Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ондық бөлшектерді қосу және азайту

18 қаңтар 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
Алматы облысы, Ақсу ауданы6
Б. Садырбайұлы атындағы орта мектебі,
мектепке дейінгі шағын орталығының
математика пәні мұғалімі Рысбекова Бахыт Асқарқызы

Математика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Ондық бөлшектерді қосу және азайту тақырыбы жөнінде толық мағлұмат беру, есептер шығаруға үйрету, білім, білік дағдыларын арттыру.
2. Дамытушылық: Тақырыпқа арналған тапсырмаларды орындау арқылы ұғымдарын кеңейту
3. Тәрбиелік: Ұлттық салт - дәстүрді қадірлей білуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс, ұлттық ойын сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ұлттық ойындардың суреті

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу
Журнал бойынша түгендеу
Сабақ жоспары:
1. Шашу сұрақтары (үй тапсырмасы)
2. "Хан талапай" ойыны
(жаңа білімді хабарлау)
3. "Орамал тастамақ" ойыны
(есептер шығару)
4. "Қыз қуу" ойыны
(есептер шығару)
5. "Сақина салмақ" (санамақ)
6. "Арқан тартыс"(тест, сабақты бекіту)
Әрбір кезеңге келгенде сол ойын бойынша ауызша түсінік айту

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары
(Шашу шашу)
- Балалар біз бүгін сендермен Ондық бөлшектерді қосу және азайту тақырыбын өтеміз күнделікті өтіп жүрген сабақтан өзгеше, себебі біріншіден қонақтар қатысып отыр, екіншіден сабағымызды «Ұлттық ойындар» түрінде жүргіземіз. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер? (жақсы дұрыс айтасыңдар)
Яғни, қазақтың ұлттық ойындарына;- т. б. Осындай ұлттық ойындармен халқымыз әрдайым басқа халықтардан ерекшеленіп тұрады. Қазақ халқы кішігірім қуаныштың өзіне жүректері жарыла жаздап қуанып жүретін халық. Сол қуаныштары бүкіл халықтың, жұртшылықтың алдында шашу болып шашылып, ақтарылған ақ тілегін көрсетіп отырған. Шашу - тілек, береке, бірліктің белгісі. Бүгінгі өткелі отырған сабағымызда үлкен мереке. Сондықтан сол мерекеге орай сендердің келешектеріңе қуаныш, сәттілік тілеп шашу шашайын. (Үй тапсырмасы сұрақтар)
– Балалар, шашылған кәмпиттерде сұрақтар қоса жапсырылған. Қанекей дайын болсақ жауап берейік

Шашудың сұрақтары
1. Санның ондық бөлшекпен жазылуында үтір қайда қойылады?
2. Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрлары қалай аталады?
3. Ондық бөлшектің соңына нөлдерді тіркеп жазғаннан немесе алып тастағаннан ондық бөлшек өзгере ме?
4. 8 бүтін оннан үш бөлшегін ондық бөлшек түрінде жаз
5. 28 бүтін жүзден 29
6. Бөліндіні жай бөлшек және ондық бөлшек түрінде жаз 167: 10
7. Бөліндіні жай бөлшек және ондық бөлшек түрінде жаз 4: 100
8. 12 бүтін 25-тен 8 бөлшегін ондық бөлшек түрінде жаз?
9. 6 бүтін 4-тен 1 бөлшегін ондық бөлшек түрінде жаз?
10. Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша қалай салыстырады?
11. 6, 2 мен 7, 1 салыстыр
12. 32, 46 мен 32, 48 салыстыр
13. 3, 2 санын координаталық сәуледе қалай кескіндеуге болады?
14. 4, 0 * > 4, 08 жұлдызшаның орнына белгілі санды қой
15. 1, 187 > 1,* 96 жұлдызшаның орнына белгілі санды қой

ІІІ. Жаңа білімді хабарлау
«Хан талапай» (1 оқушыны шығарып асықты иіртіп, асықтың қалай түсуіне байланысты(бүк, шік т. б) бүгінгі күнді жазамыз, есептер шығару) Хан талапай - бұл ойынға 5/ немесе 10 бала катыса алады. Көп асықтың біреуін қызыл түске бояп қояды. Бұл асық «хан» асығы. Асықтар тізіліп қойылады да бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады. Егер хан асығын бүк, шік, тайқы қалыптарымен түссе, бастаушы жақын құлаған асықтарды ата береді. Ең соңында хан асығы кімнің қасында қалса сол бала жеңіске жетеді. Келесі ойынды жеңіске жеткен бала жалғастырады.
Сабақ түсіндіріледі. (тақтаға мысалмен)
«Орамал тастамақ» (Ормалды кез келген оқушының алдына тастау, әрине тапсырмасы бар)
Орамал тастамақ - Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы (тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артымда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек.
0, 07 + 13, 23
56 + 0, 37
6, 25 – 4, 3
7, 63 – 2, 51

«Қыз қуу» (1 қыз бала, 1 ер бала есептер шығару тақтаға жарысып)
Қыз қуу - Балалар арасынан бір ер бала, 1 қыз(ағаш атпен) қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жетеді. Кейде қызға 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.

1) 18, 3 - 5
29, 08 - 15
2) 43 + 82, 68
38, 07 + 6

«Сақина салмақ» (санамақ)
Сақина салмақ - ойынды өткізуші және сақина салушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізелерінің үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы жұмулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен, ол бала алақанын жаба қояды. Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен «Сақина кімде»- деп сұрайды. Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орынын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.
Қалтам қанша?
Өзімде бар сан қалта
Шалбарда екі жан қалта
Арт жағында қос қалта
Жейде де екі төс қалта
Костюмде екі іш қалта
Және екі тыс қалта
Бір төс қалта және бар
Сонда есепте қане ал
Менің қанша қалтам бар
Айтпақшы, тағы пальтом бар,
Онда да төрт қалтам бар (17)

ІV. Бекіту кезеңі
«Арқан тартыс» (тест)
Арқан тартыс - Бұл 2 топқа бөлінген балалар мен немесе 2 баламен ойналады. Арқанның 2 жағын 2 бала немесе 2 топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып алып кетсе сол топ жеңіске жетеді. 2 бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып 2 - ші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді.

1. «Қаракөз» деген сөздегі әріптердің санын 10 - ға бөлсе, ондық бөлшек
қалай оқылады?
а) 0, 7
ә) 0, 007
б) 7, 10
2. Қосуды орында: 16, 01 + 3, 99
а) 19, 10
ә) 20
б) 55, 91
3. Азайтуды орында: 45, 3 – 8, 07
а) 37, 33
ә) 37, 37
б) 37, 23

V. Үйге тапсырма Тақырыптың соңындағы сұрақтарға жауап беру
А тобынан 2 есеп (таңдау бойынша)
VІ. Бағалау
3 782
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Математика 5 сынып Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайтуды меңгерту және жүйелеу. Ондық бөлшектердің жай бөлшектермен, жай бөлшектердің ондық бөлшектермен жазылуын және оқылуын үйрету. Біліктерін логикалық оймен іске асыра білу.
Ондық бөлшектерді қосу және азайту тақырыбына есептер шығару
Ондық бөлшектерді қосу және азайту тақырыбына есептер шығару
Математика пәні мұғалімі Мырзабаева Зере Асқарқызы
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Дарьинск жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің математика пәні мұғалімі Абишев Жумабек Абдраманович
Ондық бөлшектерді қосу, азайту тақырыбына есептер шығару
Ондық бөлшектерді қосу, азайту тақырыбына есептер шығару
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің математика пәні мұғалімі Мусирова Гулнар Хамитовна
Ондық бөлшектерді қосу, азайту тақырыбына есептер шығару
Ондық бөлшектерді қосу, азайту тақырыбына есептер шығару
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Аринова Толқын Қапидоллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×