Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Вектор ұғымы, векторлардың теңдігі және оның қасиеттері

24 желтоқсан 2017, Жексенбі
Категориясы: Математика
9 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
Білу: Вектор ұғымы, векторлардың теңдігі және оның қасиеттерімен танысу.
Түсіну: Векторлардың ұзындығын және теңдігін есептеуді үйрету.
Қолдану: Ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілеттерін арттыру.
Табыс критерийлері:
1. Вектор ұғымы, векторлардың теңдігі және оның қасиеттерімен танысады
2. Векторлардың ұзындығын және теңдігін есептеуді үйренеді
3. Ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілеттеріне ықпалын тигізеді.
Тілдік мақсат: Терминдер: Вектор. Коллинеар векторлар.
Сөздер мен тіркестер: Ұзындық, аудан, көлем, масса
Талқылауға арналған сұрақтар:
Вектор деген не? Оны қалай белгілейді? Векторлық шама мен скалярлық шаманың қандай айырмашылығы бар?
Алдыңғы оқу: Геометриялық фигуралар

Басталуы
Ұйымдастыру кезеңі
Ұйымдастыру. Қиындылар таңдау арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді.
Әр түрлі қиындылардан фигура құрастыруға беріледі (тік төртбұрыш, үшбұрыш, трапеция).

Миға шабуыл
Оқушылар қиындылардан фигура құрастырып қандай фигура шыққанын және анықтамасын түсіндіріп береді.

Ыстық орындық стратегиясы. Жылдам сұрақтар.
Тік төртбұрыш, ромб, квадрат деген не және олардың қандай қасиеттерін білесіңдер?
Үшбұрыштың орта сызығы деген не?
Тік төртбұрыш, үшбұрыш, параллелограмм, трапеция аудандары қандай формулалармен анықталады?

Ортасы
Ой қозғау
Тақырыпты ашып алу
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы не болмақ?

Жаңа сабаққа мақсат қою.
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
Теориялық бөлім:
Бүгінгі сабақтың мақсаты физикалық вектормен қатар геометриялық вектордың бар екендігімен ерекшеленеді.
Яғни бүгін вектор ұғымымен толығырақ таныса отырып білімімізді толықтырамыз.

Біздерге әртүрлі шамалар белгілі. Мысалы, ұзындық, аудан, көлем, масса және т. с. с. шамалар өздерінің сан мәндерімен толық анықталады. Мұндай шамаларды скалярлық шамалар немесе жай ғана скаляр деп атаймыз.
Ал көптеген физикалық шамалар, мысалы, күш, материалдық дененің қозғалысы, жылдамдығы және т. с. с. шамалар тек өзінің сан мәндерімен ғана емес, кеңістіктегі бағыттарымен де сипатталады. Мұндай шамаларды векторлық шамалар немесе жай ғана вектор деп атайды.
Мысалы, қандай да бір денеге белгілі бір күшпен әсер ететін болсақ, онда физика курсында бұл күшті «бағытталған кесіндімен» белгілейді. Мұнда кесіндінің ұзындығы күштің сан мәніне сәйкес келсе, онда стрелка күштің әсерлік бағытын білдіреді. Осы сияқты, геометриялық вектор ұғымын енгізуге болады.

Мектеп: Тихонов МБК
Мұғалімнің есімі: Билялова Г. А.

Вектор ұғымы, векторлардың теңдігі және оның қасиеттері. жүктеу
7 684
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік тақырыптық жоспар, Геометрия 9 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар, Геометрия 9 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар, Геометрия 9 сынып.
Векторлардың скалярлық көбейтіндісі; Векторлар арасындағы бұрышты табу
Векторлардың скалярлық көбейтіндісі; Векторлар арасындағы бұрышты табу
Екі вектордың арасындағы бұрышты табу үшін координаталары арқылы скалярлық көбейтіндісін қолданып векторлардың перпендикулярлығын немесе параллелдігін дәлелдейді;
Векторлардың скалярлық көбейтіндісі. 2 сағат
Векторлардың скалярлық көбейтіндісі. 2 сағат
Векторлық скалярлық көбейтіндісінің анықтамасы, а ̅^2=⌈а ̅ ⌉^2 теңдігін, векторлардың скалярлық көбейтіндісінің геометриялық мағынасын, векторлардың перпендикулярлық белгісін білу;
Векторларды қосу және оның қасиеттері
Векторларды қосу және оның қасиеттері
Оқушылар векторларды қосудың үшбұрыш және параллелограмм ережелерімен танысып, векторларды қосудың қасиеттерін меңгереді.
Векторлардың скаляр көбейтіндісі
Векторлардың скаляр көбейтіндісі
Векторлық скалярлық көбейтіндісінің анықтамасы, теңдігін, векторлардың скалярлық көбейтіндісінің геометриялық мағынасын, векторлардың перпендикулярлық белгісін білу; координаторлары берілген векторлардың скалярлық көбейтіндісін, векторлар арасындағы
Векторлардың скаляр көбейтіндісі
Векторлардың скаляр көбейтіндісі
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы КММ №16 орта мектептің математика пәні мұғалімі Акимбаева Р. М.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×