дегеніміз - кездейсоқ оқиғалардың орындалуының заңдылығын зерттейтін математиканың бөлімі.
Ықтималдықтар теориясының негізінде «математикалық статистика» ғылымы пайда болды. Мат. Статистиканы бақылау нәтижелерін қорытындылайтын әдістерді зерттейтін ғылым деп есептеуге болады. Ол қызметтің барлық салаларында маңызды роль атқарады.
Күнделікті өмірде әр түрлі кездейсоқ оқиғалармен кездесеміз және олардың орындалу жиілігі әр түрлі.
Мысалы, ойын сүйегін 48 рет лақтырып, 1, 2, 3, 4, 5, 6 цифрларының түсу кестесін құрайық:
«цифрлар» 1 2 3 4 5 6
Түсу саны 6 8 9 7 8 10

Диаграмма тұрғызайық.

Әрбір оқиғаның түсу саны оқиғаның жиілігі болады.
Қандай да бір оқиғаның орындалу жиілігінің жалпы оқиғалар санына қатынасы оқиғаның ықтималдығы деп аталады.
Мысалы ойын сүйегін 48 рет лақтырғанда, 5 цифрының түсу ықтималдығы 8/48 - ге тең.
4. Жаңа материалды меңгергенін тексеру.
Оқулықтан: №320, № 322, №324, №325
5. Қорытынды.
1. «ықтималдық» ұғымы не үшін оқытылады?
2. Математикалық статистика қандай мақсатта қолданылады.
6. Үй жұмысы. №321, №323
7. Бағалау.
15 629
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алгебра 8 сынып үйде оқыту
Алгебра 8 сынып үйде оқыту
5 - 6 сыныптардағы математика курсын және 7 - сынып алгебра курсын қайталау
Ықтималдылықтарды қосу және көбейту теоремалары. Шартты ықтималдылық
Ықтималдылықтарды қосу және көбейту теоремалары. Шартты ықтималдылық
Үйлесімсіз оқиға, тәуелсіз оқиға, тәуелді оқиға, шартты ықтималдық, оқиғалар қосындысы, оқиғалардың көбейтіндісі ұғымдарымен, сонымен қатар ықтималдықтардың қосу және көбейту теоремаларымен таныстыру, оларды қолданып есептер шығарту.
Параллелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамида, қырларының өзара орналасуы, биіктігі тақырыбына есептер шығару
Параллелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамида, қырларының өзара орналасуы, биіктігі тақырыбына есептер шығару
Параллелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамида, қырларының өзара орналасуы, биіктігі тақырыбын білу, жүйелеу. Логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін, математикаға деген қызығушылықтарын дамыту.
Алгебра пәнінен 8 - сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарлары
Алгебра пәнінен 8 - сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарлары
Оқушылардың нақты сандар туралы түсініктерін жалпылау, нақты сандардың құрылымын, геометриялық мағынасын түсіндіру.
"Остік симметрия" (6 сынып), "Квадраттық функцияның графиктеріне есептер шығару" (8 сынып)
"Остік симметрия" (6 сынып), "Квадраттық функцияның графиктеріне есептер шығару" (8 сынып)
Қазығұрт ауданы, «Талдыбұлақ» негізгі орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жүзжасар Әуелбек Жарылқапұлы
Ньютон биномы
Ньютон биномы
Атырау облысы, Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің математика және информатика пәндерінің мұғалімі Бралиева С
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×