Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туынды есептеу тақырыбын пысықтау

20 ақпан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Туынды есептеу тақырыбын пысықтау

Сабақтың тақырыбы: Туынды есептеу тақырыбын пысықтау
Сабақтың мақсаты: Есептер шығару арқылы тақырыпты пысықтау
Білімділік: Функцияны құра білу немесе күрделі функцияны элементар функцияларға жіктей білу дағдыларын меңгерту;
Функцияның туындысын табу ережесімен таныстырып, оны дұрыс қолдану машықтарын қалыптастыру;
Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау, жылдам есептеу қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, мақсатқа жете білуге баулу.
Сабақтың типі: Білімді қалыптастыру сабағы;
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ - жауап, деңгейлеп оқыту;
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, тест, деңгейлік тапсырма;

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
А) Амандасу;
Ә) Оқушыларды түгелдеу;
Б) оқушылар назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау:
а) Оқушылардан формуланы сұрау

ә) Сұрақ - жауап:
1. Қозғалыстағы дененің жүрген жолынан уақыт бойынша алынған туындысы?
Жауабы: а) жылдамдық; б) үдеу; в) қашықтық.
2. Жылдамдықтың уақыт бойынша алынған туындысы?
Жауабы: а) күш б) қуат в) үдеу
3. Туындының геометриялық мағынасы?
Жауабы: а) функцияның графигіне жүргізілген жанаманың бұрыштық
коэффициенті;
б) функцияның графигіне жүргізілген жанама
в) Туынды
4. Туындының физикалық мағынасы?
Жауабы: а) салмақ б) лездік жылдамдық; в) тығыздық
5. Функцияның туындысының табу амалы?
А) интегралдау
Б) өсімше
В) дифференциалдау
Тапсырмалар:
1. ƒ’ (x) туындысын табу
2. ƒ’(x) =0 теңдеуін шешіп, сындық нүктелерін анықтау.
3. осы кесіндіге тиісті сандық нүктелерін анықтау.
4. кесіндінің шеткі нүктелеріндегі және осы аралыққа тиісті сандық нүктелеріндегі функцияның мәнін есептеу.
5. функцияның табылған мәндерін салыстыра отырып, ең үлкен, ең кіші мәндерін анықтаумыз.
М - 1 ƒ (x) = 2х3 – х2 [- 1; 1] кесіндісіндегі ең үлкен, ең кіші мәндері?
1. ƒ’(x) =6х2 - 2х
2. ƒ’(x) =0 6х2 - 2х=0 2х (3х – 1) =0
x 1=0 x2 = 1/3
1. 0 є [- 1; 1]; 1/3 є [- 1; 1]
2. х=0; 1/3; - 1; 1.
ƒ(0) = 0
f(- 1)=2(- 1) 3 -(- 1) 2=- 3
ƒ(- 1) = - 3; ƒ(0) = 0 f(1/3)= 1/27

ƒ(1) = 1
Ең кіші мәні ƒ(- 1) = - 3;
Ең үлкен мәні ƒ(1) = 1
Жауабы: 1; - 3
М - 2; ƒ(х) = х3+3/х х є [1/2; 2]
1. ƒ’(x) =3х2 – 3/х2
2. 3х2 – 3/х2=0

X2 - 1=0 x1 = - 1 x2 = 1
1. X1=- 1 сондықтан х= 1; ½; 2 нүктесіндегі мәндерін анықтаймыз.
2. ƒ(1) = 4 ƒ(1/2) = 6
3. ең кіші мәні ƒ(1) = 4
ең үлкен мәні f(2)=9. 5
М. 3. қабырғасы а болатын квадрат қаңылтырдан табаны квадрат және төбесі ашық болып келген ең үлкен көлемді жәшік дайындау үшін кесілген квадраттың қабырғасының ұзындығы қандай болу керек.
Қиылып алынған квадраттың қабырғасының ұзындығы – х
Жәшік табанының қабырғасы – (а - 2х)
V(x)= (a - 2x) 2 x = a2x – 4ax2+4x3 x є [0; a/2]
V` (x)= (a2x – 4ax2+4x2)` = a2 - 8ax+12x2
V` (x)=0 12x2 - 8ax +12x2 =0 x1= a/6; x2 = a/2
a/6 є[0; a/2] a/2 є[0; a/2]
x= 0; x= a/6; x= a/2 V (x)-?
V (0)=0 V(a/6) = V (a/2)=0
Жауабы. а/6
Бекіту есептері: №300, 301 және сынып 3 топқа бөлініп тапсырмалар орындайды.
Үйге тапсырма: § 22 № 302 - 306
7 643
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Дифференциалдауға есептер шығару.
Дифференциалдауға есептер шығару.
Оқушылардың туынды, туындыны есептеу ережелері, күрделі және тригонометриялық функциялардың туындысы жөнінде алған білімдерін тереңдету.
Туындыны есептеу ережелері
Туындыны есептеу ережелері
Туындыларды есептеу ережелері, күрделі, тригонометриялық функциялардың туындысын, туындының физикалық, геометриялық мағынасы жөнінде алған білімдерін тереңдету.
Туынды тарауына қорытынды
Туынды тарауына қорытынды
Атырау қаласы, Атырау селосы Ф. Оңғарсынова атындағы орта мектептің Математика пәнінің мұғалімі Утеулиева Алма Нәсіпқалиқызы
Туындыны табу ережелері тақырыбына есептер шығару
Туындыны табу ережелері тақырыбына есептер шығару
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №5 орта мектептің математика пәні мұғалімі: Аманғосқызы Гүлмира
Күрделі функцияның туындысы
Күрделі функцияның туындысы
БҚО, Орал қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №10 ЖББОМ математика пәнінің мұғалімі Диярова А. С
Күрделі функцияның туындысы
Күрделі функцияның туындысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті №249 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі Сансызбай Айгүл Мұхтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×