Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту (5 сынып)

19 желтоқсан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту
Математика 5 - сынып
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар
Жалпы мақсаты: Бөлшекті бөлшекке көбейту, бөлшекті натурал санға көбейту, аралас сандарды көбейту туралы білімдерін тереңдету; білімін есептер шығаруда пайдалана білуге, түсінігін математика тілінде жүйелеп жеткізе білуге баулу. Өз мүмкіндігіне сенетін жеке тұлға ретінде қалыптасуына бағыт беру.
Оқыту нәтижесі: Бөлшекті бөлшекке көбейту, бөлшекті натурал санға көбейту, аралас сандарды көбейте алады, түсінігін математика тілінде жүйелеп жеткізе біледі.
Түйінді идеялар: Әр оқушы өздігінен жұмыс жасауға үйренеді. Өз ойын жүйелі қорытындылай біледі.
Ақпарат көздері: Интерактивті тақта, оқулықпен жұмыс
Сабақта қолданылған модульдер: Топтық оқыту. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу 2. Оқушыларды түгендеу 3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару 4. Оқушыларды 4 топқа бөліп, топ мүшелерін міндеттерімен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы бақылаушылар арқылы тексеріледі және түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Тапсырманы орындау барысында тақырып бойынша қандай ережелерді пайдаланғанын түсіндіреді.
ІІІ. Негізгі тақырыпты ашу жұмыс жүйесі.
Топқа тапсырма беріледі. Әр топ мүшелері өздеріне берілген тапсырма бойынша жаңа тақырыпты топта талдау жасап, тақтада түсіндіреді және басқа 2 топтың қойған сұрақтарына жауап береді.
І топ
Бөлшекті бөлшекке көбейту
ІІ топ
Бөлшекті натурал санға көбейту
ІІІ топ
Аралас сандарды көбейту
ІV топ
Аралас санды натурал санға көбейту
ІV. Тақырыпты практикалық бекіту

Әр топқа оқулық бойынша тапсырмалар беріледі.
І топ: №741 (1, 5, 9), №744(1, 5)
ІІ топ: №741 (2, 6, 10), №744(2, 6)
ІІІ топ: №741 (3, 7, 11), №744(3, 7)
ІV топ: №741 (4, 8, 12), №745(4, 8)

ІV. Бекіту (Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту арқылы)
Топтарға деңгейлі есептер беріледі.
А деңгей.
№752
1 кг кәмпиттің бағасы 350 тг. 12/5 кг кәмпит неше теңге?
В деңгей.
№760
9 кг болат білеуше бар еді. Одан әрқайсысының массасы 5/8 кг 14 бөлшек жасалғанда, неше кг болат артық қалады?
С деңгей.
№769
Вокзалдан саяжайға Әлібек 30 минутта, Бауыр - жан 45 минутта барады. Егер Әлібек вокзалдан шығып, Бауыржан саяжайдан шығып, олар бір - біріне қарсы жүрсе, 3/10 сағатта кездесе ме?
Шығармашылық деңгей
№772
Қауын, қарбыз және асқабақ сатып алынды. Қауынды есептемегенде өзгелерінің массасы 11 кг. Қарбызды есептемегенде өзгелерінің массасы 9 кг. Асқабақты есептемегенде өзгелерінің массасы 12 кг. Бақша өнімдерінің әрқайсысының массасын табыңдар.
Топтық жұмыс мақсаты: топ мүшелерінің бірігіп ақылдасу нәтижесінде белсенділігі төмен оқушылардың қызығушылығын арттырып, ортаға тарту. Оқушылардың шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

V. Сабақты қорытындылау
VІ. Оқушыларды бағалау
(Бағалау критерийлері арқылы)
VІІ. Үйге тапсырма:

Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту (5 сынып). жүктеу
4 707
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып Геометрия 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту
Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту
Бөлшектерді көбейту тақырыбын тірек конспектісі бойынша түсіндіруді қолдану. Ережесін жатқа білу, қолдана алу.
Жай бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолдану
Жай бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолдану
Жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу, азайту, көбейту және бөлуге қайталау есептері туралы тақырыптары бойынша алған білімдерін тиянақтау, жинақтау
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу
Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Серік Рабиға Серікқызы
Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту
Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту
Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы Жапсарбаев атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Сабырқұлова Жарқынай Әбенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×