Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.

04 қаңтар 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n - ші мүшесінің формуласы.
Сабақтың мақсаты: Арифметикалық прогрессия туралы түсінік алу, оның п - ші мүшесін формула арқылы таба алу. Алған білімдерін өмірде қолдана алу.
А) Оқушыларды есептер шығарғанда формуланы және қасиеттерін қолдануға үйрету.
Ә) Оқушылардың есте сақтау және логикалық қасиеттерін қолдану
Б) Оқушылардың ұқыптылыққа, дәлдікке нақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, деңгейлеп - саралап оқыту, сыни тұрғысынан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тесттер, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ Үй жұмысын тексеру. № 158 есепті ауызша тексеру.
«Сұрақ - жауап»
Сандар тізбегі деген не?
Сан тізбегінің мүшелері деген не?
Сан тізбегінің берілу тәсілдері қандай?
Тізбек қандай жағдайда өспелі болады?
Тізбек қандай жағдайда кемімелі болады?
Тізбек қандай жағдайда тұрақты болады?
ІІІ Жаңа сабақ: Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n - ші мүшесінің формуласы.
А) Прогрессия туралы тарихи мәлімет. Прогрессия -(латын сөзі) алға қарай қозғалыс, өрлеу деген мағынаны білдіреді.
Ә) 9 - сынып оқушысы бір апталық демалысын өткізу үшін шаңғы базасынан спорт бұйымдарын жалға алды. Ол берілу құны бойынша бірінші күні 800 теңге, ал келесі күндері алдыңғы күнге қарағанда қосымша 300 теңгеден қосып төлеп отыруы керек. Егер оқушы спорт бұйымдарын бір аптаға жалға алатын болса, онда әр күні қанша теңге төлеуі қажет?
Есептеулер жүргізу арқылы мынадай шекті тізбекті аламыз: 800; 1100; 1400; 1700; 2000; 2300; 2600. Берілген тізбектің әрбір мүшесін алдыңғы мүшесіне 300 - ді қосу арқылы аламыз. Осындай тізбектер өмірде өте көп кездеседі. Мұндай тізбек арифметикалық тізбек болады.
Анықтама. Екінші мүшесінен бастап әрбір мүшесі алдыңғы мүшесінен қандай да бір тұрақты санды қосқанда шығатын сандар тізбегін арифметикалық прогрессия деп атаймыз
Қосылатын тұрақты сан кез келген көршілес екі мүшесінің айырымының мәніне тең екенін көруге болады, Бұл санды арифметикалық прогрессияның айырымы деп атаймыз, оны d әрпімен белгілейміз. d=ап+1 - ап
1 - мысал. 6; 10; 14; 18; 22... тізбегі арифметикалық тізбек бола ма? Болады себебі алдыңғы мүшесіне 4 – ті қосқанда келесі мүшесі шығады.
Осыдан Арифметикалық прогрессияның а1 бірінші мүшесін және d айырымын қолданып, тізбектің кез келген мүшесін табуға болады.
а2= а1+ d
а3= а2+ d= (а1+ d)+ d= а1+ 2d
а4= а3+ d = (а1+ 2d)+ d= а1+3d
Сонымен арифметикалық прогрессияның п - мүшесінің формуласы ап = а1+(п - 1) d
2 - мысал. 218; 212; 206; 200; 194;... арифметикалық прогрессияның 122 мүшесін табыңдар.
Шешуі: а1=218; а2=212; демек d= а1 - а2 =212 - 218=- 6
ап = а1+(п - 1) d а122=218+(122 - 1)•(- 6)=218 - 726=- 508. Жауабы: - 508
3 - мысал. 4; 9; 14; 19; 24; 29... арифметикалық прогрессияның 304 мүшесінің реттік нөмірін табыңдар.
Шешуі. а1=4, d=5; ап =304
304=4+(п - 1)•5; (п - 1)•5=300; п - 1 =60; п=61; Жауабы: 61
4 - мысал Арифметикалық прогрессияның екінші мүшесі 7 - ге, ал жетінші мүшесі 22 - ге тең. Бірінші және бесінші мүшесін табыңдар.
Шешуі: а2=7; а7=22
а2= а1+ d а7 = а1+6 d {█(7= а1+ d@22= а1+6 d )┤ {█(а_1=7 - d@22=7 - d+6d) ┤
5 d=15 d=3 а1=7 - 3=4 а5=4+4•3=16
Жауабы: а1=4 а5=16
ІV. Есептер шығару. Оқулықпен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.
І - деңгей тапсырмасы: 165 және 166 есептер
ІІ - деңгей тапсырмасы: 170 есеп
ІІІ - деңгей тапсырмасы: 172 есеп
VІ Сабақты қорытындылау: Сабаққа пікірлері мен тілектерін жазу.
VІІ Үй тапсырмасы: 168 есеп. Формуланы жаттап келу.
VІІІ Бағалау
2 948
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының мәнін есептеу формуласы
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының мәнін есептеу формуласы
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын есеп шығаруда қолдана білу, талдау жасау және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы (қорытынды сабақ)
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы (қорытынды сабақ)
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын білу, осы формулаларды пайдаланып есептер шығара білу;
Арифметикалық прогрессияның алғашқы п мүшесінің қосындысы
Арифметикалық прогрессияның алғашқы п мүшесінің қосындысы
Арифметикалық прогрессияның алғашқы п мүшесінің қосындысын табуға есептер шығара алу, тарау бойынша алған білімдерін толықтыру.
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессия - тарауына есептер шығару
Арифметикалық прогрессия тақырыбына есептер шығару
Арифметикалық прогрессия тақырыбына есептер шығару
Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп - гимназиясының математика пәні мұғалімі Есмағанбетова Клара
Арифметикалық прогрессияның n мүшесінің қосындысының формуласы
Арифметикалық прогрессияның n мүшесінің қосындысының формуласы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Егінқұдық ауылы, Ш. Тұржанов атындағы орталау мектебінің мұғалімі Қабиева Тлекші Сабидоллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×