Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту

11 желтоқсан 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
Математика 5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту.
Сабақтың мақсаты: Жай бөлшектерді көбейте білуге үйрету, көбейту ережесін айта білуге жаттықтыру, натурал санды бөлшекке көбейтуге дағдыландыру, жай бөлшектерді көбейтуде көбейту амалының қасиеттерін пайдалана білуге дағдыландыру. Жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі: Жай бөлшектерді көбейтуге үйренеді, көбейту алгоритмін құра біледі. Жай бөлшектерді көбейту амалының қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады, жауапкершілікпен жұмыс істеуге дағдыланады.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, Венн диаграммасы, ой қозғау, дәлелді ізденіс, деңгейлік тапсырмалар, үлестірмелі тапсырмалар.
Дереккөздер: Натурал сандар, жай және құрама сандар, жұп және тақ сандар, натурал сандардың бөлінгіштігі, жай бөлшектер(5 - сынып оқулығы).
Бағалау: 5 балдық жүйемен бағалау(формативті, жиынтық бағалау).

Психологиялық ахуал тудыру
(Ұйымдастыру кезеңі): 2 мин
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, зейіндерін сабаққа бағыттау. Мозайкалар тарату.
«Сәлем, достым» треннингін өткізу.
- Сәлем достым (қол беріп амандасу)
- Сен қалайсың? (иықтарын қағады)
- Қайда болдың? (құлақтарын тартады)
- Мен сені сағындым (қолдарын жүрекке қояды)
- Сен келдің (қолдарын жаяды)
- Жақсы болды (қатты құшақтайды)
Жұпқа бөлу. Бағалау парақшаларын тарату.
Бүгінгі сабақтың тәртібі:
Мұғалімді тыңдаймыз,
Бір - бірімізді сыйлаймыз,
Саспаймыз, асықпай,
Әр сұраққа, қателеспей,
Шуылдамай, қол көтере отырып,
Жауап беруге тырысамыз - деп, бүгінгі сабақты бастаймыз.

Мағынаны ашу (жаңа сабаққа дайындық): 3 мин
Білу. «Миға шабуыл»
Оқушылар мозайкаларда берілген сұрақтарына жауап алу(оқушының мозайкаларында өткен сабаққа байланысты сұрақтар берілген).
1. Үлес дегеніміз не?
2. Жай бөлшек деген не?
3. Жай бөлшектердің негізгі қасиеті?
4. Жай бөлшектерді қысқарту деген не?
5. Қандай бөлшекті аралас санға айналдырамыз? Мысал келтір.
6. Аралас сандарды қалай азайтады?
7. Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру дегеніміз не?

Венн диаграммасын құру. Дұрыс бөлшектер мен бұрыс бөлшектер ұқсастықтары мен ерекшеліктерін шеңберлерге жазу. Ортасына олардың ортақ қасиеттерін жазу.

Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту. жүктеу
3 505
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып Геометрия 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту
Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту
Бөлшектерді көбейту тақырыбын тірек конспектісі бойынша түсіндіруді қолдану. Ережесін жатқа білу, қолдана алу.
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту ережесін есеп шығару барысында қолдану
Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу
Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Серік Рабиға Серікқызы
Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту
Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту
Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы Жапсарбаев атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Сабырқұлова Жарқынай Әбенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×