Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Натурал санның бөлінгіштігі

24 қыркүйек 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
Математика 5 сынып
Сабақ тақырыбы: Натурал санның бөлінгіштігі
Сабақ мақсаттары:
1. Оқушылардың натурал санның бөлінгіштігі тарауы бойынша алған білімдерін жалпылау және жүйелеу; осы тарауға енетін тақырыптарды қалай меңгергендерін анықтау; жай және құрама сандар, ЕҮОБ, ЕКОЕ ұғымдарын қаншалықты меңгергендерін тексеру;
2. Есептеу дағдыларын дамыту; Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Математикалық сөйлеу қабілетін дамыту.
3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу; Ұжымда жұмыс істеуге үйрету; Достарын тыңдап, өз ойын айта білуге үйрету;
Сабақ типі: қорытынды сабақ
Сабақ түрі: ойын сабақ
Сабақ көрнекілігі: компьютер, слайдтар, карточкалар

Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі. Салеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Натурал сандардың бөлінгіштігі» тақырыбын қорытындылау. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қойыңдар. Сабақты бастамас бұрын топтарға бөлініп алайық, сабақтың басында сендерге фигуралар бергенмін сол бойынша бөлінеміз. Үшбұрыштар 1 топ, дөңгелектер 2 топ, төртбұрыштар үшінші топ.
«Балалар, бүгін сендер жай ғана оқушы емессіңдер, «Ашық акционерлік қоғамның мүшелерісіңдер (ААҚ)».
Әрбір АҚ - ның атауы бар. Сендердің АҚ қалай аталатынын білу үшін менің сұрақтарыма жауап беріп, сол жауапқа сәйкес әріпті таблицадан табасыңдар және сол әріптерден сөз құрайсыңдар.
1. Мына сандардың қайсысы 3 - ке бөлініп, бірақ 2 – ге бөлінбейді?
(720, 255, 638, 335)- Жауабы: 255
2. Осы сандардың қайсысы 9 - ға бөлінеді?- жауабы: 720
3. Осы сандардың қайсысы 2 – ге бөлінеді, бірақ 9 - ға бөлінбейді? жауабы: 638
4. Бір санның барлық бөлгіштері берілген. Бұл қандай сан?
(1, 2, 4, 5, 10, 20)- Жауабы: 20
5. Санды жай көбейткіштерге жіктеген. Сол санды ата.
( )- жауабы: 90

6. Сұрақ: Мұны қалай тексеруге болады?
7. Ең кіші жай санды ең кіші құрама санға көбейтті. Шыққан көбейтінді неге тең? – Жауабы: 2*4=8
Тақтада таблица көрсетіледі:

Нәтижесінде «ЕРТЕГІ» деген сөз шығады.
Мұғалім: Акционерлердің ақшасына ұйымдастырылған кафенің аты осылай болады.
II Этап: енді кім акционер болатынан анықтап алайық. Бүгін біздің сынып ААҚ болғандықтан, біздің мекеменің акциясын сатып алған кез келген адам оның құрамына кіре алады. Ақысы ретінде толтырылған анкеталарды аламыз.
Тапсырма: Анкета - есепті шығару.
3 топқа есептер беріледі. 1 - топ тақтада, 2 - топ интерактивті тақтада, 3 - топ ватманда есептеп қорғайды.
Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеп, ЕҮОБ, ЕКОЕ тап.
Натурал санның бөлінгіштігі. жүктеу
Натурал санның бөлінгіштігі. слайдты жүктеу
1 626
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Натурал санның бөлінгіштігі. Натурал санның еселігі. Жай және құрама сандар. (қайталауға арналған есептер шығару)
Натурал санның бөлінгіштігі. Натурал санның еселігі. Жай және құрама сандар. (қайталауға арналған есептер шығару)
Натурал санның бөлінгіштігі мен еселігінің ережелерін пайдаланып, есептер шығарған кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру.
Натурал санның бөлінгіштігі
Натурал санның бөлінгіштігі
Натурал санның бөлінгіштігі тарауы бойынша алған білімдерін жалпылау және жүйелеу; осы тарауға енетін тақырыптарды қалай меңгергендерін анықтау; жай және құрама сандар, ЕҮОБ, ЕКОЕ ұғымдарын қаншалықты меңгергендерін тексеру;
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Білім берудің жаңа тәсілдері мен АКТ - ны пайдаланып оқытуды қолдана отырып өткен тақырыпты қайталау, түсіну, кез - келген проблеманы шешу қабілеттерін дамыту, жас ерекшеліктеріне қарай есеп шығару дағдыларын зерделеу; тапсырмалар арқылы ойын қорыта
Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік
Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік
Жай және құрама сандар, натурал сандардың бөлінгіштігі, құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу, ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселікті еске түсіріп, тұжырымдайды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×