Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару

07 қаңтар 2017, Сенбі
Категориясы: Математика
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару
5 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу.
Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Оқушыларға құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуді яғни құрама санды жай сандардың көбейтінді түрінде жаза білуді, құрама санды қалай табу реттіліктерін меңгерту;
Дамытушылық: Есептер шығару дағдыларын жетілдіру, натурал сандарға амалдар қолдану ережелерін, пәнге қызығушылығын, тез ойлап, нақты нәтижеге жету қабілеттерін және математикалық сауаттылығын арттыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды топтық жұмысқа баулу, және де шапшаңдылыққа, батыл шешімге келуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жалпылау, бекіту.
Сабақтың әдістері: Деңгейлік тапсырмалар орындау, сұрақ - жауап алу, ойын элементтерін қолдану.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе қағаздар, интерактивті тақта, презентация

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: (1 мин)
а) Сәлемдесу;
ә) Оқушылар тізімін тексеру;
б) Құрал – жабдықтарын қадағалау.
в) Оқушыларды 2 тоқа бөліп отырғызу.
Бүгінгі сабақта бізді сан алуан белестер мен асулар күтуде, олай болса бір - бірімізге сәттілік тілейік!

II. а) «Кім жылдам?». (6 мин) (2 - презентация)
2 тоқа бөлек - бөлек өткенді қайталау сұрақтары:
I топ сұрақтары:
Натурал а санының еселігі дегеніміз не?
7 санының алғашқы бес еселігін ата?
Қандай сандар 2 - ге бөлінеді?
Қандай сандар 10 - ға бөлінеді?
Жай сандар деп қандай сандарды айтады? Мысал келтір!
1 саны жай сан ба, әлде құрама сан ба?
Қосындының берілген санға бөлінгіштігін қалай анықтаймыз
Егер құрама санның жіктелген жай көбейткіштері белгілі болса, құрама сан қалай табылады?

II топ сұрақтары: (3 - презентация)
Натурал а санының бөлгіші дегеніміз не?
36 санының бөлгіштерін ата?
Қандай сандар 5 - ке бөлінеді?
Қандай сандар 3 - ке, 9 - ға бөлінеді?
Құрама сандар деп қандай сандарды айтады? Мысал келтір!
Көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігін қалай анықтаймыз?
Айырма қандай жағдайда берілген санға қалдықсыз бөлінеді?
Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу дегеніміз не?

ә) Үйге берілген есепті тексеру. (3 мин) (4 - презентация)
Оқушылар бір - бірінің дәптерлерімен алмасып, бағалайды.
№670. Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу:

3) 12=2∙2∙3;
18=2∙3∙3;
51=3∙17;
58=2∙29;
78=2∙3∙13;
105=3∙5∙7.

№670. Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу: (5 - презентация)
2) 396=2∙2∙3∙3∙11;
456=2∙2∙2∙3∙19;
504=2∙2∙2∙3∙3∙7;
700=2∙2∙5∙5∙7;
594=2∙3∙3∙3∙11;
1170=2∙3∙3∙5∙13;
2310=2∙3∙5∙7∙11;
3100=2∙2∙5∙5∙31.

№684. Өрнектің мәнін табыңдар: (6 - презентация)
а(а+2) ∙ (а+4) ∙ (а+8)=3(3+2) ∙ (3+4) ∙ (3+8)=3∙5∙7∙11=1155;
в(в - 2) ∙ (в - 4) ∙ (в - 8)=13(13 - 2) ∙ (13 - 6) ∙ (13 - 8)=13∙11∙7∙5=5005.
III. Оқулықпен жұмыс. (15 мин) (7 - презентация)
№ 678

24 = 2, 3;
40 = 2, 5;
56 = 2, 7;
65 = 5, 13;
77 = 7, 11;
95 = 5, 19.

№ 680
27 = 3∙3∙3;
125 = 5∙5∙5.
№ 687
66 = 2∙3∙11;
195 = 3∙5∙13;
255 = 3∙5∙17.
№ 689
35 = 5∙7;
21 = 3∙7;
15 = 3∙5
Ені – 5см, ұзындығы – 7см, биіктігі – 3см болса, онда тік бұрышты параллелепипедтің көлемі
V = 5 ∙ 3 ∙ 7 = 105 см³

IV. «Күн шуағы» ойыны. (8 мин) (8 - презентация)
Оқушылар алдын ала берілген күн шуағы тәріздес кеспе қағаздарында жаңа тақырыпқа байланысты жазылған тапсырмаларды сол қағазға орындайды. Дайын болған күн шуақтарына ауызша жауап беріп, магниттің көмегімен тақтаға жабыстыра береді. Нәтижесінде күн шуағын шашады.
V. Сергіту сәті. (4 мин) (9 - презентация)
Ауызша жауап айту
1. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
2. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан жәнеоған қарама - қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық
3. Үстел үстінде төрт стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: 4
4. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
5. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: мұз кезінде
6. Шаршының қабырғасын үш есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе үлкееді? Жауабы: 9 есе

VI. «Алтын сақа» ойыны. (5 мин) (10 - презентация)
Шарты: Егер х – жұп сан болса, онда: сандардың қайсысы жұп сан, қайсысы тақ сандар? Оқушылар презентацияда көрсетілген тақ сандарды бірінші сандыққа, жұп сандарды екінші сандыққа салып орналастырады.
VII. Бекіту сұратары: (2 мин) (11 - презентация)

Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу деген не?
Егер құрама санның жіктелген жай көбейткішті белгілі болса, құрама сан қалай табылады?
Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеудің қандай тәсілі бар?
VIII. Бағалау:
IХ. Үйге тапсырма: П4. 6; №679, №682 (1 мин) (12 - презентация)

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық селосы,
Қ. Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі
физика - математика пәнінің мұғалімі
Мырзағалиев Дидар Қуанышұлы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 070
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар Жай сандар мен құрама сандарды анықтай білу және оны есеп шығаруда қолдануға үйрету
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару
Натурал сандар туралы түсініктерін, тарихи ой - өрістерін кеңейту; Логикалық ойлау, зейін тұрақтылығы мен есте сақтау қабілеттерін, сараптау біліктіліктерін қалыптастыру; пәнге деген белсенді танымдық қызығушылықты дамыту.
Квадрат үшмүше. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
Квадрат үшмүше. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
Квадрат теңдеулер, көпмүшені көбейткіштерге жіктеу, квадрат үшмүшені көбейткішке жіктеу ұғымын дамыту;
Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік
Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік
Жай және құрама сандар, натурал сандардың бөлінгіштігі, құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу, ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселікті еске түсіріп, тұжырымдайды.
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы № 1 жалпы орта бiлiм беретін мектептің математика пәні мұғалімі: Айтуарова Алмагүл Амангелдіқызы
Жай сандар, құрама сандар
Жай сандар, құрама сандар
Жай сандар, құрама сандар. Оқушыларға жай сандар және құрама сандар тақырыбын тереңірек меңгерту үшін есептер шығарып үйрету. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×