Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектепке математика пәнінен pisa тапсырмалары

20 қыркүйек 2023, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Мектепке математика пәнінен pisa тапсырмалары
Интернетпен байланыс
Марк (Австралиядағы Сиднейден) және Ганс (Германияның Берленинен) бір - бірімен Интернет арқылы хабарласып тұрады. Олар интернет арқылы дұрыстап сөйлесу үшін екеуі бірдей уақытта шығуы тиіс. Сөйлесуге тиімді уақытты анықтау үшін, жер шарының әр түрлі бөліктеріндегі уақыттар көрсетілген кестені Марк көріп, Марк мынандай хабарлама тапты:
Гринвич 24. 00 (түн ортасы) Берлин 1. 00 Сидней 10. 00
1 - сұрақ
Сиднейде 19. 00 болғанда Берлинде қандай уақыт болады?
Жауабы: Азанғы 10 немесе 10. 00
2 - сұрақ
Марк пен Ганс жергілікті 9. 00 ден 16. 30 аралығында мектепте болғандықтан бір - бірімен хабарласа алмайды. Сонымен бірге олар 23. 00 мен 7. 00 аралығында хабаласа алмайды себебі бұл кезде ұйқыда болады. Олар асықпай сөйлесу үшін қандай уақыт тиімді болады?
Кестеде әрбір қаланың жергілікті уақытын көрсетіңдер.
Қалауақыт
Сидней
Берлин
Таңдау
3 - сұрақ
Пицерияда барлық кезде міндетті түрде пицаны екі қоспамен алуға болады: ірімшікпен және помидормен. Бірақ өз рецептіңізбен пицаға қосымша қоспалармен тапсырыс беруге болады.
Сіз әр түрлі төрт қосымша қоспалардан таңдауға болады: оливок, ет, саңырауқұлақ және шұжық.
Вера екі қосымша қоспамен пицаға тапсырыс бергісі келеді.
Вера ұсынылған қосымша қоспалардан құралған пицаның неше нұсқасын таңдай алады?
Жауабы: нұсқалар саны
Бағбаншы
Жердегі клумбаның шекарасын белгілегісі келетін бағбанда 32 м сым бар.
4 - сұрақ
Клумбаның шекарасын белгілеуге 32 м сымның жететіндігін немесе жетпейтіндігін жайында Клумбаның әрбір формасының жанындағы «Иә» немесе «Жоқ» сөздерінің бірін дөңгелектеп сыз
Клумбаның формасы32 м сым клумбаның формасының шекарасын белгілеуге жете ма?
А фомасыИә / жоқ
В фомасыИә / жоқ
С фомасыИә / жоқ
Д фомасыИә / жоқ

АДАМ ЖҮРІСІ
Мына суретте жүріп келе жатқан адамның ізі көрсетілген. Қадамының ұзындығы P - бір аяғының өкшесінкн екінші аяғының өкшесіне дейінгі ара қашықтық. Адамның жүрісі үшін n және P арасындағы байланыс шамамен мына формула арқылы өрнектеледі  =140
Мұндағы P - метермен қадамның ұзындығы
n – бір минуттағы қадамның саны
5 - сұрақ: Адам жүрісі
Егер Серік минутына 70 қадам жасаса, берілген формуланы пайдаланып Серіктің қадамының ұзындығын анықта.
Шешімін жаз.
6 - сұрақ: Адам жүрісі
Болат қадамының ұзындығы 0, 80 м екендігін біледі. Жоғарыда берілген формуланы пайдаланып, Болаттың жылдамдығы минутына неше метр (м/мин) екендігін, одан кейін сағатына неше километр (км/сағ) екендігін табыңыздар.
Ақша айырбас курсы
Сингапурлік студент Мэй - Линг Оңтүстік Африкаға 3 айлық тәжрибе алмасуға жиналды.
Оған біршама сингапурлық долларды (SGD) оңтүстік - африкалық рэндке (ZAR) айырбастау қажет болды.
7 - сұрақ: Ақша айырбас курсы
Мэй - Линг сингапурлық доллармен (SGD) оңтүстік - африкалық рэнд (ZAR) арасындағы айырбас курсы 1 SGD = 4, 2 ZAR екендігін білді.
Мэй - Линг осы курс бойынша 3000 сингапурлық долларын оңтүстік - африкалық рэндке айырбастағысы келді.
Мэй - Линг қанша оңтүстік - африкалық рэнд (ZAR) алды?
8 - сұрақ: Ақша айырбас курсы
3 айдан кейін Сингапурге қайтып келгеннен кейін Мэй - Лингте 3900 ZAR қалды.
Айырбас курсы былай өзгергендігін, яғни 1 SGD = 4, 0 ZAR. екендігін біле отырып, ол ақшасын қайтадан сингапур долларына айырбастады.
Мэй - Линг қанша сингапурлық доллар алды?
9 - сұрақ: Ақша айырбас курсы
Өткен 3 айдың ішінде айырбас курсы 1 SGD үшін 4, 2 ZAR орынына 4, 0 ZAR болып өзгерді, Айырбас курсы 4, 2 ZAR орынына 4, 0 ZAR болғанда, ол қайтадан оңтүстік - африкалық рэндті сингапурлық долларға айырбастауы Мэй - Линг үшін тиімді болды ма?
Жауабыңды түсіндіріп жаз.
10 - сұрақ: математика пәнінен тест
Баймырзаға мектепте, география пәнінің мұғалімі оқушыларға тест тапсырмаларын беріп әрбір тестті орындағаны үшін 100 балмен бағаланатынын айтты. Алғашқы төрт тесттегі Баймырзаның орташа бағасы 60 балл болды. Бесінші тесттен ол 80 балл алды. География пәнінен барлық бес тест үшін Баймырзаның орташа бағасы қанша болды?
Кітап сөресі
Бір комплект кітап сөресін жасау үшін ағаш ұстасына мынандай материалдар қажет:
4 ұзын ағаш панелі
6 қысқа ағаш панелі
12 қысқа скоба
2 үлкен скоб және 14 шруб
11 - сұрақ: Кітап сөресі
Ағаш шеберінде 26 ұзын ағаш панелі, 33 қысқа панел, 200 қысқа скоб, 20 үлкен скоб және 510 шруптар бар.
Ағаш шебері осы материалдардан көп дегенде неше ағаш сөресін жасай алады?
Жауабы

Тапсырмалардың толық нұсқасын жүктеу​​​
3 562
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
2 - сыныпқа арналған математика пәнінен бақылау жұмыстары
2 - сыныпқа арналған математика пәнінен бақылау жұмыстары
2 - сыныпқа арналған математика пәнінен бақылау жұмыстары 7 онд.+3 бірл.* 7 онд. 5 онд.+6 бірл. * 6 бірл. 9 онд.+6 бірл. * 9 онд.+8 бірл. 4 онд.+3 бірл. * 5 онд.+3 бірл 6 онд.+4 бірл. * 5 онд.+ 9 бірл.
Компьютерлік желінің негізгі түрлері
Компьютерлік желінің негізгі түрлері
Компьютерлік желінің түрлері: жергілікті желі, Интернет желісі туралы түсінік беру. Байланыс хаттамалары мен желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялармен таныстыру;
Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Интернеттен ақпарат іздеу
Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Интернеттен ақпарат іздеу
Қызылорда облысы, Арал ауданы №64 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Райханқызы Жанар
PISA зерттеулеріне сәйкес теңдеу құруға берілген есептерді шығару
PISA зерттеулеріне сәйкес теңдеу құруға берілген есептерді шығару
Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын қалыптастыра отырып, PISA тапсырмаларын өз бетімен шығара алатын қабілеттерін қалыптастыру
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Ерғалиев ауылы, Ғибатолла Мәсәлімов орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Рахметова Батима
Сарамандық жұмыс. №2 Жергілікті және белдеулік уақытты анықта
Сарамандық жұмыс. №2 Жергілікті және белдеулік уақытты анықта
Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің география пәні мұғалімі Абильдаева Жанаргул
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×